Бала тәрбиесінде қандай қателіктерден сақтану керек?
Бала тәрбиесінде қандай қателіктерден сақтану керек?
Хамзина Ляззат Темрешовна
«Пятимар жалпы білім беретін орта мектебі»КММ. БҚО, Жаңақала ауданы, Пятимар ауылы
Баладағы ұяттың пердесін жыртып, ұяттан жұрдай қылатын әрекетерден аулақ болыңыз. Хазіреті Пайғамбар «үятың болса білгеніңді істе» деген.
Өйткені ұят адамға әдептенаспаудың жолын көрсетеді. Ұятына дақ түсірілген, яғни ұяттан айырылған балалар өз-өзін ұстау, бақылау механизмінен де айырылып тынады. Ұят арқылы кеетін осы механим баланы адамдардың арасында ғана емес, жалғыз қалған кезде де өз-өзін ұстап, ішкі сезімдеріне ие бола алатындай дәрежеге жеткізеді.
Тағы бір айтатын жәй ұялшақтақ. Бұл ұят сияқты туа біткен сезім емес. Балаға дұрыс тәрбие берілмегендіктен, баланың бойында ынжықтық, кері тартпалық, ұяндық әсерінен орынсыз ұялшақтық пайда болады. Бұл ұяттан мүлде бөлек нәрсе. Орынсыз ұялшақтық баланы өз ойын жеткізе алмайтын, ынжық қылады. Осылайша, адамның өзін кері тартып, өзіне бөтенісуі бірте-бірте үдей түседі. Баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, оны тастап кетуде ұяң ынжық етеді. Ата-анасының айырылған тастанды балалар, яки ата-анасы болғанымен тастанды балалар күнін кешкендер өмір белесінде өзіне сенімсіздікпен қарағандықтан орынсыз ұялшақтық бой алдырады. Өйткені ол өзін ешкімге қажетім жоқ, елеусіз ескерусіз жанмын деп ойлай бастайды. Өзін өзгеге жүк болып жүргенін намыс көріп ұялады. Өмірінде қатты ұялтқан сәттер немесе баланың ойында кейбір жайттардың кері әсер қалдыруда орынсыз ұялшақтыққа алып барады. Балалар өзіне үлгі тұтып жүрген адамдарының өзіне көрсеткен әдепсіз қылықтары мен оның бойындағы кейбір жағымсыз іс-әрекеттерді ешқашан ұмытпайды. Баланың ойында жинақталған осындай жайттар, оның бойында «нақты пікірлер»қалыптастырады. Психологтардың басын көпшілігі, жанұяда мән берілмей, елеусіз қалған балалар өскенде өзін ерек санап, өзіне танырқаумен болатындығын айтқан. Ата-аналар балаларын ұзақ уақыт бойы өздерінен жырақта тастап кетулеріне болмайды. Өйткені бала, ата-аналарынан алатын мейірім-шапағат, сүйіспеншілікті басқа ешкімнен ала алмайды. Сондықтан балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, жатақхана, яғни ата-анадан жырақтағы кез-келген орын, жанұямен бірге тұрайын «үй» сияқты жылулық пен рухани азық бере алмайды. Бала кезінде ата-анасынан айырылған балалар өскенде қоршаған ортасынан бөтенсініп араласып кете алмай, шеттеліп тұрады. Тіпті, оларды қамқорлығына алып, мейірім көрсеткендерді де жат санайды. Баланы жазалаумен қатар, сыйлық беруде тәрбиенің әдіс тәсілі. Баланыз сыйлыққа лайық бір іс істегенде сыйлық берініз. Бұл оның ынта жігерін оятады. Алайда сыйлықпен парақорлықты шатастырмаңыз. Балаңызды пара беруге үйретпеңіз. «Егер тыныш жүрсен, ананы-мынаны алып берем » деп өзінің істеуге тиісті бір істі, уәде беру арқылы істейтін болсаңыз оны парақорлыққа дағдыландырған боласыз. Бала өскендеде өзінің орындауға міндетті ісін істеу үшін өзгелерден қосымша бір нәрсе дәм етіп тұрады. Балаға жүктелген істен басқа, яғни өзіне міндеттелмеген бір істі істеген жағдайда сыйлық берсеңіз, бұл нағыз сыйлық болады. Балаңызға сыйлық алыңыз әрі оның сізбен әрі достарымен сый алысып-берісу үдерісін қалыптастырыңыз. Осы жаста сыйлық беру тәрбиесі, оның өмірінде өшпес із қалдыратын болады. