ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.

Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Осы Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне болады.

Электрондық оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.

 

Биологиядан оқушы үшін электрондық оқулықты қолдану тиімділігі:

  1. Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
  2. Оқушының өздігінен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге;
  3. Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
  4. Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;
  5. Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
  6. Қажетті материалдарды жылдам ізденіп табуға мүмкіндік туғызады;

 

Электронды оқулықтарды биология сабақтарында пайдаланудың артықшылықтары:

  1. Өтіліп отырған тақырыпты жан-жақты меңгеруі;
  2. Оқыту үрдісінің әр түрлілігі мен оқушының қызығушылығының артуы және жеке тұлға ретінде шығармашылығының артуы;
  3. Оқушының шығармашылық қабілетінің артуына көмектеседі;
  4. Мұғалімнің тиімді оқыту әдістерін таңдап алу мүмкіншілігін кеңейтеді.

 

Компьютерлік технологияларды пайдалану:

  1. Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалану
  2. Көп рет қолдану арқылы қажет кезінде тоқтату
  3. Оқытылып отырған тақырыптың әр бөлімдеріне тоқталып отыру
  4. Берілген білімді көру, есту, көңіл-күй арқылы қабылдау

 

Оқыту үрдісінде компьютер бірнеше қызметті атқарады

  1. Информациялық ақпарат көзі
  2. Тексеру-өз біліміңді тексер
  3. Коммуникативтік-оқытудың негізі
  4. Оқыту-білім көзі
  5. Дамушылық-ойлау қабілетін дамыту

 

Қорыта айтқанда , интерактивті тақта  ақпарат  берудің көптеген  арналарымен ғана қамтамасыз етіп  қоймайды, сонымен қатар  әр  түрлі  орталар  бірін-бірі толықтыратын  жағдай  туғызады. Оқушылардың алдында өз тілі бар  жеке  ортаны  шығармашылықпен  қолдана  алатын  жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Интерактивті тақтаны  қолдану  оқушыларды ізденімпаздық дағдыларын шығармашылық жобаларын  іске  асыру  бағытына ауыстыруға үйретеді. Сондықтан да интерактивті тақта- оқу үрдісін құру құрылғысы ретінде , ал компьютер- кітап  пен қалам  сияқты   оқушының жұмыс құралы  ретінде  қолданылады. «Күрделі заманда жастарға ақпараттық  технологиямен  байланысты әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет »   деп, Елбасы  атап  көрсеткендей,   жас  ұрпаққа білім  беру   жолында   ақпараттық  технологияны   оқу  үрдісінде   оңтайландыру  мен  тиімділігін   арттырудың  маңызы   зор.

Жаңа ақпараттық технологияларды білім  беру  жүйесінде   қолданудың  ең  маңызды   факторы   негізгі  қозғаушы  күші   адам,  сол  себепті  білімнің   негізгі   принциптері  іске  асырылады.Осыған  байланысты   адамның  шығармашылық  потенциалын  дамыту   үшін   қажетті  жағдай  жасалу  керек.

Жоғарыда айтылған  ой-пікірлерімді   тұжырымдай келе, компьютерді  қолдану  негізінде  мектеп  пәндерінің   оқыту  сапасын   арттырып,  білім  беруді  ақпараттандыру  жүйелі  түрде  іске  асады.