Жобалау әдістемесі шетел тілі сабағында жеке тұлғаға бағыттап оқытуды жүзеге асыру тәсілі ретінде
Жобалау әдістемесі шетел тілі сабағында жеке тұлғаға бағыттап оқытуды жүзеге асыру тәсілі ретінде
Шетел тілін игеруде оқушылар көптеген қиындықтарға кез болады. Қазіргі уақытта шетел тілі қай жерде болса да қажет. Көп жылдан бері осы салада қызмет ете келе, мен оқушылардын шетел тілін уйренуде қызығушылығын арттыру жолдарын іздеудемін. Менін ойымша, қызықтырудын кілті оқу процесін жеке тұлғаға бағыттау. Соңғы кездері жеке тұлғаға бағыттап оқытудың альтернативті технологиясын қолдану туралы көп айтылып жүр. Басқа пәндерге қарағанда шетел тілі жеке тұлғаға бақыттап оқытуды көбірек қажет етеді. Шынымен де, оқушы сөзі — оның өз көзқарасын, эмоциясын, жеке ойын білдіру құралы. Қарым қатынас кезінде, мүмкіндігінше, оқушының қызығушылығын арттыратын, жеке тәжірибесімен байланысты ситуацияларды қолдану керек, яғни жеке тұлғаға бағыттап оқытуды жүзеге асыру керек. Аталған әдісті жүзеге асырудын бірден бір жолы жобалау әдістемесі болып табылады.
Оқушыны оқу процесіне тікелей араластыру қажеттілігі, оны оқу ісінде белсенді субъект жасау, оның басқа оқушылармен бірлесе жұмыс істеуін ұйымдастыру, оқу процесіне шынайы практикалық бағыт беру- оқыту технологиясының бұл әдісін, яғни «жобалау әдісін» шетел тілдері сабақтарында қолдану тиімді деп ойлаймын.
Соңғы жылдары оқу процесінде сөз әрекеттерінің ең аз дегенде шартты коммуникатив-тілікпен сипатталатын түрлері, мысалы, бір мәтінді барлық оқушылардың оқып, оны бір біріне әңгімелеп беруі аз қолданылады. Соңғы кездері сыныптағы топтар түрлі мәтіндер-мен жұмыс жасайды, бұл біріншіден, әр оқушының шамасына қарай жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Жұмыстың бұл түрі оқушыларды шынайы коммуникацияға, яғни басқа топтармен ақпарат алмасуға дайындайды. Оқушылардың топтағы қызметтері алмасуы мүмкін, сонымен қатар топ мүшелерінің құрамы да алмасады, бірақ жұмыс дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқу және коммуникативті іскерлік жетіліп, оқушыларда сөйлеу инициативасы дамиды.
Жобалау әдісі практикаға бағытталған, оқушының өз бетімен жасаған жұмысын топтың және коллективтің жұмысымен ұштастыру мүмкіндігін береді, оқушылардың қажетті ақпаратты өз бетінше іздеуіне түрткі болады, табылған ақпаратты дұрыс ұйымдастырып, оны басқаларға таныстыру үшін шығармашылық фантазияның дамуын талап етеді.
Жобалау әдісі оқушыны жан-жақты белсенді етеді; оның интеллектуальді сферасын, типологиялық ерекшеліктерін және мінез- құлқын; қызығушылығын, еңбекқор-лығын,табандылық, коммуникативті іскерлігін,сезімін,эмоциясын оятады.Сабақтан және мектептен тыс жұмыс істегендіктен оқушы мен мұғалім арасында, оқушылардың өздерінің арасында түрлі оқу және тәрбие ортасы қалыптасады.
Әр жоба түрлі фазалардан қадамдардан тұрады. Жоба фазалары қадамдары дұрыс логикалық ретпен бірінен соң бірі өтеді.
Жоба дегеніміз не? Ол оқытудың бір формасы, яғни белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір тапсырма орындалады. Шешу жолы, яғни қадамдары өз бетінше жоспарланып, өткізіледі.Көптеген жобаларда жұмыс түрлі топтарға бөлінеді.
Жобалау жұмысы құжаттандырылады да, соңында жұмыс презентазияланады. Презентацияда адам өз жіберген қателерін көріп, үйренеді және келесі жолы қалай жақсырақ жұмыс жасау жолын қарастырады.
Неге оқушы жоба әдісін үйрену керек? Жоба әдісі бойынша оқушы өз бетімен жұмыс жасай алады. Оқушы жұмыс жоспарын өз бетінше құрып, егер де қате жіберсе, қатесін өзі көріп, жіберген қатесінен үйрене алады. Қазіргі уақытта көп тапсырмалар қиын, оны жалғыз адам шеше алмайды, сондықтан белгілі бір тапсырмалар үшін жоба командалары құрылады. Бұл командалар белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір тапсырманы шешу керек. Әркайсысы өзінің пәні бойынша білімін және бейімділігін жұмыста көрсетеді. Жоба жұмысы жүру үшін кім, не, кіммен, қай уақытта, қалай жасайтыны келісілуі керек. Тек қане, егер де әркім жоба жоспарын ұстанса, сол уақытта ғана проблема шешіледі.
Мектеп жобаларындағы жұмыс оқушыны шыңдайды, болашақ мамандықтарының талаптарын орындай алатындай етеді.Сонымен қатар, оқушы жұмыс тапсырмаларын бөліп, ұйымдастыра алуға үйренеді, сөйтіп кез келген жұмысты орындай алатындай шеберлік қалыптасады.
