Сыныптан тыс шарада оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру тәжірибемнен

Сыныптан  тыс  шарада  оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастыру        тәжірибемнен

Оқушылардың  халық  тағылымдарын  қаншалықты  меңгергені  туралы  сауалнама,  тестік  жұмыстар  арқылы  білім  мен  тәрбиенің  бағытында  деңгейі  айқындалды. Кіріктірле  жоспарлаған  халық  тағылымдарының  танымдық  мәнін ұтымды пайдалануда  теориялық  және  практикалық  білім  жіне тәрбие  шаралары  мазмұнды  мағұлматтар  сәйкес  қосымша  іс-шаралар  жүргіздім. Кіріктірле  жоспарлаған  шаралардың  мазмұнды  мағұлматтар  оқушылар  дүниетанымын  қалыптастырудың  маңызы да  мүмкіндігі  мол  екенін  дәлелдеді.  Сол  мақсатта  мен 8-сыныптар  арасында  өткізген  тәрбиелік  шарм  тақырыбы «Атадан  қалған  асыл сөз» мақсатында – оқушылар  бойына  әдептілікпен  алғырлық  қасиеттерді  қалыптастыру. Оқушылардың  мәнерлеп  оқу,  ұлы  ғұламалардың  сөздерін  жатқа  айту  қабілеттерін  дамыту. Адам  бойындағы  ұнамды – ұнамсыз  қылықтарды  айыра  отырып,  аталы  сөзден  ғибрат  алуға,  әдептілікке, сыпайлыққа  тәрбиелеу ( қысқаша  берілді, осы  жерде  тәрбие  сағаты кетеді).          ІІІ. Қорытынды  бөлім

Нәтижелерге  сараптама

Бүгінгі  күні  еліміздің  рухани  адамгершілік  байлығын, мәдени мұрасын  зерттеп,  оны  оқушы- жастар  бойына  жұғысты  қасиет  етіп  меңгерту,  сол  арқылы  ізгі  жүректі,  қайырымды,  іскер  азамат  тәрбиелеп  шығару  жаңа  тұрпатты  мектептердің  алдында  тұрған  киелі  проблема.  Ол  ағарту  жүйесінің  мазмұнын  жаңарту,  оның  құрлымдық  жүйесіне  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықты  кіріктіре  отырып игерту бағытында  іске  асырылмақшы.  Оқушы  дүниетанымын  дамыту  мәселесі  тек  педагогикалық  категория  тұрғысында  ғана  қаралатын  мәселе  емес,  ол  бірнеше  ғылымдар  аясында (философия, психология, әлеуметтану, мәдениеттану, этнография, этнология, этика, логика, демография т.б.) әр қырынан  қарастыруды  қажет  етеді.  Бұл  адамның  тұлға  болып  қалыптасуы  қоғам, табиғат,  мәдениет, әлеммен  біртұтастыққа  жүзеге  асатын  күрделі  үрдіс  екендігін  корсетеді. Тақырып  бойынша  жүргізілген  педогогикалық  тәжірибелік  зерттеу  жұмысымда  мектептерде  халық  тағылымдары  негізінде  оқушы  дүниетанымын  дамытудың  жәй- күйі  зерттеліп,  мына  міндеттерді  шешуге  бағытталған  іс- шаралар  жүргізген  болатынын.

а) Оқушылардың  эксперемент  кезіндегі  халық  тағылымдарын  меңгеруді  көрсетуде  бастапқы  және  соңғы  деңгейі  анықталды.

б) Мектеп тәжірибесінде  оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастырудың  олқылықтары  мен  себептерін  атап  көрсеттім.

Жоғарыда  аталған  мәселелерді  шешуде өз  тәжірибемде  сыныптан  тыс шарада  өткізілген  жұмыстар  негізінде  оқушыларға  сауалнамалар  қою, пікірлесу,  танымдық  сын  сайыстар  өткізу, бағдарламалар,  әдістемелік  құралдарды  талдау, т. б. жұмыс  түрлері  арқылы  жүзеге  асырылды. Зерттеу  жұмысымда  байқағанымдай  бүгінгі  қолданыста  жүрген  оқу  бағдарламалары  мен  оқулықтарда  халық  тағылымдары  негізінде  дүниетанымын  дамыту  мәселесіне  онша  көп  көңіл  бөлінбеген.

Соңғы  жылдары  ғана  зерттеу  жұмыстарына  арқау  болып  жүргендігі  байқалды. Осы  тұрғыда  өзім  өткізген  сыныптан  тыс  шарада  оқушылардың  дүниетанымын  қалыптастыруда  ұйымдастырлған  шара  барысында  байқағанымдай. Тек  өз  сыныбым  бойынша  нәтижемді  көрсетсем  төмендегіше: сауалнама  жүргізген  уақытта  оқушылардың 19% пайызы  ғана  ұлттық  дүниетаным  туралы  білсе «Атадан  қалған  асыл  сөз» деп  аталатын  сыныптан  тыс  шарада  оқушылар  бойында  өзіне  деген  сенімділік  пайда  болуда, ой-пайымдаулар  жасауға  дағдыланды. Сынып  оқушылары  сапа  көрсеткіш  тұрғысында  10-оқушысы  толыққа  жуық  дағдыланды. Яғни  сыныптың 38% пайызына  жетті.  Сонымен  бірге  өткізілген «Менің  Республикам» атты  шарада  сыныптың  20-оқушысы  ұлттық  дүниетаным  туралы  толық  меңгеріп  шықты  оны  анықтау  қиынға  соқпайды,  оқушылардың  рухани  жан- дүниесі  молайып, өзін, өзгені  құрметтеуге, санса  білуге  деген  саналы  көзқарастары  байқалады.  Осы  аталған  шарада  оқушылардың  сапасы 77% пайызға  көтерілді.  Осындай  сынып  оқушылары  арасында  көрсеткіштер  көрсетіп  отырды.

Мектепте  оқушылардың  дүниетанымын  дамытудағы  мүмкіндіктерді  ескеруге  және  қазіргі  кезде  қандай  ғылыми  ұсыныстардың  негізінде  алынып  жүргізгенін  анықтауға  мүмкіндік  туғызады.  Қорыта  айтқанда, менің  зерттеу  тәжірибем, көкейтесті,  өміршеңдігін  жоймайтын  мәселе.  Осы  орайда  өзім  дүниетаным  қалыптастыруды  халық  тағылымдары  мен  қағидалары  негізінде  жүзеге  асыруға  талпыныс  жасадым.