ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды талапты ұрпағы. Олай болса дарынды балалардың қабілеттерін дамыту үшін, алдымен олардың дара ерекшеліктерін танып білуіміз қажет. Осы орайда мені: «Дарынды балалардың ерекшеліктері қандай?», «Олармен қандай қатынаста болу керек?» деген сұрақтар толғандырды.
Көптеген ғылыми зерттеулерге қарағанда, дарынды балалар жинақталған білімін, тәжірибесін кең пайдалана біледі, хабарларды жүйелеп бөліп, талдайды. Кейбір балаларда математикалық қабілет басым, көпшілігінде оқу қабілеті басым келеді. Дарынды балалар өте зейінді, өзіне қызықты мәселені шешуге талпынып, табандылық көрсетеді. Өмір тәжірибесінің аздығына қарамастан әлі келмейтін мәселелерді шешуге тырысады. Сол себептен нәтежиесіз ісіне көңіл аудармай, оларды түсініп, әрекетіне басшылық жасау керек. «Бұлақ көрсең-көзін аш» дегендей, дарынды баланың бойындағы қабілетін, қасиеттерін аша білу- әрбір ұстаздың міндеті.
Оқушы – ізденуші тұлға. Сократ: «Біреуді бір нәрсеге иландырғың келсе, құр сөзбен уағыздама, одан да бірге әрекеттен. Дені сау бала өзінің өмір сүрген уақытындағы табиғат заңы, саясат заңы білімін онсыз да біледі. Енді оны ғылымға түсірту- мұғалімнің жұмысы»,- деп ұстаздың негізгі бақылаушылық рөлін белгілеп береді. Осыған байланысты мұғалім оқушыны неге, қандай мәселеге жетелеу керектігін біліп, өздігінен қорытынды шығара білуге нұсқаушы, бағыттаушы, бейімдеуші болуы керек. Оқушының жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде мұғалімдердің басшылығымен жүзеге асады. Осындай мәселелерді ескере отырып, өзім сабақ беретін сыныптардың ішінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын, соған талпынысы бар оқушыларды дамыту қажеттігі туралы ой туындады.
Сол мақсатпен оқушылар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мазмұны төмендегідей:
Осы диаграммаға қарап отырып, оқушылардың шығармашылықпен, яғни ғылыми зерттеу жұмыстарымен айланысуға ниет білдірулері мені ойландырды. Осыған орай алдыма мынадай мақсат қойдым: оқытудың жобалау әдісін қолдана отырып, сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың пәнді үйренуге деген ішкі ниетіне, көңіл-күйіне, тұлғалық қасиеттерінің көрінуіне, шығармашылық және зерттеушілік жұмыстарының жандануына ықпал ету және құзіреттілігін қалыптастыру. Осы мақсатпен мектеп психологымен бірлесе отырып, осы сыныптардағы дарынды балаларды анықтау тәжірибесін жүргіздік. ТЖР методикасы бойынша оқушылардың ойлау қабілетін дұрыс бағыттау үшін алдымен 4 жаттығу есептері, сонан соң 12 негізгі есептер берілді. Тәжірибе нәтижесінде 2 оқушының рефлекстік деңгейдегі теориялық ойлауының қалыптасқандығы, 3 оқушының жоспарланған деңгейдегі теориялық ойлауының қалыптасқандығы, 5 оқушының теориялық ойлау деңгейінің аналитикалық екендігі, 8 оқушының эмпирикалық ойлау даму деңгейінің қалыптасқандығын көрсетті.
Сондағы зерттеу мәселесі: дарынды оқушылардың өзіндік шығармашылығын дамыту, ғылыми ізденіске жетелеу болды.
Сондықтан алдыма төмендегідей міндеттер қойдым:
- Дарынды оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне, ізденіп білім алуына ықпал ету;
- Оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыру арқылы шығармашылық тұлға қалыптастыру;
- Оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру.
- Оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу.
«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру- мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі»,-деп көрсетеді С.В.Селевко.
Педагог жұмысы тұтас психологияны жүзеге асырумен ғана емес, оқытудың технологиялық әдістері мен тәсілдерін меңгеруден де тұрады. Оқытудың технологиялық соны әдістерінің бірі-жобалау әдісі десек, оны сабақта қалай қолдануға болады?
Мысалы:
- Математикалық есептерді зерттеп, зерделеу.
- Берілген тақырып бойынша есепті шешіп, оны шешудің басқа да тәсілдерін анықтау. Есептің шешу жолын талдап, оның тиімді-тиімсіздігіне қорытынды жасау.
