«Менің педагогикалық психологиям»

                «Менің   педагогикалық   психологиям»

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың  ұлы ақыны, ойшылы, сазгері, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнын табуға тырысады, яғни өседі, өнеді, «еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, қалаған мамандықтарының қызығын көреді.

Балалық шақта кішкене сәби жүрек қиялшыл, жақсыға жаны құмар еліктегіш болып келеді. 5-6-шы сыныптарда-ақ менің арманым 2 мамандықтың төңірегінде болды, бірі-ұстаз болу, 2-шісі заң саласының қызметкері. Қазіргі таңда 2 мамандықтың да иесі болып табыламын. Сонау 1991-1996 жылдары бірінші мамандығым – орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі біліктілігіне ие болсам, араға 2 жыл салып, арманымның  2-ші қанатын теңестіріп, заңгер атағын алдым. Екі салада да ұстаздық жолмен жұмыс істеп, жемісін көрдім. Жалпы еңбек өтілім 1990 жылдан басталса, арнайы ұстаз ретінде 1996 жылдың қыркүйек айынан басталады, яғни 12 жыл.

Осы орыс сыныптарында өткізген 12 жылдың ішінде қандай өзекті мәселелерге кез болдым, негізінен солардың көзін, мазмұнын ашуда қандай әрекеттер жасадым?, осы мәселелерді шешуде қандай әдістер мен жолдарды алға қойдым? Деген сұрақтарға қысқаша жауап беріп көрейін.

Қазақ тілі – ҚР мемлекеттік  тілі , өркендеген мәдениеттің, ғылымның, ресми іс қағаздарының тілі. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, біздің ата-бабаның, ұрпақтың алдындағы міндетіміз. Қазақ тілін оқыту барысында кездесетін негізгі мәселелерге тоқталатын болсам:

  • Әлі де болса қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындамау-(өзге түгілі өз қандастарымызды алатын болсақ) басты кедергі.
  • Мәтінмен жұмыс бойынша (қазақ тіліне тән дыбыстарды айта алмау, аударма жұмысымен жеке айналысқанда туындайтын қиындық).
  • Талдау барысындағы қиыншылықтар.

Жоғарыда айтылған мәселелердің шешімін қалай табуға болады?

  • Өз қандастарымыздың ана тіліне немқұрайлылығын азайтумен қатар сабақ барысында мәтінге байланысты іс-әрекет жасаймын. Олардың бойындағы намыстарын, патриоттық сезімдерін  оятуға тырысамын. Мысалы: қандай да бір тұлғаны өтетін  болсам, қосымша деректер келтіремін, әріге бармай Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевты аламыз. Сабақ  барысында өмірбаяны, әндерінеен,өлеңдерінен үзінді келтіріп, талдап, сабақтың соңын әнмен аяқтаймын.
  • Асыратыны жоқ, мәтінді оқу барысында сыныптың көпшілігі қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға қиналады. Бұл мәселені шешу үшін балаға бастауыш сыныптардан тіл дыбыстары толық мағлұмат( дыбыстарға байланысты тірек сызбалар, көрнекі құралдар) беру керек. Мәтінді сауатты оқу үшін күнбе-күн дыбысқа байланысты тірек сызбаларды қолданамын. Әсіресе Ж.Баулыбайқызының  тірек сызбалары маған өте ұнайды, айтуға, жаттауға, есте сақтауға да өте ыңғайлы. Әр сабақ сайын қайталап отырудың  да еш қиыншылығы жоқ..
  • Өз бетінше аударма жасаумен айналысқанда мен үнемі мәтін бойынша (берілген сөздер мен сөз тіркестерінен басқа) қосымша түсініктеме беріп, ол – тұрақты тіркестер т.б болуы мүмкін, міне осылар бойынша сөздік жұмысын жасап, сонымен бірге қазақ тілі мен орыс тіліндегі сөйлем құрылысының айырмашылығын түсіндіріп, көрсетіп отырамын.

Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды 3 деңгейге:

1-ші деңгей -5-ке, 2-ші деңгей-4-ке, 3-ші деңгейдегі  тапсырманы 3-ке оқитын оқушыларға беремін.

1-ші деңгей – мәтінді өз бетінше аудару, мәтіннің мазмұны, сөйлем құрастыру.

2-ші деңгей –мәтінді  тірек сөздердің көмегімен аудару, бөлімдерге бөлу. Сөздік жаттау.

3-ші деңгей-мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, сөздік жаттау.

  • Суретпен жұмыс жасау: 1) ауызекі сөйлеуді қалыптастыру (баға қоймай), 2) тірек сөздер арқылы мәтін құрау.

Талдау барысындағы қиыншылықтарға  келетін болсақ, морфология бойынша туындайды. Еркін меңгеру үшін  мен әр талдаудың үлгісін, тірек сызбаны сабақ барысында үнемі қолданамын. Әрбір оқушымның жеке қоржынында сызбалары бар.

А) Фонетика. 1) буын саны. 2) Дауысты дыбыстар. 3) Дауыссыз дыбыстар. 4) Неше дыбыс, неше әріп.

Ә) Лексика. Шатаспау үшін жалғаудың төрт түрін мүдірмей білу, түбірден қателеспеу үшін аударма жұмысын қатар жүргізу керек.

Б) Синтаксистік талдау. Сөйлем мүшелерінің  сұрақтары  мен орын тәртібін нақты білу керек.

Мұғалім өз жұмысын тартымды  өткізу  үшін  не істеу  керек?

  • Мұғалім этикалық, эстетикалық талғамдарға сай, яғни сөз саптасы, сөйлеу мәнері т.б сай болу керек.
  • Білімі талабына сай болу керек.
  • Сыныпта барлық оқушыны қамту, жағымды психологиялық ортаны қалыптастыруы керек.
  • Әдістемелік, көрнекі құралдарды тиімді пайдалану керек.