Оқу-тәрбие үдерісіндегі ақпараттық-қатынастық технология
Оқу-тәрбие үдерісіндегі ақпараттық-қатынастық технология
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Әлем ақпараттық қоғамға аяқ басқан қазіргі заманда ақпараттық мәдениет деңгейі кез келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі болып отыр. Біздің еліміз үшін де басты міндетердің бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру. Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы “Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек” дегендей, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұйымдастыру істерінде нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланған жөн. Жаңалықты қабылдау әр ұстаздың ізденісіне байланысты. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу,тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу,тәрбие үдерісіне қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден, компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Соның нәтижесінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқыту әдістері жүйеленіп берілсе, білім берудің сапасы артады. Оқушыларға алтын уақытыңды орынды пайдаланып, оларға тың мағлұмат, тың дүние беру –ақпараттық қатынастық технологиялардың жетістігі. Сабақтарда аталған технологияларды қолдану диапазоны шексіз және және мұғалімнің арнайы дайындығын қажет етеді. Мысалы,ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуда мультимедиа бағдарламасы тыңдау арқылы мәнерлеп оқытуды, эстетикалық тәрбиені қалыптастырып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерінің дамуына да молынан әсерін тигізеді. Сабақ барысында өтілген тақырып бойынша шығарманы талдау барысында өз ойларын ғана білдіріп қана қоймай, эссе, шығарма т.б жазуға дағдыландыру да барынша оқушылардың шығармашылық дамытуға әсері ерекше. Онда оқушыларға АҚТ- ды пайдалану арқылы білім бере отырып, электрондық оқулықтармен оқыту жүйесінің пән сапасын арттырумен қатар басқа да тиімді жақтары өте зор:
-сабақ барысында компьютерлік мүмкіндіктерді пайдаланып, слайдқа түсіру;
-интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу;
-сөздік жұмыстарын компьютерге микрафон арқылы жаздырып, тыңдалым қабілеттерін арттыру;
-мәнерлеп оқу дискілерін пайдалана отырып, диктор даусымен өлеңдерді тыңдату;
-арнайы дайындалған электронды оқулықтар арқылы өтілетін тақырып төңірегінде оқушыға жан-жақты білім беру;
-сабақ үстіндегі оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас оқушының іс-әрекетіндегі эмоционалдық көңіл-күйі арқылы пайда болады;
-мұғалімнің эмоционалдық көңіл-күйі оқушылардың эмоционалдық көңіл- күйін құруда үлкен рөл атқарады.
Оқушы,мұғалім және АҚТ сызба түрінде кескіндесек:
Әр оқушының зейіні,есі,қиялы, ойы мен тіл байлығы артып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпалын молынан тигізеді:
-әр түрлі тесттік тапсырмалар мен басқа да компьютерлік нұсқадағы тапсырмаларды өз бетінше ойлана отырып, шешімін табуға мүмкіндік береді;
-оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады;
-көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады;
-ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі;
-уақытты үнемдейді;
-қайталау мүмкіндігін кеңейтеді;
-теориялық білімді өз бетімен оқып үйренуге дағдыланады;
Бастауыш мектеп–бұл тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең. Сондықтан да, бастауыш білім — үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы. 30 жыл бастауыш сыныптарда ұстаздық еңбек жолымдағы жетістігім- сабақтарымда қазіргі оқыту мен тәрбиелеудің заман талабына сай инновациялық әдіс-тәсілдерін өз жұмысымда оңтайлы пайдалана білуім.Бүгінгі таңда алынған білім сапасы үшін басты бағыт-ақпараттарды тек білу ғана емес, оны дұрыс қолдана білу.Осы тақырыпта бастауыш сынып мұғалімдері арасында аудандық семинарда өз тәжірибемді тараттым. Оқушылардың таным белсенділігін арттырып,ой-өрісін дамытуға,қатесіз жазуды жетілдіріп,көбейту кестесін жатқа білу мен мәтінді түсіне оқу арқылы оқу қарқының жетілдіру үшін «Жазғы мектепте» жоспар бойынша арнайы сабақ кестесі құрылды. Әсіресе,тез оқуға үйренуде Шульте таблицасының пайдалану әдісі зор.Сонымен қатар оқу машығын жетілдіру барысында: «Терезе ашу», «Жасын»,«Тіркестіру», регрессия (оқығанын қайталап оқу) т.б әдістерін қолдандым. Ал көбейту кестесін электронды оқулықтардағы ойындар арқылы оқушылар тез жаттады..Жаңа ақпараттық технологиялар мен электронды оқулықтарды қолданудағы қызықты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың негізгі пәндердегі қиын тақырыптарын меңгеруге қызығушылықтары оянып,белсенділіктері жоғары болды. «Жүз рет естігенше,бір рет көрген артық» дегендей бала оқиды, әрі бейнетаспадан көрінісін тамашалап отырады. Бұл технологияны қажеттілігі ата-анамен ынтымақтаса жұмыс жасаудағы зерттеу жұмыстарын жүргізуде ерекше орны бар. Ата-аналарды,оқушының өздігінен оқып үйренуге және өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамытуға.Мұғалімнің оқушылардың үлгерімін есепке алуда мониторинг жүргізіп,сараптама жасауына мүмкіндік береді.Балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға тиімді технологияның бірі-зерттеу арқылы оқыту. Осы әдіс баланың жаңаша қабылдау қабілетін қалыптастырады.Дарынды оқушылар арасында құрылған ғылыми ізденіс,зерттеушілік жұмыс оқушылардың білім дағдыларын қалыптастырады,белгілі бір ғылым саласында өз білімдерін жетілдіре,толықтыра түсуіне үлкен ықпал етеді. Осы ақпараттық технология көмегі арқасында оқушылар өзерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде үлкен жетістіктерге жете білді. Атап айтсам: «Астана менің көзіммен», «Шайдың пайдасы мен зияны»,«Қымыз-шипалы сусын», «А әрпі мен дыбысы», «Сандық», «Алаша» атты қол өнер жұмыстарын орындау барысында осы жаңа ақпараттық технологияны қолданудың маңызы зор болды.
Қорыта келгенде ұстаздық жол-қиындығы мен қызығы қатар жүретін, өз еңбегінің жемісін, алдындағы шәкірттерінен көрінетін парасаты мен пайымы ұшан-теңіз мамандық.
Қолданылған әдебиеттер
- Аюбаева Т «Ақпараттық технологиялар оқыту үрдісінде». Қазақстан мектебі 2008 № 9 65 б
- Е.Т. Акитбаев.«Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту жолдары» Бастауыш мектеп 2006.15бет
- Г.Бекеева «Электронды оқулықтардың атқаратын орны» Бастауыш мектеп 2009ж № 3 6-бет
- «Ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі» Бастауыш мектеп 2010.10 64-бет
- А Медешева «Компьютерлік бағдарламаларды оқу-тәрбие
жұмысында қолдану Бастауыш мектеп 2001.№4 36-бет
- А.Қасымова «Шығармашылықты жетілдіру – ұстаз парызы»