Ж. Қараевтың „Үш өлшемді әдістемелік жүйе“ технологиясы

 

Ж.Қараевтың „Үш өлшемді әдістемелік жүйе“ технологиясы.

 

Қазақстан Республикасының білім беру саясатындағы негізгі принциптердің бірі, ол: жеке адамның білімділігін ынталандыру және дамыту. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының білім туралы заңында былай делінген: «Білім саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдалған негізгі принциптеріне тұңғыш рет… білімділікті ынталандыру мен дамыту принципі енгізілген, сол арқылы интелектуалдық еңбектің беделін көтеруге болады».

Бүгінгі әлемде <білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді». Шындығында қазіргі уақытта бүкіл әлемге балалардың білімділігін ынталандыру мен дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.

Соңғы кездерде «педагогикалық технология» жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Педагогикалық технология оқытудың тың әдістемесі немесе мүлде жаңаша жолдарын қарастырады деп түсінбеу керек. Оқыту мен тәрбие беру үрдістері ешқандай «науқандық » өтпелілікті көтере алмайтыны белгілі. Керісінше адамзат баласының өз ұрпағын оқыту,тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін ,тәжірибелерін жалғастырып,тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.

Сабақ – ұстаздың көп ізденуінен,көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы ²шығарманы² алдында отырған оқушыларға игерту де оңай шаруа емес.Ол үшін мұғалімнің біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс-тәсілдерді қолдана білуі,айтқанын оқушы жүрегіне жеткізе алатындай шешендігі, шебер ой-өрнегі болуы керек.

Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар,оқыс әрекеттер кездеседі.Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп,ешқандай әрекетке жол бермей сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда озат педагог-ғалымдар,тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіріп өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті.Осындай технологиялардың бірі-Ж.Қараевтың „Үш өлшемді әдістемелік жүйе“ технологиясы.

Үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы дегеніміз-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі.Бұл технология үш деңгейде берілген.Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.

Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасады.Әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.І деңгейді орындау арқылы 5 ұпайжинап, жинаған ұпай үшін бағасы-3, ІІ деңгейде 4 ұпай жинап, жинаған 9 ұпай үшін бағасы-4 , ІІІ деңгейде 3 ұпай жинайды.Үш деңгейді орындап, жинаған 12 ұпай үшін оқушыға 5-тік баға қойылады.Үш деңгейді толық орындаған оқушы шығармашылық және олимпиада есептерін шығарумен айналысады.

Біздің мектебімізде бұл технологиямен бірнеше мұғалімдер жұмыс жасайды. Атап айтсам , математика пәнінің мұғалімі К.Сабдирова, Н.Мейірманова,Ә.Ержанова т.б.Сонымен қатар физика пәнінен 9-сыныпта жұмыс дәптерімен өткен жылдан бері жұмыс жасап келемін.

Нәтижесінде бұл әдіс оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне,сөйлеу шеберлігінің артуына, оқушының өз бетімен жұмыс жасауына үлкен ықпал етеді.Осы технологияны оқу үрдісіне енгізу барысында білім сапасының да айтарлықтай артқаны байқалды.Өткен оқу жылыныңқорытындысы бойынша мектебімізде 1 тоқсан аяғында оқу сапасы 46% болса,жыл соңында 70%-ға жетті. Деңгейлеп оқыту барысында оқушылардың есте сақтау қабілеті жақсарып,өз эмоциясын өзі басқара білетіні,қабылдауының күшеюі,зейінінің тұрақтылығы,ойлауы дамитыны анық байқалды.

Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы бойынша 15 мұғалім курстан өтті.Олар осы технологиямен білім беру барысында оқушылардың білімін тереңдете оқытуға көңіл бөліп,үлкен жетісктерге жетуде.

 

Жаңақорған ауданы №213 „Қыркеңсе“ орта мектебінің

физика пән мұғалімі: Б.Әкімбаев