- Есепті шешудің алгоритмін жазу.
- Математиканың қандай да бір саласын өткенде, жинақ, кітапшалар, әдістемелік құрал т.б. дайындатқызуға болады.
- Көпжақ, айналу денелерінің математикалық моделін жасау.
- Әртүрлі тақырыпта рефераттар дайындау.
Бұл әдістерді жүзеге асыруда төмендегі принциптер басшылыққа алынады:
- Оқытушы тұлғасы оқыту процесінде басты элемент ретінде қарастырылады, осыған қарамастан оның оқушыға өзіне-өзінің позициясы өзгереді. Оқытушы пәндік ақпаратты жеткізуші емес, дәстүрмен қағиданы сақтаушы, оқушының тұлғалық дамуы мен қалыптасуына көмекші. Оқушыға әсер ету, басқару сипаты өзгереді. Авторитарлы билік позициясы, үлкендік және күшті құқысы жоғалады. Орнына серіктестік позициясы, демократиялық қарым-қатынас орнайды. Сонымен қатар, оқушының да нәтежиеге деген бағдары өзгереді, баға алудан белсенді қарым-қатынасқа бағдарланады.
- Білім функциясы жағынан оның ұйымдастыру тәсілі мен меңгеру өзгеріске ұшырайды. Білім біздің қоғамымызда «үшінші орындағы әлеуметтік күш» орнынан адамға қазіргі өркениет пен мәдениеттен орын алуға, қазіргі ақпаратты қоғамды жүйелі, пәнаралық жалпылық мәнге ие етеді.
- Бірінші кезекте оқытудың әр түрлері арқылы тұлғаны дамыту, жеке дара емес, топтық формада өзара әсер ету, тұлғалық қарым-қатынас пен «ұжымдық» субьектіден «жеке даралықты өсіру, бірлескен шығармашылық байланыс орнату.
Әрине, ғылыми жұмысқа жаңадан кіріскен жас зерттеушілерде іздену методологиялық құрылғысын құру, тәжірибелік деректерді таңдау, ғылыми жұмысты қорғау барысында көптеген сұрақтар туындайды. Ғылыми зерттеу жұмыстарының орындалуы тұлғалық, интеллектуалдық, психологиялық күш жігердің жұмсалуымен сипатталады. Ізденушіден көп мөлшерде назар аударым, ой-сана шоғыры, ғылыми зерттеу методологиясы мен технологиясын білу, ғылыми білімді пайдалана білу ғана емес, белгілі мөлшерде оларды тудыру да талап етіледі. Мұндай мүмкіндіктер жас зерттеушінің құзіреттілік мазмұнын құрайды.
Жас зерттеушінің құзіреттілігінің құрылуы кез-келген теоретикалық, методологиялық және технологиялық өзара бағыттарымен іске асады. Ғылыми жұмыстың сәтті дайындалуы көптеген әсерлерге байланысты, солардың ішіне зерттеушінің жеке топологиялық ерекшеліктері жатады. Бұл қасиеттерге еске сақтау, қабілеттік, байқағыштық, елестету, ойлау, интуиция кіреді.
Қабілеттілік–зерттеуші үшін зерттеу ісінің бағытын анықтауға көмектеседі, еске сақтау, еске сақтау жылдамдығы, еске сақтау көлемі, сақтау уақыты, еске сақтау дәлдігі, сипаттары мен сипатталады.
Байқампаздық–теориялық ойлау және қорытындының сандық әдістерінен тұрады. Байқампаздықтың нақтылығы зерттелетін саладағы білім мен мақсатқа байланысты.
Елестету мен жобалау, интуиция жаңа жол табу мүмкіндігі тапсырмасын шешумен байланысты. Елестетудің негізі-сезіну, ал ойлау жүргізуші бағдарламалық рөл атқарады. Елестету шығармашылық мүмкіндіктің дамуына жол береді, шығармашылықтың белсенділікті, ойлау шеберлігін, интеллектуалды потенциалды ашады.
Осылайша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айланысушы іздеу жұмысындағы қойылған тапсырмаларды сәтті шешу үшін аталған жеке топологиялық қасиеттері дамыған болуы керек. Бұлардың технологиялық құзіреттілігінің құрамына зерттеу негізінде ойлау операцияларын мақсатты қолдана білу, әр түрлі зерттеу тапсырмаларын шешу кезінде ақпараттану құралдарын қолдана білу, сараптаманы іске асыру, ғылыми ізденісті орындау мен рационалды әдістерді, мысалдарды игеру, ауызша, жазбаша тілді еркін меңгеру, алған білімді мақсатты түрде жаңа шарттарға көшіре алу, дене еңбегі мен ой еңбегін дұрыс пайдалану кіреді. Ғылыми зерттеу жұмысында зерттеушінің іскерлік пен іздену саласындағы шеберлігі маңызды рөл атқарады. Жас зерттеушінің практикасындағы төмендігі бағыттарды жүзеге асыру түрлі концепцияларды қалыптастырады.
