Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы-баршаның ісі
Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы-баршаның ісі
Қазіргі таңда экологиялық ортаны қорғау үндеуі үнемі дәріптелгенімен, адамдардың қоршаған ортаны қорғау санасы әлі толық қалыптаспады. Азаматтарымыз табиғатқа құрмет етуді, аялауды енді ғана біртіндеп үйреніп келеді.Біз табиғатты қорғап, оны өз заңдылығына сәйкес үйлесімді игіліктену ниетінде болмай, қайта оны бағындырып, өзгертіп өз қажетімізге сай пайдалануға дағдыланған дәстүрлі тежемсіз санадан әлі толық арыла алмай келеміз. Бізде табиғатты қорғау негізінде айтылатын бос сөз бен ұран көп, бірақ шынайы ниет пен тындырған іс аз. Егерде үнемі қадағалап, тектеп-тежеуді күшейтпесе, үкіметпен халықтың көзін көлегейлеп кен ашып, құрылыс салатын, жарақсыз қалдықтарды үйлесімді бір жәйлі етпей, экологиялық ортаны қасақана ластайтын жағдайлардан — әлі де ауыр өмір сүруде.
Әлемдік деңгейдегі экологиялық проблемалардың бірі — тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар. Соның ішінде қайта пайдалануға болатын тұрмыстық қалдықтардың іске аспай шашылып, қоршаған ортаны ластап жатқаны, түсініксіз жайт. Бұған ең қарапайым мысал: шыны ыдыстар. Босаған шыны ыдыстары қазіргі таңда, өз дәрежесінде ешқандай пайдаға аспайды. Қазір энергетикалық сусындар, сыра, арақ-шарап өнімдерінің бос ыдыстары ешқандай пайдаланусыз жатыр. Оған ешқандай дәлелдің де керегі жоқ, демалуға тауға немесе жасыл желекке шықсаң айналада сынған, болмаса шашылған шыны ыдыстар. Өзенге шомылуға барсаң, онда да сондай жағдай: жағалауда, тіпті су ішінде де толған шынылар. Тіпті алыс жайлауға барып шөп жинасаң да, осы көрініс.Сынған шыны адам өміріне, тіпті жан-жануарлар өміріне қауіп тудыратыны да жасырын емес. Осы мақсатта менің ұсынысым:
— Осы өнімді шығарушы кәсіпорындар, босаған шыны ыдыстарын қайта қабылдауы тиіс. Босаған ыдыстарды өнімнің жалпы құнынының 10 пайыздық мөлшерінде қайта қабылдауды жүзеге асырса, ол қоршаған ортаны сақтауға және экономикалық тұрғыдан пайдаланушыға да тиімді болар еді. (Мысалы: «Дизи» энергетикалық сусынның жалпы құны 130 теңге болса, оның босаған ыдысы 13 теңгеден.) Сонда сынған шыны ыдысы азаяр еді. Ал шыны ыдыстары 1000 жылда ғана табиғи ыдырауға ұшырып, шіріндіге айналатыны белгілі.
Бір шыны ыдысының салмағы 300 грамнан кем емес. Ал орташа табысы бар кафелердің өзі күніне 50 ден астам босаған шыны шөлмектерін қоқысқа тастайды екен. Бұл дегеніміз 1 айда жарты тонна, ал бір жылда 6 тонна шыны ыдысы. Яғни, бір кафенің өзі осыншама ыдысты қоқысқа шығарса, еліміздегі қаншама кафе, мейрамхана, тойханалардың қоқысқа тастаған бос шөлмектерін есептеп шығудың өзі қорқынышты.
Тұрмыстық қалдықтар әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда — 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады.
Дәл қәзіргі таңда осы қоқыстарды өңдеу біздің елімізде іске аспай жатқандықтан немесе қоқыстарды өңдеу қондырғылары орнатылып өз дәрежесінде жұмыс істегенше, әрбір облыс, аудандарда тұрмыс қалдықтарын жинайтын арнайы орындар ашып, онда арнайы адамдар жұмыс істеуі керек. Тіпті ол қалдықтар 30-40 жыл тұрса да сақтау керек. Қазіргі жаһандану заманында, күніне бір жаңалық ойлап шығарып жатқанда, мен бұл қалдықтарды осыншама жыл тұрады деп ойламаймын. Ертеңгі күні сол жаңалықты ойлап тапқанда, тұрмыстық қалдықтарды сонда қай қоқыстың арасынан іздейміз.
