Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, қышқылдар тақырыбын оқыту

 

БАЯНДАМА

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, қышқылдар тақырыбын оқыту

 

 

Жоспар:

 

І.Кіріспе

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану тиімділігі
  2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, қышқылдар тақырыбын оқыту

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

І.Кіріспе

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы

 

Жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар жүйесі 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі- қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір суруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыптастыру.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін- өзі қалыптасуын және бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын,оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді және қолдайды.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмбл. Жобаның негізгі Ж.Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану тиімділігі

 

Мақсатты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің  елімізге Джорж Соростың  ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Ол үш кезеңнен тұрады:

  1. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктердің өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғау,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Осы кезеңге қізмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған.
  2. Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Oл бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

V – білемін

  • — білмеймін

+ — мен үшін жаңа ақпарат

? – мені таңқалдырады -белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

III. Тақырып туралы ой толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі», «Кубизм» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді, әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Қазіргі қолданып жүрген сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім-ұйымдастырушы, бағыт беруші, сыныпта шешім жасаушы және үкім кесуші мұғалім емес, оқушы екендігі туралы пікір қалыптастырады, яғни оқушы-басты тұлғаға айналады, «оқушы оқу әрекеті-мұғалім» жүйесі қажет болады. Бұдан мұғалім рөлі төмендемейді, тіпті 2-3 есе жоғарылайды, енді ол білімді беруші ғана емес, танымдық іс-әрекеттерді әр балаға лайықтап ұйымдастырушы, баланың қабілет көзін ашушы тұлға. Сөйтіп өз тәжірибемізде осы жаңа бағыттардың ортақ нүктесі қиылысар жерінде бір-бірімен ұштастыруға, өзара байытуға үлкен мүмкіндік барын көріп отырмыз. Дәл осы тоғысудан ізденгіш мұғалім өзі үшін көп нәрсе алары сөзсіз.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым- қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай- қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу- адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана- сезімін дамытуға бағытталады.

“Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту.

Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық- оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін өзі дамыта оқыту әдістерінің бірі.

Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша тілін, ойлау есте сақтау қабілеттерін, әрбір ақпаратты сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сынай қарауы шығармашылық қабілетін дамытады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы

– әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;

– Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;

– Қызығушылығын оятады;

– Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға ;

– Мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымының белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Оның қандай стратегиялары болмасын оқушылардың өз ойын еркін айту, пікір талас жүргізу, өз бетінше тұжырым жасау, мәселені шеше білу басқалармен  қандай деңгейде болса да, қарым-қатынас жасап, қажет жерде өз көзқарасын өзгерту, ойын қорғай білу, топ алдында дұрыс мәдениетті сөйлеу, т.с.с. қабілеттерін дамытады.

 

 

  1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, қышқылдар тақырыбын оқыту

 

Осының барлығы оқушының өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау іскерлігін, зерттеу жұмыстарын жасау мүмкіндігін ашады. Бұл жобаның ерекшелігі – оқушы тек білім алып қана қоймайды, сонымен бірге ұжымдағы қарым қатынасқа қалыптасады. Бірін-бірі сыйлау, таңдап, жүйелі сөйлеу өздігінен жұмыс істеу қабілеті дамиды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушы мен мұғалім арасында өте жақсы ынтымақтастықтың орнауына да жағдай туғызады. Оқушының даму психологиясын, әр оқушының сабаққа қатысуын, ынтасын бақылап, бағалауға мүмкіндік береді.    Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттерін 8 сыныпта өтілетін «Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері» атты сабақта қолданылуына толығырақ тоқталып өтейік.

Қызығушылықты ояту, үйрену процесі – бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Яғни біз алдыңғы сабақтарды пысықтап, бірнеше тапсырмалар орындаймыз, қышқылдарды мысалға ала отырып, олардың арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын оқушылар арасында талдай отырып, қышқылдарды  жіктейміз.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Бұл кезеңде оқушылар арасында «Кім зерек» ойыны ойнатылады. Ойын барысында оқушылар қышқылдардың қандай жолдармен алынатындығын түсінеді. Химиялық қасиеттерін жетік меңгеру үшін  үшін химиялық тәжірибелер жасаймыз.

Тақырып туралы ой толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып отырады. Одан гөрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекеті болып отырады. Дәл осы кезеңде  үйренуші не үйренгенін саралап,  салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Бұл кезеңді қазақтың ұлттық ойындарымен байланыстыра отырып, «ханталапай» ойынын ұйымдастырдық. Ол үшін «кубизм» стратегиясын қолданып, оқушылардың өз бетімен білімдерін тексеруге мүмкіндік береміз. Ойын нәтижесінде оқушы қышқылдардың алынуы мен химиялық қасиеттерінің реакцияларын өз бетінше жазып, теңестіруге үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында мынадай нәтежиеге қол жеткізуге болады.
— бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
— өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
— бір-біріне құрметпен қарауға;
— өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
— өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
— мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
— достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
— белсенді шығармашылық қабілеттері ұштасады.

Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгерту логикасын ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өзіндік ойлау іс-әрекетінің заңын, жеке таным қабілеті сапасында алып, мұғалім қызметінің түрін және оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері, ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, өзектілігі анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді. Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезеңдері сияқты, негізгісі, өзгертуге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың өмірге бейімделуге және интеллектуалдық қабілетін дамыту – оқушыларды өмірге бейімделуге және еңбек етуге жаттықтыруға тиісті қадам.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсендігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға әсер ететіндігін атап өтсе, оқушылар – оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

Мектеп өмірінің мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артықшылығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды.

 

Осындай жүргізілетін іс-әрекеттің барлығын бақылап, өзім жүргізген тәжірибемнен айтарым, осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізген сабақтың оқушыға берері мол, нәтижесі өте жоғары.  Себебі оқушылардың барлығы дерлік  сабаққа қатысады, өздерінің ойын еркін айтады, бірін-бірі тыңдайды, салыстырады, сол сабақтан өзінше бір түйін жасап, өз бетінше білім алады. Ал тәрбиелік жағына келер болсақ, оқушылар ұйымшылдыққа, тез шешім тауып, тығырықтан шығуға, өзіне баға беруге ұмтылады, үйренеді.

Сонымен СТО, технологиясының мақсаты:

– шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
— рухани дүниесін байыту ;
— оқырмандығын күшейту;
— ауызша – жазбаша тіл мәдениетін дамыту;
— ойлау, елестете алу қаблетін қалыптастыру;
— көзқарасын тереңдету;
— өзінше бағалап, ой түйуге баулу;
— ойын жеткізе алу, ой түйюге баулу;
— танымдық оқу ауқымын кеңейту;
— шығармашылық ізденісіне жол ашу.

Әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.

Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды білімге қызықтыру-біздің міндетіміз. Білім беру кезінде бала білім алады, сана сезімі өседі, жақсы әдет-ғұрыпқа, мәдениетке, әдептілікке, үлкен –кішіні сыйлауға үйренеді. Сабақтың қызық өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Ең қажеттісі, мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі. Сол үшін мұғалімге қажет үлкен қасиет — өз ісін сүюі және балаларды сүюі.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  1. Абдықайырұлы Қ., Монахов В.М., т.б. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы – А, 1999.
  2. Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру. Алматы: Ғылым, 2003.
  3. Президент Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2004, 19 наурыз.
  4. Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005ж
  5. Химия мектепте. Ғылыми-педагогикалық журнал. 1/2009
  6. Бәкелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу. Қ.Жүнісханов. 2008.