Ағылшын тілі сабақтарында алғашқы түсінік айтуға үйрету- оқытудың маңызды міндеттерінің бірі.
Ағылшын тілі сабақтарында алғашқы түсінік айтуға үйрету- оқытудың маңызды міндеттерінің бірі.
Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады ,себебі диалог оқушыларды қарапайым ауызша сөйлей білуге үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар,тыңдай отырып ұғына білуге және өз ойын жеткізе білуге үйретеді Диалогты оқыту әдісін пайдаланып қана қоймай,оқушылардың өз еркімен ойлау жүйесін дамыту мақсатында ішкі ойлау жүйесін (монолгты) біртіндеп дамыту қажет.
Бұл тұрғыда ,біз мазмұндауға арналған жаттығулардың бәріне тоқталып жатпаймыз.
Біріншіден, мазмұндауға арналған жаттығулар – күрделі,сондықтан балалар оны мұқият ұғып алу керек. Мазмұндау жүйесі дұрыс жүргізілсе,жеке тұлға бойында мынандай бейімділік қалыптасады:қиял,өз бетімен жұмыс,шығармашылық. Мәтін бір болғанмен,оқушылардың қабылдауы әр түрлі болып келеді.
Екіншіден,мазмұн айту-жаттығу жұмыстарының ең күрделісі,сондықтан әуелі мұғалімнің жетекшілігімен сыныпта оқытылуы тиіс.
Үшіншіден,мазмұн айту- оқушылардың алғыр білімі мен шеберлігін қажет ететін жаттығу жұмысы ,сондықтан тексті оқытпас бұрын өз еркімен ойлай отырып,мазмұн айтуға ұзақ уақыт дағдыландыру қажет.
Оқушыларға мәтінді мазмұндауға көшу үшін жаттығуларды толық орындай отырып, механикалық жаттаудан өз ойын айқындап мазмұн айтуға ұзақ дайындау керек.
Кеңірек тоқталатын болсақ,өзіндік ойлау жүйесін дамыту мақсатында мазмұн айтуға көп тапсырмалар берілген. Бұның барлығы өзіндік оқыту жүйесінде қолданылады. Бірақ мұны 2 топқа бөлуге болады:
- Сөздік қор мен ойды дамытатын жаттығулар
- Логикалық ойлауды қалыптастыратын жаттығулар.
Оқытудың алғашқы сатысында:сөзді жаттау,тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру,өлең және т.б. орын алады Бұл жаттығулардың мақсаты-оқушылардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді Сондықтан ауызша сөйлемдерді енгізген кезде He has a … This is a ….Оқушы материалды игеріп қана қоймай,автоматты түрде тез ұғып алып,ұғымдарды дұрыс қолдана алатындай етіп жүргізу қажет.(бірыңғай сөйлемдерді құру) Бұл жұмысты орындауға көмек болатын әр түрлі қойылымдық жаттығулар бар,мысалы:
- Мұғалім сөйлемді оқиды: “ Arman,take a pen!” Соңғы сөзді ауыстырып айту үшін,суретте көрсетілген заттың атауын табуды ұсынады.Алдымен оқытушы өтімді жауапты талап етеді. Содан соң,жеке сұрақтар қояды.(әрбір оқушы 2-3 сөйлемнен айтады)
- Мұғалім де сол сөйлемдерді айта отырып,оқушыларға таныс сөздермен алмастырып айтуды ұсынады.
Бұл жаттығудың нұсқалары оқушыларды өз бетімен жұмыс істей білуге үйретеді.
- Мұғалім сөйлемді оқиды: “Amina,take a pencil!” Оқушылар кез-келген сөзбен алмастыру керек. Cодан соң сөйлемді ауыстыру қажет “Bagdat,open the window!” “Ernazar,close your copybook!”
Бұл жаттығу барысында оқушылар арасынан әр түрлі нұсқалар қалыптасады. Әр түрлі бұйрықты сөйлемдер айтылады. Бір үлгі арқылы әр түрлі тілдік тұлғалар толықтырылады.
Оқытушы cөйлемдерді қысқартуға және сөйлемдерді толықтыруды ұсынады Бұл сөйлемдердің оқушыларға ағылшынша сөйлемді өз бетімен құруға септігі мол.
Мұғалім сөйлемді оқиды: “I see two green pencils in the red box.”
Оқушылар сөйлемді бір сөзден қысқарта отырып айтады. Хормен барлық сөйлемдер қайталанады.
Мұғалім басқа сөйлемді айтады: “This is a cat.”және анықтауыш болатын сөздерді қоса отырып әр түрлі cөйлем құрауын ұсынады
Өз жұмысымда мынадай сөйлемді кеңінен қолданамын. Мысалы,мұғалім сөйлемді айта отырып,оқушыларға рифмикалық сөйлем беруді ұсынады
Мұғалім: I have a stick.
Оқушылар: We see Nick.
Мұғалім: Ann has a kite.
Оқушылар: My cat is white.
Көбінесе біз оқушылардың өз ойын айтуға қатысы бар жаттығулардың түрін орындатқызамыз.
Бұл жаттығуға кеңінен тоқталайық:
- Мұғалім суреттің түр-түрін іледі. Оқушылар әр суретке бір сөйлемнен атау береді. Осы атаулардан әңгіме құрайды. Содан соң, барлық сөйлемдер хормен айтылады. Мұнан соң, мұғалім суреттерді алып,2-3 оқушыға әңгімені қайталауды ұсынады. Содан соң тапсырма күрделене түседі: суреттер қайта ілініп суреттерден 2-3 сөйлемнен құратады оқушыларға сол сөйлемдерді айтқызып,суреттегі детальдардан сөйлем құрайды.
- Мұғалім сюжеттік суретті көрсетіп,сөйлем етіп құрастырғызады. Әңгіменің басын құрайды. Мұғалім сөйлемдердің барысынан бір сөйлемді таңдап,оқушыларға әңгіменің басы болатын сөйлем құрауды ұсынады.
Сонымен,әр түрлі сөйлемнен бір әңгіме шығады. Құралған әңгіме хормен қайталанып,содан соң әр қайсысы бөлек-бөлек оқиды.
- Мұғалім оқушыларға ауызша әңгіме ұсынады. Айтылып жатқан әңгімеге сай келетін суреттер қойылады. Әңгімені аяқтаған соң,мұғалім оқушылардан әңгімені суретке қарай отырып айтқызады. Бұл жаттығу күрделене түсуі мүмкін: мұғалім үнсіз суреттерді іліп, әңгіме құратады, 2-3 минуттан соң бір оқушы әңгімелейді. Ал қалғандары тыңдай отырып толықтырады, қатесін түзейді.
- Мұғалім оқушыларға кез-келген бір әңгімені айтады. Әңгімені аяқтаған соң, әңгіменің басын ойдан ойлап шығаруды өтінеді. Әркім өз нұсқаларын айтады,ішінен ең жақсысын таңдайды.
- Мүғалім оқушыларға өткен тақырып бойынша шағын әңгімеге құрылған материалды оқиды. Одан кейін оқушылардан бір сөйлеммен әңгіменің тақырыбын сұрайды.
- Мұғалім сөйлемді негізге ала отырып оқиды,және әңгіме қарауды өтінеді. Мұғалім жақсы және қызықты шыққан әңгімені өте жақсы деп бағалайды.
Оқушылар өз бетімен орындайтын мазмұндауға арналған тапсырмаларды орындамас бұрын сыныпта тапсырмаларды көп орындауы тиіс. Сол уақытта ғана мазмұн айту өз бетімен орындайтын тарсырмаға сай келеді.