Жоба қалай өтеді? Жоғарыда айтқанымыздай, жоба бірнеше фазалардан қадамдардан тұрады.
Жоба фазалары | |||
1 | Проблема | Тақырып таңдау | Қандай тақырыпты зерттеуім керек? |
Бұл тақырыпта қандай бөлімдер бар? | |||
Менің жоспарым не? | |||
Бұл жоспарға не жатады? | |||
Пролеманы суреттеу. | |||
Қай оқушылар бірге топ құрай алады? | |||
2 | Жұмысты жоспарлау; | жұмыс жоспарын шешу жолдарын дамыту | Жекеленген қандай тақырып бөлімдерімен жұмыс жасауым керек? |
Осы тақырып бөлімдерін зертеу үшін қандай қадамдар жасауым керек? | |||
Қандай қадамдар жасауым керек? | |||
Уақыт және жұмыс жоспарын жасау. | |||
Топ ішіндегі бірлескен жұмыс ережелерін түсіндіру. | |||
3 | Жобаны өткізу: | жобамен жұмыс белгілі тапсырмаларды орындау | Жекеленген тапсырма бөлімдерін шешу |
Тақырыпшалармен жұмыс. | |||
Жұмысты уақыт және жұмыс жоспарымен салыстыру. | |||
Жоба құжаттарын документтерін толықтырып отыру. | |||
4 | Презентация | Жоба көрсетіледі: | барлық қадамдар/фазалар қысқа, және жобаның нәтижесі көрсетіледі. |
5 | Бағалау | Не жақсы орындалды? | |
Нәтижесінде нені дұрыстауға болады? | |||
Келесі жолы шешу жолында нені дұрыстауға болады? | |||
Топ жұмысы қалай өтті? | |||
6 | Жоба құжат-тарын аяқтау | Жоба материалдарында әр фаза/қадам құжаттандырылады. | |
әр фазада/қадамда не жоспарланғаны, не орындалғаны жазылады. | |||
не жақсы, не нашар өткені жайындағы ойлар да құжатқа кіреді. |
Жеке жоба фазаларында/қадамдарында не ескерілуі керек?
- Таңдалған тақырып оқушыны қызықтыру керек. Оқушы белгілі бір топқа бөлінгенде, ол топта оның достары болғандықтан емес, тақырып оны қызықтырғандықтан сол топта жұмыс істеуі керек.
- Жоспарланған тақырып белгіленген уақытта игеріле алуын естен шығармау керек.
- Проблеманы шешуде/тақырыпты игеруде қандай материал және ақпарат қажет?
- Презентация мақсаты тыңдармандарға жоба нәтижесін көрсету.
- Презентация ауызша және еркін өтеді.
- Презентацияға түрлі көрнекі құралдарын қолдана аласыз: сурет, газет қиындылары, презентация плакаты, powerpoint-презентациясы.
Жобаны қорытындылағанда мыналар ескеріледі:
- Біз тақырыпты дұрыс таңдадық па?
- Уақыт және жұмыс жоспарын дұрыс жасадық па?
- Жұмыс жоспарлағандай өтті ме? (егер жоқ-онда неге?)
- Біз презентациямызды жақсы дайындадық па?
- Презентацияда қолданған материалдар, құралдар көрнекі болды ма?
- Келесі жолы қалай жақсырақ жасаймыз?
- Біз топта қалай жұмыс жасадық?
- Егерде топта жұмыс ойдағыдай өтпесе онын себебі неде?
Жоба құжаты:
- Жоба жазбаша мәлімдемемен көрсетіледі.
- Жоба мәлімдемесі жоба папкасында жинақталады.
- Жоба мәлімдемесіне мыналар кіреді:
-оқушы аты-жөні, телефон нөмірі, сыныбы, оқу жылы, жобаның тақырыбы
-әр жоба фазасына/қадамына мәтін
-әр мәтінде сен қалай жұмыс істегеніңді және жоба нәтижиесін суреттейсің
Жобаны бағалау: мұғалім жоба құжаттарын мынадай жағдайларды ескере отырып қарайды:
- Жоба идеясы:
- Мақсаты/тақырыбы көрсетілген бе?
- Тақырыпшалар дәл көрсетілген бе?
- Жобаны жоспарлау:
- Уақытты дұрыс бөлдін бе?
- Жобамен жұмыс:
- Әр жұмыс қадамдарын мұқият жасадың ба?
- Сенің басқа оқушылармен жұмысың қалай өтті?
- Сен жұмыс және уақыт жоспарыңды басшылыққа алдың ба?
- Сенің жоба нәтижең қандай?
- Жобаны презентациялау:
- Сен еркін презентацияладың ба?
- Презенация құралдары жақсы, түсінікті болды ма?
- Жоба құжаты:
- Сен жобаның барлық фазаларын суреттедің бе?
- Сенің жоба мәлімдемеңнен сенің қандай тәжірибе алғаныңды көруге болады ма?
- Жоба папкасы дұрыс жасалған ба?
— Көрнекі
— Түсінікті
- Қорытынды:
- Жобаның өтуі жайлы ойладың ба және жіберілген қателерден болашақтағы жобалар үшін қорытынды жасадың ба?
Жобалау әдісі шынайы практикалық нәтижеге бағытталған проблемалық, зерттеу, іздестіру әдістерін қарастырады.
Дүние жүзінің барлық елдерінде жобалар әдісі кең қолданылады, себебі, ол бір проблеманы шешу барысында оқушылардың алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндіктерін береді.