Сыни ойлау- ойды шыңдау.

Сыни ойлау- ойды шыңдау

 

 

Мешітбаева Фарида Махмутқызы

№107 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

 

КОУЧИНГ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ №1

Күні: 12.02.2014жылКоуч: Ф.Мешітбаева
Сабақтың тақырыбыСыни ойлау- ойды шыңдау.
Жалпы мақсаты:—  Сабаққа бала қызығушылығын ояту жолдарын білу.

— білім беруде  педагог мамандардың біліктілігін көтеру.

Оқытуда күтілетін нәтижелер-Қисынды ойлау қабілеті дамиды.;

-Мақсат қоюдың жаңа әдiстерi мен формаларын танып-білу;

-қойылған мақсат,міндеттер қолжетімді болуы керектігін,белгілі бір уақытқа бағынуы керектігін,шынайы болуы керектігін түсіну.

Дереккөздер—       Мұғалімге арналған нұсқаулық

—       «күріш өсіру»

—       «Аралас,топтас,жұптас «ойыны

—        видеороликтер

 

РесурстарСтикерлер, маркерлер, қағаз, интераткивті тақта
Түйінді идеяларОқушынының қызығушылығын қалай ояту керектігін біледі.
Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер
ЖаттығуларЖаттығудың мазмұныЖұмыс әдісіуақыт
Бастапқы байланысЖағымды ахуал туғызуТанысу ойыны

Әріптер сөйлейді

8 мин
Топқа  бөлуАлфавиттің алғашқы бес әріпі І топ ,келесі бес әріп ІІ топ,келесі бес әріпі ІІІ  топқа бөлінеді.2 мин
Коучингтің тақырыбын негіздеу

Постер қорғау

 «Күрішті өсіру»

Түрткі сауал: Сыни тұрғыдан ойлай отырып,оқу әдісіне байланыстырыңыз.

 

Постер қорғау17 мин
Кері байланыс«Менің атым Қожа» видеоролик.  Сұрақтарға жауап беру.

 

видеоролик10 мин
Сергіту сәтіБалапан биі3 мин
Қысқаша рефлексия—      Мені қызықтырған…, — Біз бүгін мына мәселелерді талдадық

«Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,

ойын ойнамағандықтан қартаямыз».

 

Бернард Шоу

 

Барысы:

 

1.«Танысу» ойыны 
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым — қатынысатың белсенді стилін және кері байланыс немесе алу меңгеру;
— Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек — кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап, сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын осылай жалғаса береді.
 

Талқылау: 
1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің есіңде жақсы сақталады?
2. несімен жақсы сақталады деп ойлайсың?
3. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға соқты?
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың?
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы қалай әсер етті? Және т.б

 

«Әріптер сөйлейді»

Мақсаты:Әріптестер кез-келген әріпті таңдап алып, қойылған сұраққа  қолдарындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беруі тиіс.

  • Бүгінгі көңіл күйіңіз қандай?
  • Оқушының пәнге деген қызығушылығын қалай оятасыз?
  • Сабағыңызда қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?
  • Үш деңгейлік курсқа барғыңыз келе ме?
  • Курстан өзіңізге керекті әдіс-тәсілдер ала аламын деп ойлайсыз ба?
  • Тренингке не мақсатпен келдіңіз?
  • Тренингкте кездескен сұрақтарға қалай жауап беремін деп ойлайсыз?
  • Тренингке немен келдіңіз?
  • Маған айтар ұсынысыңыз…

 

Топқа бөлу: Алфавиттің алғашқы бес әріпі І топ ,келесі бес әріп ІІ топ,келесі бес әріпі ІІІ  топқа бөлінеді.

 

  1. «Күріш өсіру» Шетелдің ғалымы үш бірдей 2 литрлік банкіге бірдей көлемде су құйып , күріш салып,аузын жауып қояды.Күнделікті сол банкілерге барып бірінші банкіге  «Сен қандай кереметсің,сұлусың,адемісің,жақсысың,тамашасың», екінші банкіге «Сен жақсысың,жарайсың», деп  үшінші банкіге мүлде көңіл бөлмейді.Бір апта өткеннен кейн банкілерді тексереді.Сонда бірінші банкі құлпырып,жайқалып тұр, екінші банкі орташа қалыпта тұр, ал үшінші банкі мүлде өспей шіріп кеткен.

Түрткі сауал: Сыни тұрғыдан ойлай отырып,оқу әдісіне

байланыстырып постер қорғау.Бағалау:(Екі жұлдыз,бір ұсыныс)

  1. Кері байланыс:»Менің атым Қожа» видеоролик.Сұрақтарға жауап беру.

Б.Соқпақбаевтың сценариі негізінде жазылған режиссер  А.Қарсақбаевтың  «Менің атым-Қожа»фильмінен үзінді көрсетілуімен басталды.

Тақырыпқа шыққанан кейін мұғалімдерге арнайы дайындалған  сұрақтар қойылды:

1)Фильмдегі мұғалім туралы ойыңыз,ол қандай адам?

2)Кинодағы мұғалімге баға беріңіз

3)Қазіргі мұғалім қандай болу керек?

Критерий арқылы бағалау.

 

4.Сергіту сәті: The Chicken Dance- VINCI Preview

  1. Қысқаша рефлексия. «Мені қызықтырған ……..,-