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны көресің» деген қанатты сөз бар. Сондықтан бала жанұяда қандай қарым-қатынас көрсе, түзде соны қолданады. Нені көрсе соны үйреніп шығады. Үнемі сынап мінелген бала кінәлау мен айыптауды үйренеді. Бітпейтін ұрыс-керістің ортасында өскен бала айналасындағыларымен, тіпті өзіменде тату тұра алмайды. Төзімді әрі кешірімді бол деп өсірілген бала сабыр мен шыдамдылықты үйренеді. Жанұя тарапынан қолдау көріп өскен бала өзіне сенім арта білуді үйренеді. Бағаланған бала бағалаумен қадірлеуді үйренеді. Сүйіспеншілікпен мәпелеп өсірген бала сүюді әрі өзгенің жүрегінен орын алуды үйренеді. Көңілі қуаныш күлкіге толтырып өсірілген бала өзгелердің көңілін табуды үйренеді. Осымен дос болу арқылы тәрбиеленген бала өзгелерімен достық құруды үйренеді. Үнемі сынап-мінілген балалар өте тұйық, ынжық өзіне сенімсіз, мәселелі жандар болып шығады. Мұндай балалар өскенде әрбір ісін дұрыс-бұрыс дер шешпейді, бұған «ел жұрт не дейді» деп шешеді. Өз бетінше шешім қабылдап, қалаған нәрсесін ісетей алмай әлек болады. Өйткені өзегін өзгелер не дейді деген ой өртейді. Әлбетте, өзгелерге жағыну үшін әрекет жасайтындар, ешқашан өзгеге жағына алмайды. Өзіне сенімсіз бала өскенде бетіне бетперде тағып жүретін адам болады. Өйткені оған бір нәрсе істетер кезде «тура жүр, сені келеке қылады», «бұзықтық жасама, көкең сені бала дейді», «беті қолыңды жу, сені көргендер салақ бала дейді» деп сырт көздін сынына қарап өсірген. Мұндай тәрбие, баланың өзін-өзі тану жолындағы ең үлкен кедергі. Ол өскенде «жарты адам» болып, жарымай қалады. Сырт көздің сынына қарайтын яғни өте тұйық болып жүретін жандар бала кезінде дұрыс тәрбие көрмеген. Үнемі мін тағыла беретін әрі әр істеген ісінен опық жеген бала өзіне шаң жұқтырмайтындардың бірі болады. Ол өзіне мін таққан адамды, шамасы жеткенше сөйлетпей қоюға тырысып бағкады. Жанұядан жылу мен мейірім таппаған бала, жанұяда тұрғысы келмей, қашатын мүмкіндік іздеп жүреді. Жанұя ол үшін қамқоршы іздейтін жер емес. Бір сәт те тұрмайтын түрмеге айналады. Балаңыздың қиялдауына тосқауыл болмаңыз. Бұл олардың рухани әлемін әрі ақыл-ойын дамытады. Бірақ оларға қиял мен шындықтың арасындағы айырмашылықты көрсетіп беріп, өмірді қиял ғажайып деп елестетуге жол бермеңіз. Бала өзінің құрған қиялына қарап сөйлеген сөздерін, көптеген ата-аналар «өтірік айтып жатыр» деп ойлайды да, сол үшін кінәлап, бетін қайтарып тастайды. Жалған сөз бен қиялдаудың нәтижесінде туындаған сөздерді, бір-бірінен ажыратып, қиялынан туған сөздерді өзгелер естігенде ынғайсыз жағдайға түспейтіндей етіп жолға қойыңыз. Баланың қиял әлемінің байлығынан бей хабар болғандықтан, оны «өтірік айтып жатыр» деп сөгетіндер, баланың бойындағы қиял ғажайып қабілетті сыртқа шықпай жатып, орнында тұншықтырып тастаған болып есептеледі. Баланы өз-өзін жақтауға итермелеп, қиын жағдайға түсіріп қоймаңыз, үнемі осындай жағдайда қалған бала өзінікі дұрыс болса да, бұрыс болса да өзін ақтап алу үшін барын салады. Баланы айыптамаңыз, «Тентек, ақымақ, жынды, қанғыбас» деп айту айыптауға жатады. Осылай айыпталаған бала өз-өзін сол айтылғандардың қатарына қоса бастаса оның тентек еместігіне, ақымақ еместігіне де сендіру аса қиянға соғатын болады. Оның осылайша ақымақтық ісіне дағдылануы келешекте оған оғаш көрінеді. Ең сорақысы, ол өзін ақымақтардың қатарына қосып, өз-өзіне өзгерту қабілетінен айырылып тынады. Балаңыздың сізге деген сенімін жоғалтып алмаңыз. Мәселен, балаңызға нан берген кезінде «Мен қазір сені осылайша нан беріп бағып