Зиятында ауытқушылығы бар балаларға диагностика жасау.

Зиятында ауытқушылығы бар балаларға диагностика жасау.

 

Зиятында ауытқушылығы бар балаларға сипаттама

 

       Ақыл-ой кемтарлығы деген – кең мағынадағы ұғым, ол түрлі науқастар мен жағдайларды біріктіреді. Арнайы педагогика нақты психикалық дамуы тежелген және зиятында ауытқуы бар балаларға арнайы білім беру мәселесін қарастырады.

     «Психикалық дамуы тежелген балалар» деген терминді Т. Е. Сухарева өз зерттеуінің нәтижесінде ұсынған. Психикалық дамуы тежелу баланың жатыріштегі және ерте жастағы соматикалық аурулардың және тағы басқа патогенді фактордың әсерінен пайда болды. Психикалық дамуы тежелген балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеулер үлкен жетістіктерге  мол нәтижелерге қол жеткізген

Қ.С. Лебединская психикалық дамуы тежелген  балаларды этимологиялық принциптер негізінде 4 топқа бөлген:

1 топ – конституционалдық тежелу

2 топ – соматогендік тежелу

3 топ – психогендік тежелу

4 топ – церебралды-органикалық тежелу.

психикалық дамуы тежелген  балалардың барлық түрі бір-бірінен құрылуынан және инфантилизмнің құрылысы мен нейродинамикалық бұзылыстарымен сипатталады.

     Психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы ерекшеліктері:

  1. Психикалық дамуы тежелген балалар арнайы оқыту жағдайларын қажет етеді;

2.Қалыпты дамыған балаларға қарағанда психикалық дамуы тежелген балалардың жұмыс қабілетінің көлемі төмен;

3.Ауызша сөйлеуіндегі кемістіктер:

    а) ызың және ысқырық дыбыстардың бұзылуы;

    ә) фонематикалық естудің және фонематикалық қабылдаудың жетіспеушілігі;

    б) анализаторлардың жұмысының жетіспеушілігі, кемшілігі;

    в) сөздік қорының шектелуі;

    г) байланыстыра-логикалық сөйлеудің бұзылуы.

  1. Жазбаша сөйлеуінде психикалық дамуы тежелген балалар ерекше қателер жібереді. Себептерін ерекше топқа бөлуге болады:

    а) Фонематикалық естудің жетіспеушілігі;

    ә) Дыбысты талдаудың дамымауы;

    б) Лексикалық- грамматикалық сөйлеудің толық дамымауы.

          Ерте жастағы ауытқуы бар балалар отбасында немесе денсаулық сақтау аумағындағы бөбекжайларда тәрбиеленеді. Ал түзетушілік көмек ерте жастан көмек көрсету кабинеттерінде, оңалту орталықтарында және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде қамтамасыз етіледі.Жанұясындағы тәрбиеленетін балалармен түзету жұмыстары ата-анасының белсенді қатысуын талап етеді.

          «Психикалық дамуы тежелу» ұғымы баланың психикалық дамуындағы артта қалушылықтың психологиялық-педагогикалық сипаты болып табылады. Мұны көптеген зерттеушілер ми қызметінің зақымдануы салдарынан және туа біткен кемшіліктерден деген тоқтамға келді.

           Осы ақау-кемістік салдарынан жүйке жүйесінің жеткіліксіз дамуы байқалады. Сөйтіп, бүкіл функциялары тежеліп дамиды. Кейбір психикалық қызметтердің баяу дамығанымен, оның пісіп жетілетін жақтары болады. Осындай топтағы балалар үшін әр түрлі психикалық жақтарының жеткіліксіз бірыңғай дамымай тепе-тең дамымаған сипатқа тән.

            Психикалық дамуы тежелген балаларға тән белсенділік – ынта қызметінің бұзылуы. Ұмытшақтық, оның ішінде тапсырманы ұмытып кету баланың психикалық жағынан түскен салмақты білдіреді. Бұдан басқа көптеген балалар үшін назар мен зейіннің аз болуы қабылдау үрдісіне зиянын тигізеді.

         

 

 

  Осындай кемшіліктер баланың ұғымының қалыптасуын тежейді. Психикалық дамуы тежелген балалардың ақауындағы ерекшеліктер нақты заттардың белгісіне деген ұғымдардың, зейіндерінің жеткіліксіздігі. Мұндай жағдайда соған сәйкес келетін түзету жұмысы болмаған жағдайда ойлау операциясының жеткіліксіздігіне әкеліп соқтырады.

            Л. И. Переслени деректері бойынша сенсорлық қабылдау жылдамдығы зейін деңгейіне байланысты. Зейіннің төмендеуі қабылдау жылдамдығын тежейді.

            Мектеп жасына дейінгілердің зейіні кейбір мақсаттың әсерінен туындауы мүмкін. Олар күрделі емес болып табылады. Күрделі зейінді дамыту белсенді тілді меңгеру мен қабылдауды ретке келтіруді қалыптастыруға арқау болады. Сондықтан мектеп жасына дейінгілердің өзін-өзі ретке келтіру қабілетін жетілдіріп, танымдық қызмет белсенділігінде міндетті түрде:

1) ойлау, қабылдау, еске сақтау, танымдық қабілеттерін түгелдей дерлік дамыту;

2) санасын ретке келтіру қабілетіне жаттықтыру(бір заттан екінші затқа көшуге машықтандыру).

            Біздің елімізде және шетелде өткізілген бірқатар арнайы зерттеулер бірқалыпты дамымаған балаларға қарағанда психикалық дамуы тежелген балалардың көру сезімділігінің бұзылуы едәуір жоғары екенін көрсетті. Бұл көру, қозғалыс, есту қабілетіне тікелей қатысты. Сондықтан психикалық дамуы тежелген балалардың қабылдау деңгейінің төмен екеніне ешқандай күмән жоқ. Бұл балалардың қоршаған білімінің жеткіліксіздігін, шектеулігін білдіреді.