Шыны ыдыстар өнімін өндіретін кәсіпорындарда, қайта ыдыстарын қабылдайтын кәсіпорындар жоқ емес. Олардың бірі «Шымкент сыра зауыты». Бұл кәсіпорынның шығарған өнімдері, қоршаған ортада шашылып жатқан қоқыстардан кем байқауға болады. Яғни, ыдыстарды қайта қабылдау
тазалықты сақтауға бірден бір себеп деуге болады. Ал кейбір кәсіпорындар ыдыстарды қайта қабылдаудың орнына, қайтадан жаңа ыдыстарды шығарғанды дұрыс көреді. Шығарған өнімі қоршаған ортаны бір бүлдіріп жатса, екінші жағынан табиғатты бүлдіріп, шикізаттарды алу үшін қаншама жерді қазып жаралайды.
Шыны ыдыстарын сындыратын көбінесе балалар және зардабын шегетіндер де өздері. Осыған бір мысал келтірейін. Біздің аулада футболды жақсы көретін бала тұрады. Сол бала доп ойнауға барғанда шалынып, тура сынған бөтелке сынығына құлайды. Баланы білегінің тамыры кесіліп, қансыраған күйде ауруханаға жеткізіліп, қолын тіктіртеді. Қазір сол баланың саусақтары толық бүгілмейді, тіпті күн суық аяз күндері саусақтары икемге де келмей қалады. Ал бөтелкені сындырған ауланың балалары. Егерде босаған шыны ыдыстарын, өнімнің жалпы құнынының 10 пайыздық мөлшерінде қайта қабылдау жүзеге асырса, онда оны оны балалар сындырмас еді, қайта өткізіп өздеріне керек жарақтарын алар еді.
Жалпы, осы өнім өндіруші кәсіпорындардың басшылары осы мәселені ескеріп, тиісті нәтиже шығарса, қоршаған орта тазалығына игі әсер етіп қоймай, ел экономикасына айтулы үлес қосар еді.
Бұл күндері уақыт озған сайын адам мен табиғаттың қарым-қатынасы барған сайын күрделеніп, адам баласының қоршаған ортаға жауапкер-шіліксіз қарауы, жаратылыстық байлықты ашкөздене пайдалануы қыруар экологиялық мәселенің туындауына мұрындық болуда. Адам баласы мейлі қай кезде болсын, табиғаттан тысқары өмір сүре алмайтынын, табиғаттың заңдылығына сәйкесіп, оны дұрыс пайдаланбай тежемсіз ойрандаса әр кез жаратылыстың өзінен өш алатындығын ертерек түсінуі қажет. Жер жүзіндегі түрлі жаратылыстық апаттар күллі адам баласына «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», табиғатты көз қарашығындай аялап-қорғауының қажеттілігін ұғындыруда. Сондықтан бүгінгі адамдардың ой дүниесінде қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын саналы түрде үйлесімді теңшеп пайдаланатын экологиялық өркениет ұғымы қалыптасуы қажет.
Сондықтан біз мемлекетке, дүниеге, келешек ұрпаққа өскелең жауапкерлік рухта болып, байлығы үнемделетін, ортасы қорғалатын қоғам құруды дәріптеп, экономиканың, қоғамның жаппай сәикесті, әрі жақсы, әрі тез дамуын ілгерілету жолында шынайы құлшыныс жасауымыз қажет.
Ұлттық дәстүрімізде табиғатты аялап, оны көз қарашығындай қорғау, жастарды жаратылыстың заңдылығына сәйкесуге, табиғи байлықты үйлесімді пайдалануға дағдыландыру ــ ежелден жазылмаған қатаң қағидаға айналған. Айталық, халқымыздың сан ғасырлық сараптаудан өтіп бүгінге жеткен: «Су ішкен құдығыңа түкірме, бұлақтың көзін бітеме, су бойына дәретке отырма, малды теппе, басқа ұрма; құмырысқаның илеуін, құстың ұясын бұзба; көк шөпті жұлма, жалғыз ағашты кеспе, аңды атпа, жан иесін жәбірлеме, отпен ойнама, жолға күл төкпе, түнде күл-қоқыс шығарма т.б» толып жатқан тиым тағылымдарының өзі өз ұлтымызға ғана тән ұлттық ерекшелігімізді, өзге ұлтта жоқ асыл дәстүрімізді, өскелең экологиялық санамызды айғақтайтыны айдан анық. Біздің жоғарыдағыдай тыйым сөздеріміздің арғы төркінінде адамдарды қоршаған ортаға, табиғатқа, тіршілікке жанашырлықпен қарауға баулитын өскелең адамдық қасиет, терең тағылымды тәрбиелік мән қамтылып жатыр.
«Жаратылысты, экологиялық ортаны қорғайық» деген ғаламдық ұлы ұранға сәйкесетін осыдан артық ізгі дәстүр, асыл қасиет, экологиялық сана болмаса керек!