Қазақ баласын қалай тәрбиелеген?
Қазақ баласын қалай тәрбиелеген?
Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғарғы білімсіз-ақ тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін баласының бесігінен бастаған халқымыздың елден шыққан тентегіне де «Сен
оңбассың , адам болмассың» дегенді тұқыртып бетін қайтарып айтуды жөн көрмеген. Адамдықтың парызын
перзентінің көкірегіне татырып іс әрекетін қадағалаған.
Табиғатта айдай әлемге иелік етер күші болса да, адамды өзге тіршілікпен тең ұстаған- қазақ. Бесіктегі қимасына: «Асқарым, асқағым» деп емес, жан- жануармен, жәндік аталуымен тағдырластығын мойындататын: «құлыным, бөпем, ботам, қошақаным» деп еркелеткенді де шыбынға да қиянат болмасын дегенді де бірінші қазақтан естідік. Бүкіл болмысын, шыбын жанын перзентінің үстінде болған қазақтың баласын шамадан тыс тойындырып, ошақтың түбінде қорғаштағаны да ешбір тарихта жоқ. Жеті жасар айдарлысын жауға аттандырып, он бестегі ұланына ел басқартқан халық бұл.
Халықтың өткенін жоққа шығармақ түгілі, ата- дәстүрінің дүниелерін баласының қауыздан жүрегіне сыйғызып әнші де еткен, батыр да еткен, қызыл тілді шешен де еткен халқымыз.
Ғасырлар бойы қолдан-қолға өтіп келген халқымызға өзгелердің аузымен танылып келген «Жазу-сызу болмаған надан болған деген» сыңар жоқ пікірлерден азат етіп, қазақтың табиғи дарындылығын, зерделі қабілетін мойындатар мезгіл жетті. Жас ұрпағын Ер Төстіктің ерлігімен, Толағайдың ақ жүрегімен, Тазша баланың тапқырлығымен тәрбиелеген халықтың, тартқан әсері болмап еді, қазіргі кезде оның ұлттық педагогикасын бұрмалаудың салдарынан балаларымыздың жүрегіне мөр қалдырып, жастық, қорқақ, екі жүзді, үрейлікке тәрбиелеп отырған өзіміз.
Кезіндегі әжелеріміз немерелерін ертегімен тәрбиелесе, қазіргі әжелер теледидармен тәрбиелейді. Радиодан, кинодан, телевизордан қанын тамызып, көз жасын сорғалатып көрсетіп жатқан детективтердің сұрқия көріністерін жастардың алақанына салғандай бұзықтықтың жасалу жолдарын көрсетуіміз қаперінде дәнеңе жоқ, алаңсыз жастардың ой түсіріп, тұнығын лайлар көкіректерін қарайту арқылы жамандыққа қарсы жеркеніш сезімін тудырады деуіміз үлкен ағаттық. Ғасырлар бойы ата- бабамыз қолданған тәлім-тәрбие беру үлгісіне қайта оралуға өмірдің өзі талап етіп отыр. Оған немқұрайлы қарауға болмайды. Екі ауыз сөздің басын құрап ойын айта алмайтын шәкірттер жыл сайын өмірдің саласына қанат сермеп жатыр. Ал, олардың көбісі үйде ата-анасымен жүрек жарды шүйіркелесіп атасы мен әжесінің тізесіне отырып ертегісін естімей өскендіктерін , не мектепте 11жыл бой шешіліп ойын айтып үйренбегендіктерін аңғартып жатыр.
Бұрын баласына дейін мың жылдық қисаларды жатқа соғатын халқымыздың табиғи зерделілігі, қабілет есі ауыз әдебиетінің асыл мұраларына «еріккеннің ермегі-ертең» деп,немқұрайлы қарап келгенімізді өмір дәлелдеп отыр.
Тілімізді, дінімізді жоғалтып алдық деп оңайырақ, бірақ соны қайта оралту қиынға соғып жатқан шақта қол қусырып қарап отырмай, жас ұрпағымыздың сылдыр сөз, еспе сөз құмарлықтан, қызыл сөзділіктен бойын аулақ ұстап, қиялдай білуге, талғаммен сөз саптауға үйретуге болатынына көзіміз жетеді. Сондықтан, ән айтуға, би билеуге, сурет салуға, өлең шығаруға ұмтылған бабалар сияқты сөз мәйегін терген, мақал-мәтелге үйір бір айтар ұшқыр сөзге құлақ қояр жеткіншектерді іріктеп , сөз жарыстырып көретін арнайы шешендік сайыстар өткізіп отырсақ.
Ел ішіндегі «Тазша баланың» тапқырлық қасиетін оятып кейде үлкенге ақыл-ойын жеткіздіре түссек жақсы болар еді.
Біздің басты міндетіміз-адамзатты ойлай білуге үйрету.