Зерттеушінің құзіреттілігін дамытуда «өзін-өзі оқыту» маңызды рөл атқарады. Өзін -өзі оқытудың мазмұны мен бағытын зерттеуші өз қажеттілігі мен қызығушылығына байланысты таңдайды. Осы айтылған теориялық пікірлерді басшылыққа ала отырып, дарынды оқушының құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында «Қалалық көліктегі математика элементтері» тақырыбы бойынша жасалған ғылыми жобамен жұмыс істеу кезеңдері төмендегідей жүргізілді:
Жобамен жұмыс істеу кезеңдері.
Жұмыс кезеңдері | Мазмұны | Оқушылардың қызметі, іс-әрекеті | Мұғалімнің қызметі, іс- әрекеті |
1. Қызметті , іс-әрекетті ұйымдастыру. | |||
Жобаға ену. | Мотивация, мәселені қою, жобаның тақырыбын таңдау, мақсатын анықтау, міндеттерін айқындау. | Мұғаліммен ақпарат туралы әңгімелесіп, талқылайды. Мәселені анықтайды. Болжам жасайды.Мақсатты нақтылайды. | Оқушыны ынталандыру. Жобаның мағынасымен таныстыру.Мақсат қоюға, міндеттерін анықтауға көмектеседі. |
Жоспарлау. | Ақпаратты жинау және талдау жолын анықтау.Қорытынды нәтижені ұсыну жолдарын таңдау (есеп беру түрі).
| Іс-әрекет жоспарын құрастыру, мезгілін анықтау, нәтижені көрсету формасын таңдау. Зерттеу тақырыбына байланысты әр топта міндеттерді бөлу. | Идея ұсынады,болжам жасайды. Оқушыларды пән мұғалімдерінің кеңес беру тобымен таныстырады. |
2. Іс-әрекетті жүзеге асыру. | |||
Ақпаратты іздеу. | Ақпаратты жинау, аралық міндеттерді шешу. | Керек ақпаратты ғылыми әдебиеттерден, интернет желісінен іздеу, іріктеу және оқу. Зерттеу жүргізу.
| Ағымдағы ізденістік, аналитикалық және практикалық жұмыста көмектеседі. Оқушыларға жаңа тапсырмалар береді. Бақылайды,кеңес береді. |
Нәтижені қорытындылау. | Жасалған болжамға байланысты алған нәтижені талдау, жинақтау, қорытындыны тұжырымдау. | Ақпаратты талдайды, тұжырымдайды. Нәтижені сұрыптап жазады, жобаны қорғауға және презентация жасауға материалдарды дайындайды.
| Бақылайды. Презентация даярлауда консультациялық және әдістемелік көмек жасайды. |
3. Жұмыстың нәтижесін көрсету және бағалау. | |||
Презен тация. | Жоба бойынша атқарылған жұмысқа есеп беру. | Жобаны қорғайды, талқылауға қатысады. | Тыңдайды, қатысушы ретінде бірізді сұрақтар беруіне болады. |
Үрдіске және жұмыс нәтижесіне баға беру. | Жалпы жұмыстың нәтижесін талдау және қорытындылау. Қойған мақсатқа жетудің талдауы. Рефлексия. | Өзін-өзі бағалайды. Жетістіктер мен кемшіліктердің себептерін талдайды. | Ұжымдық талдау мен бағалауға қатысу. Рефлексия. |
Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, инновациалы-креативті технологиялардың мәні педагогикалық процестің мағынасын шешудегі шығармашылық және жасампаздық тұрғыдағы тұлғаның қызығушылығы мен құндылықтарын ұйымдастыру және зерттеушінің құзіреттілігін қалыптастыру болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований // Педагогика, 1982-192 с.
- Егоров В.В. Организация и технология научного исследований. // Новосибирск. ОАО «Новосибирское книжное издательство» 2006-426 с.
- Нургалиева Г.К. Педагогические исследования в области информатизации образования // Вестник Академии пед.наук Казахстана 2005 №1.
- Селевко Г.К. Опыт системного анализа современных педагогических систем // Школьные технологии – 1996 — №6 — с. 3-43