жатырмын, кейін өскенде өзгелердің ұлына, қызына барғанда мені ұмытып кете барасың оның анасына ана, әкесіне әке дейсің» деген сөз, балаңыздың болашағына жара салу болып табылады. Осындай сөздерді құлағына құйып өскен бала үйленіп отау құрғанда жарын, яғни жарының ата-аналарын өз ата-анасының, қарсыласы сияқты көріп, оларға көңіл бөлуді өз ата-анасына көрсеткен опасыздығы деп есептейді. Тіпті, мұны үлкен қиянаттыққа балайды. Осы сөздерді естіп өскен бала жарын сүюге , оған көңіл бөлуге, оның алдындағы міндеттерін орындауға өмір бойы құлықсыз болып келеді. Дөрекілік туа пайда болатын езім емес, кейіннен қалыптасады. Баланың қаталдығымен дөрекілігіне ең алдымен ата-анасымен ортасы жауапты. Бала дөрекілікті жанұясынан үйренеді. Әкесінің анасына көрсеткен дөрекілігі бала үшін естен кетпес «дөрекілік сабағы» болып табылады. Олда шамасы жететіндерге қоқаң лоқы көрсететін боп өседі. Әкесінің анасына қыр көрсеткеніндей ол ертең әйелін сыйламайтын болады. Баланың ата-анасынан, яғни қоршаған ортасынан дөрекілік көріп өсуі оның да дөрекілікке бейім болып шығуына ықпал ететін басына тұрады. Баланың әрбір қателегіне қолды ала жүгіріп, ұрып-соғатын ата-ананың баласынын дөрекіліктен басқа ештеңе үйретпеген деп айтуымыз артық айтқандық болмаса керек. Баланың дөрекіліктің жолын үйрететін кітаптар оқып, бейне фильмдер көруде оны қатыгездікке баулитын негіздердің басында тұрады. Мүмкіндігінше, әсіресе, балағат жасқа келгенше баланы осы сияқты нәрселерден қорғау-ата-ананың алғашқы міндеттері. Егер ата-аналар баланың психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмай, баланың ашу-ызасын арттыратын болса, бала осы арқылы дөрекілікке бой алдырады. Немесе оның дөрекілігін арттыратын жағдайлардан сақтау оның осы сезімдерін қалай реттеу керектігін үлгі болу арқылы көрсету, ең алдымен ата-ананың мойнына жүктелген. Балалар іштегі күш сезімін шығаруға мүмкіндік татпағаннан кейін дөрекілікке бой алдырады. Мұндай жағдайда олардың өзгелерге кесірін тигізбей осы сезімдерін шығаруға мүмкіндік беріп, мұның жолдарын қолдану қажет. оның жолы, мәселен 5 жастағы бала үшін құмары қанғанша ұрып-соғып өзімен бірдей қуыршақ, он жастағы бала үшін шығыс жекпе-жегі сияқты спорттың түрін қолдануға болады. Баланың дөрекілігі мен күш көрсетуі өзгелерге зиянын тигізген жағдайда міндетті түрде тосқауыл болудың өте ыңғайлы жолын табу керек. Мұндай кезде оны қолдап-қорпаштау, балаға біле тұра жамандық жасау болып табылады. Таяқ-тәрбиелеудің басты құралына айналмауы қажет. Таяқты тек жазалаудың бір түрі ретінде қолдануға болады. Бала тәрбиесінде ұрудың орны жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ ешқашан баланың бетінен ұрмаңыз. Баланың бетінен ұруға Пайғамбарымыз Мұхаммед тыйым салған. Өйткені, бұлай істеу баланың көнілін қалдырып ар-намысқа дақ түсіреді. Беттен ұру-ар-намысқа тиюге жатады. Міндетті түрде ұру керек болса, оның құйрығынан ұрыңыз. Құйрығына тиген шапалақ тек қана жанына тиеді. Ал бетіне тиген шапалақ таяқпен бірге қорлық болып тиеді. Өз баласы болсада, ешқандай ата-ананың қорлық көрсетуге қақысы жоқ. Тарихқа топырақ шашпасақта. Кеңістік дәуірдегі адам тәрбиесіне де, мамандыққа тәрбиелеуді жоғары қойып, адам тәрбиелеудегі жіберген кемшіліктері, тәрбиеге әліде салқындығын тигізуде.
Сөзімді қорытындылай келе, шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің «адамға білім берместен бұрын-тәрбие беру керек»-деген сөзімен аяқтағым келеді.