Мұхтар Әуезов Көксерек (повестінен үзінді)

Бекітемін:_________

Сабақ жоспары

Мерзімі16.01.2014Сынып 4 «Б»
ПәніӘдебиеттік оқу
ТақырыбыМұхтар Әуезов Көксерек (повестінен үзінді)
Жалпы мақсатыКөксерек әңгімесін оқушылардың өз бетімен іздене отырып түсінулеріне мүмкіндік беру.
Міндеттері— Әңгіменің мазмұны бойынша талдау жасау. Шығармаға сын тұрғысынан ойлап,талқылауға үйрету.

— Оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін,өз бетінше ой қорытып тұжырым жасай білу белсенділігін арттыру.

— Табиғатты қорғай білуге,қасқырға деген көзқарасты қайта қарау; адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

Оқыту нәтижесіОқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, өз пікірлерін дәлелдей алады, шығармадағы кейіпкерлерді тани алады, өзін-өзі бағалай алады.
Қолданылатын модульдер1234567
Дереккөздер мен жабдықтарКомпьютер,оқулық, кубик, кемпірқосақ макеттері, бағалау парақтары, үлестірме парақтар
Тапсырмалар«Жедел жауап» ойыны«Ішке, сыртқа» әдісі«Ой қозғау» фильмнен үзінді
«Кемпірқосақ» әдісіКубизм әдісіБес жол өлең
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару.

Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше, өйткені бүгін ашық есік сабағы, біздің сабағымызға қонақтар қатысады. Сондықтан сендерге осы сабағымызға сәттілік тілеймін. Бүгін біз сендермен, жұпта, 4 топта бір-бірімізбен түрлі тапсырмалар орындайтын боламыз. Ал, әр топ басшысы топ мүшелерін бағалап отырады. Олай болса, достарымызды бір қуантып алайық.

Психологиялық дайындық «Сағат бойынша достар» ойыны.

Шарты: Оқушыларға сағат макеті беріледі. Сағаттың әр санына өз достарының аттарын жазады және сол бойынша достарына жақсы көңіл-күй сыйлайды.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

«Жедел жауап» Берілген сұрақтарға нақты, әрі жылдам жауап берулерің керек

1.Шығарманың авторы кім?

2. Шығармадағы кейіпкерлер?

3.Әскербектің әтеші несімен ерекшеленетін?

4. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не деді?

5. «Әтештің көзін жойып, басын қырқып тастау керек»-деген кім еді?

6. Әскербек әтешін көз тигеннен қалай емдеп алмақшы болды?

7. Амангелді Әскербекке қандай ақыл айтты?

8. Әскербек әкесінің етігін өз аяғына не үшін байлап қойды?

Әңгімені толық оқығандарына көз жеткізу үшін үй тапсырмасын «Ішке, сыртқа» әдісі пысықталады.

Оқушылар мәтіннен өзіне ұнаған үзіндіні немесе оқиғаны «ішке», ал ұнамаған оқиғаны «сыртқа» жазады.

ІШКЕСЫРТҚА

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі

«Ой қозғау» әдісі арқылы оқушыларға фильмнен үзінді көрсету.

—         Бұл қай фильмнен үзінді? (Көксерек)

—         Фильмді көргендерің бар ма?

—         Жақсы олай болса мен сендердің бұл фильм туралы тағы не білетіндеріңді білу үшін алдарыңа БББ кестесін тастадым. Соған білетін және білгілерің келгенін жазыңдар.

Шығарма бізге повестен үзінді түрінде берілген.Шығарма авторы Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған.

 ІҮ. Жаңа сабақ: Қазір біз сендермен «Кемпірқосақ» әдісі арқылы мәтінді өз тобымызда оқимыз. Тобымызда талқылаймыз. Болған топтар белгі береді. Сондай-ақ, мен әр оқушының алдына 4 түс жабыстырып қойдым. Әркім өз түстері бойынша жаңа топтар құрады(сары, жасыл, қызыл, көк). Ондағы мақсатымыз. Мәтіннің әр бөлігін оқып келген оқушылар бір-біріне түсіндіре отырып, мәтіннің мазмұнын толық ашуға тырысады.

Осы жаңа топ құрамында топ мүшелері өз пікірлерін айта отырып, әңгімемізге композициялық талдау жасап көрелік.

1.      Оқиғаның басталуы.

2.      Байланысы

3.      Дамуы

4.      Шарықтау шегі

5.      Шешімі

Міне әңгімеміздің негізгі құрылымы осылай болды.

Сергіту сәті орындалады.

Ал, енді дәптерімізді ашып, Әңгіме кестесін құрайық.

Әңгіме атыАвторыКейіпкерлеріНемен аяқталдыНе үйретті

Ү. Білімді бекіту кезеңі

Кубизми әдісі бойынша мына кубикті әр топқа иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіңдер.

1.      Суретте: Көксерек портретін суретте

2.      Салыстыр: Дала қасқыры мен көксеректі салыстыр

3.      Зертте: Қасқыр туралы қандай шығарма, мақал білесің?

4.      Елестетіңіз: Табиғат әлемінде қасқыр болмаса қандай болар еді?

5.      Дәлелде: Көксеректің ұрлық пен адал астың айырмасын ұқпау себебі не?

6.      Талда: Көксеректің өзгергенін қай тұстардан байқадың?

ҮІ. Қорыту кезеңі

Бес жолды өлең

1.      Қасқыр

2.      Жыртқыш, қомағай.

3.      Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды.

4.      Қасқыр түз тағысы

5.      Бөрі , көкжал

Бағалау топтық және Блоб ағашы жүйесімен бағаланады.

Үйге тапсырма: 177-179 бет оқу.