«Табиғат – сұлулықтың таусылмас қайнар көзі »

 

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие жұмысы бұрынынғы қалыптасқын бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен таныстыру» бөлімінен бастау алады.

 

К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен.

 

Ал табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін     байытатын    жалпы және     нақты ғылыми     мәліметтер алуының маңызы зор.

Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.

Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді.

Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланыстыруға болады.

 

Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал  экологиядағы негізгі түсініктер мыналар:

а) жеке алынған ағзаның өзінің өмірсүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі;

ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.

Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті.

 

Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:

— табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рольді ойын;

 

— балабақша  алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;

 

— табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;

— табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау – бақылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;

 

— тәжірибе жасау – бақылау нәтижесндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;

 

— тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, диалогқа қатысу;

— табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;

 

— табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалу, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет  жасау;

 

— бақылау — өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;

 

Бақылау- табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады.

Ұзақ мерзімді бақылаулаларды ұйымдастыру — өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүруортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты.

Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін , тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының бақампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі. Ал баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді.

 

Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді.

Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету – әр  әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында.

Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

 

Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкендермен және құрдастарымен арадағы қарым-қатынасы күрделіленіп, іс-әрекетінің мазмұны мен формасы нығайып, жетіле түседі. Негізінен бұл жастағылардың әрекеті қарапайым еңбек түрлерін орындауға бағытталады.

Өзінің жас шамасына сәйкес тапсырмаларды ынталылықпен орындау нәтижесінде қоғамдық еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Табиғаттағы пайдалы жұмыс түрін орындауда ынталанушылық көрініс табады.

Табиғат аясында тәрбиеші ұсынған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау дағдыларының дамуы баланың оқу ісіне, білім алуға бейімделуіне ықпал етеді. Кішкентай балаларға қарағанда бұл жастағылардың ұғыну, қабылдау әрекеті неғұрлым мақсатты сипатқа ие болып, табиғаттағы бейнеленген нәрсені немесе заттың түсіне қарай, тәрбиеші көрсеткен көрнекіліктерге ерекше назар аудара алады.

Бұл жаста балалар судың қажеттілігін, бастау, бұлақ, қайнардың қайдан пайда болатыны туралы түсініктерді тәрбиешілердің көмегімен түсініп, суды үнемдеп жұмсау дағдылары пайда бола бастайды.

Қыс айларында топ бөлмесіндегі ауладан әкеліп қойған бұтақтарды бақылау барысында жасанды түрмен бүршіктер, жапырақтардың пайда болғанын еске түсіріп, табиғи құбылыстардың нәтижесінде барлық ағаштар бүршіктеніп, жапырақ жайып, кейбіреулерінің гүл жаратындығы жөнінде түсінік қалыптасады. Дәрілік өсімдіктер туралы мағлұмат беріліп, олардың пайда, зиянына тоқталып, өсіп тұрған жерін қоршап қою сияқты іс-әрекет түрлерін атқара алады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы түсінігін қалыптастыруда олардың жас кезеңдерінің, ыңғайлы кезең екендігін, нақты компоненттерді тірек ете отырып (мотивациялық-құндылық, эмоционалдық-сезімдік, іс-әрекеттік) шешімін іздестіруге болатынын дәлелдейміз.

 

 

Балабақшада балалар табиғатпен  жан – жақты терең таныстырып отыру тек экология оқу іс – әрекетінде ғана емес, тіл дамыту оқу іс –әрекетінде де өз жалғасын табуы қажет.

Ол үшін балалардың жасына, тәрбиеленетін тобына байланысты.

Мен өз жұмыс істейтін «Қоңырау» тобында Экология және Қоршаған орта сабақтандыра көп ізденіп жұрнал және әдістемелік құралдар арқылы өз сабақтарымды жандандырып өтуге тырысамын.  Сабақтың тақырыптары белгілі бір жүйе бойынша топтастырамын.

Мысалы Экология немесе Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір-біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір – біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен:

Сәлеметсіз бе балақайлар!

Қайырлы таң, балалар!

Бүгін күн қандай тамаша!

деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп көңіл- күйін бір сергітіп тастайды. Табиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан бастаймын. Ертеңгілік балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргіземін. Балаларға гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінін, ал күтіп баптамаса оның солып, өліп қалатынын әңгімелеймін. Кейбір балаларға мысалы: Санжар, Айдана, Жанель, Маржандардың  қолдарына су құйғыш беріп гүлдерге су құя білуді тапсырамын. Балалар аулада құстардың тіршілігін, жазды күндері жердегі құрт-құмырсқаларды да бақылап оларға тиіспеуді үнемі айтып отырамын. Мысалы: ағаштардағы құрт –құмырсқаны құстардың жейтінін, сөйтіп ағаштардың әдемі болып өсуіне жағдай жасайтындығы туралы түсінік беріледі. Топта кейбір балалар суды ағызып ойнағанды ұнатады. Көзді ала бере олар суды ағызып, қол-бастарын жуып, бір –біріне шашып тұрғаны. Өз бетінше жуына білген жақсы әрине. Бірақ балаларға судың да  шектеулі екендігі, ол бітіп қалса, сусыз қандай жағдай болатындығын айтып түсіндіреміз және үйде де, топта да суды ластамау, таза суды пайдалану қажеттілігін айтып отырамын.

Ауа туралы балаларға түсінік бере отырып, оның көзге көрінбейтіні, бірақ онымен біздің, басқа да тіршілік иелерінің дем алатындығын айтамыз. Ауа таза болмаса біздің ауыратынымызды айтып, оны таза ұстау үшін топтың, үйдің таза болуы, топта ойыншықтарын ойнап болғасын жинау керектігі, кез –келген нәрсені жерге тастап үйді шашпау, кез- келген нәрсені жерден алмау керектігі туралы айтып ескеріп отырамын. Ауамен дем алатынымызды, қандай дене мүшелерімізбен дем ала-алатынымызды, мысалы: ауызды басса мұрынмен, мұрынды басса ауызбен дем алатынымызды тәжірибе жасау арқылы көрсетемін. Мұндай жаттығуды балалар өте қызыға орындайды. Ата – аналармен жұмыста баларға табиғат туралы кітаптар, суреттер, қызықты бағдарламалар көрсетуі туралы кеңес берем.

Халқымның нақыл сөзін ескере отырып «Жақсы ұстаз  айтады,көрнекті ұстаз көрсетеді, ұлы ұстаз шабыттандырады» дейді сөз соңында балаларға стандарт талабына сай етіп, күнделікті жаңашаландыру әр тәрбиешінің өз жұмысындағы  кәсіби шеберлігіне байланысты деймін.