           Балалардың қабылдауындағы кемшіліктердің бірі – сезім аппаратына түсетін күштің болуы. Егер балалардың зейіні мен қабылдау қабілеттерін дамыту бойынша түзету жұмысын арнайы ұйымдастырылған жеке дара сабақтарын өткізу ұсынылса, жаттығулар мен ойын бағдарламаларын пайдаланып, психикалық дамуы тежелген оқушылардың сабақтың бас кезінде жоғары даму деңгейі қалыптасып, мектептегі бағдарламаны табысты меңгеруге септігін тигізеді. Зерттеулерді талдағанда, қолданған ойын мен жаттығулар күрделі зейіні мен зейін деңгейі едәуір артқанын көрсетті.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

           

Зиятында ауытқушылығы бар балаларға психологиялық зерттеу.

           Психологиялық зерттеу процесінде баланың нашар жағымен қатар интеллектісіне де үлкен көңіл бөлу керек. Психологиялық зерттеушілердің педагогикалық құжаттары міндетті түрде болуы керек.

— балаға мінездеме;

— жұмыс дәптері;

— суреттер.

    Психологиялық зерттеу барысында баланың мінезінің ерекшеліктерінің және оның жұмысқа деген қабілетін есепке алу қажет. Ең алдымен, баламен қарым-қатынас жасау үшін онымен әңгімелесу қажет.

 

Баланы бақылау және әңгімелеу әдісі

          Психологиялық зерттеу әңгімелесуден басталады. Әңгімелеу баламен эмоциональды қатынас жасауға, оның берілген жұмысқа деген дұрыс көзқарасын тудыруға бағытталған. Өзіне-өзі сенімсіз, әлсіз балаларды мақтап, ынталандыру керек. Әңгіме мазмұны баланың қоршаған ортасы туралы қызығушылықтарын, хоббиын анықтауға қажет. Әңгіме тыныш жағдайда өтіп, қарапайым сұрақтардан басталған жөн.

     Балаға мынадай сұрақтар ұсынуға болады:

  1. Оның жұмысы мен жанұясына қатысты сұрақтар:

-Атың кім?  Неше жастасың?  Ата-анаңның аты кім?  Жанұяда қанша адамсыңдар?

  1. Баланың уақыт пен кеңістік туралы көзқарастарын анықтауға көмектесетін сұрақтар:

-Қайда тұрасың?

  1. Баланың дүниетанымын анықтауға көмектесетін сұрақтар:

— Біздің еліміз қалай аталады?

  1. Баланың қызығушылықтары туралы сұрақтар:

— Қандай іспен айналысқанды ұнатасың?

     Баланың мінезін бақылай отырып, оның жаңа жағдайға қалай бейімделетініне көңіл аудару қажет.

а) қорқады, ұялады, сенімсіз;

ә) жинақы, ұйымдасқан, сасқалақтамайды;

б) артық қимылдайды, көп сөйлейді, дистанция сезімі жоқ;

в) жаңа жағдайға реакциясы жоқ.

 

 

Экспериментті психологиялық зерттеулер

      Әдістердің негізгі жинағы деп мыналарды атаймыз:

  1. Сеген тақтасы; (Бейнелер ойылған бір тақтайша болады. Сол тақтайшадағы ойықтарға бала дайын суреттерді келістіре отырып салу керек.)
  2. Сюжетті суреттер; (Балаға бір сурет беріліп, сол суреттер бойынша балаға әңгіме құрастыруға тапсырма беріледі.)
  3. Есте сақтауға арналған сұрақтар (айтылған сөздерді бала есте сақтауы қажет. Оңай болу үшін белгілі сурет беріледі);
  4. Бөлшектелген картинкалар; (Бірнеше бөлшекке бөлінген суреттерді балаға береміз. Бала сол суреттерді орнына дұрыстап құрастырып салу қажет.)
  5. Россалима әдісі. Суреттер салынған сюжетті картинкалар беріледі. Оларда бір элемент жетіспейді.(Мысалы: Бала төсекте ұйықтауға барады, бірақ оның төсегінде жастық жоқ).
  6. Әдебиет мәтінін түсіну.

 

Әдістердің қосымша жиынтығы

  1. Жұптағы ұқсастық пен айырмашылықты табу.(Мысалы, доп пен қарбыз);
  2. Мақал мен метафораларды түсіну (құпия мәнін);
  3. КООС кубиктері;
  4. Геометриялық пішіндерді жіктеу (түсіне, пішініне қарай);

 

Қорытынды әңгіме

        Қандай тапсырмалар ұнады, қайсысы оңай, қайсысы қиын болғаны анықталады. Әңгіме соңында баланы міндетті түрде мақтау қажет. Зерттеу соңында психологиялық зерттеудің анамнезі анықталады.

 

Педагогикалық зерттеудің мақсаты

      Педагогикалық зерттеуден психологиялық зерттеу ұсынылады. Педагогикалық зерттеудің мақсаты: бала түсінген білім көлемін анықтау, түсіну процесіндегі қиындықтарды анықтау болып табылады. (іс-әрекеттің жаңа түрлерімен, түсініктерімен танысқанда). Зерттеу алдында педагог педагогикалық құжаттарды өңдеп, зерттейді.

     Қажетті құжаттар:

  1. балаға мінездеме;
  2. дәптерлер;
  3. өзіндік жұмыстар;
  4. суреттер.

      Баланың оқу дағдысын тексеру уақытында оның дұрыс оқу көрсеткішіне көңіл аудару қажет.