АҚПАРАТТЫҚ — КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

 

АҚПАРАТТЫҚ — КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

 

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр — жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру — бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында».  (Н.Ә. Назарбаев)

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекег қабілетті маман дайындау. Мектеп — үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі — педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі — оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі — ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру саласында көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта, мультимедиа, интернет кеңістігі, электрондық оқулықтар.

Оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

  • Бір қалыпты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
  • Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
  • Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
  • Оқушының есте сақтау қабілеттерін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).

Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану барысы:

  1. Териялық материалды меңгерту кезінде:
  • Электрондық оқулықтар;
  • Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар;
  • MS Word редакторында жасалған сызба кестелер, үлестірмелер;
  • Блокнот мәтіндік кіші редакторда жазылған ережелер жиынтығы (электрондық ереже анықтамасы) немесе электрондық сөздік қолданылады.
  1. Теориялық материалды бекіту кезінде:
  • Word Pad мәтіндік редакторында мәтінмен тікелей жұмыс (түзету, үзінді қосу, аяқтау, әріп қою, астын сызу, суреттер мен сызбалар кірістіру).
  • Мультимедиалық мүмкіндіктерді пайдалану (дыбыстарды жазу мен ойнату, лазерлік ойнатқыш бағдарламасы, фонограф бағдарламасы арқылы дауысты жазу және жазылған дыбыстық файлды құжатқа қою аудиолекцияны алдын ала жазып алып, сабақ барысында қолдануға болады).
  • Интернет жүйесі, яғни электрондық кітапхана мүмкіндігін қолдануға болады. Ол арқылы жаңа мәліметтер қорыту.
  1. Теориялық материалды қорыту кезінде:
  • Тест бағдарламасы арқылы білімді тексеру;
  • Power Point бағдарламасымен презентация жасату;
  • Excel бағдарламасында өз білімдерінің мониторингісін шығару.
  • Сынып ішіндегі компьютерлік желі арқылы өзара білім жарыстыру неме өзара тексеру жұмыстарын жүргізу;
  • Әмбебап ойнатқыш бағдарламасына жазылған файлдар арқылы диктант алу;
  • Интернет жүйесі арқылы жазылатын рефераттар, виртуальды интернет олимпиадалар.

Өз практикамда осы бағыт бойынша жұмыстар жүргіземін. Мысалы 5 сыныпта «Программалық жабдықтама. Операциялық жүйе түсінігі» тақырыбын бекіту кезінде оқушылардың деңгейіне байланысты әрқайсысына деңгейлік тапсырмалар беремін:

А деңгейі: «Адамдарға қандай программалық жабдықтама қажет» кестесі.

Бұл кесте алдын ала Word редакторында дайындалады. Оқушылар қажетті ұяшыққа «+» белгісін қойып толтырады.

В деңгейі: «Windows операциялық жүйесіндегі жұмыс»

Оқушылар жұмыс үстеліндегі белгішелер ретін ауыстыру, жұмыс үстеліндегі белгішелерді жасыру сияқты жұмыстар жүргізеді.

С деңгейі: «Қандай кәсіп иелері символдық, графикалық және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істейді?» Кестені мысалдармен толтырыңдар.

Бұл деңгейде оқушылар өздеріне ыңғайлы бағдарламада кесте сызып, өздері толтырады.

Сонымен қатар 5-сыныптан бастап оқушылар өздерінің электрондық сөздігін «Блокнот» бағдарламасында құрып әр сабақта жаңа сөздермен толықтырып отырады. Осы жұмыстар сабақ барысында уақыт үнемдеп практикаға көп көңіл бөлуге септігін тигізеді.

11-сынып оқушылары өз білімдерінің нәтижесін «Excel» бағдарламасына салып мониторингісін шығарып отырады. Бұл жұмыс оқушының практикалық шеберлігін арттырып қана қоймай, алға ұмтылуына жол ашады.

Әрбір ұстаздың  алдына келген бала  да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды оқушының флеш-карталарына салып беру өте тиімді.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің тиімділігі:

  • Бағдарлама бойынша барлық оқушыларға қолайлы;
  • Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны сынып оқушылары арасында талқылауға, қателерін дер кезінде маркер арқылы жөндеуге мүмкіндік туғызады;
  • Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғызады;
  • Мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады.

Қорыта келгенде, қазіргі  кездегі  жалпы  білім беретін мектептердегі  оқу-тәрбие үдерісінде әлеуметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін  талап етеді, яғни оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық, оқу курстары) өтіп, екінші саты – ақпараттық технология деңгейіне көтерілу. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – білім субъектілерін дамытуда  үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020

жылдарға арналған  даму бағдарламасы.

  1. Қазақстан мектебі. №6, 2006 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  3. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан

халқына Жолдауы, 2011 жыл

  1. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал