Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатындағы жұмыс түрлері.

 

Тақырыбы: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатындағы жұмыс түрлері.

Мақсаты: Ағылшын тілін меңгеруде ақпараттық құралдар пайдалану, жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру барысында ізденімпаздық және шығармашылық қабілеттерін  дамыту, оқушылардың тіл байлығының дамуына, сөздік қорының молаюына, жазу әрекетін жетілдіруге, тұлғаның шығармашылық тұрғыда шыңдалуына зор әсерін тигізу.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне –өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін талап етеді. Ізденістің табысқа жетелейтіні белгілі. Әрбір технология педагогикалық үрдістің түрлерін айқындайды, ұғымдар қалыптастырады,оны тереңдетуге бағыттайды. Ағылшын тілі пәнін мектепте оқытудағы мақсат-оқушылардың күнделікті өмірде оны қолдана білуіне үйрету, сонымен қатар оқушының ойлау қабілетін ,танымдық белсенділігін арттыру.

Танымдық белсенділік дегеніміз оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу сияқты жұмыстар істеуі керек . Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда оның жолдарымен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша , жазбаша жұмыстарда бақылау, эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда,оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет. Ал, «таным-ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі»

Ағылшын тілін оқытуда біз алдымызға бірнеше мақсат қоямыз.Олар шет тілінің грамматиксын, лексикасын, фонетикасын үйрету, сонымен қатар шет елінің мәдениетімен, салт-дәстүрімен, ұлттық ерекшелігімен таныстыру, таным қабілетін кеңейту. «Ағылшын тілін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі заманның қажеттілігі » деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, қоғам талабына сай шет тілін оқытуда өзімнің қолдданып жүрген технологияларым  СТО технологиясы. Мұндағы мақсатым оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жетікізумен ғана шектелмей өзара пікір алысуға үйрету, сөйлеу қабілетін жетілдіру . Оқушылардың деңгейлері, мінездері, қабылдау қабілеттері де әртүрлі болғандықтан, олардың  қызығу қабілеттерін жетілдіру, танымдық біліктілігін қалыптастыру оңайға түспейді. Өз еліміз туралы мәліметтерді салыстырғанда «Венн диаграммасын» пайдаланған өте қолайлы.

Kazakhstan

Central Asia

2753000sq.km

17 mln

Astana

 

Common

Country

Industry

Culture

Cities

Great Britain

On the British Isles

244 100 sq.km

57 mln

London

Бұдан әрі қарай «Ой толғаныс»сатысында оқушыларға әртүрлісұрақтар төңірегінде ойлантып, жауап аламын. СТО оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек . Яғни СТО технологияның тиімділігі оқушы  оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.

Тиімділігі мен нәтижесі.

Сонымен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, шет тілін күнделікті өмірде  қолдана алуына және еркін сөйлеу мақсатында өз беттерімен еңбек етіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырамын. Мысалға 5 сынып оқушылардың  шығармалық қабілеттерін дамытуда  әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазу.Мысалы «My family», «Myflat»

Қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияны қолдана отырып сабақтарды түрлендіре отыры өткізу танымдық қабілеттерін, белсенділіктерін арттырудың тиімді жолдарының бірі. Мысалға  ойын сабақ, сайыс сабақ, танымдық, интеллектуалдық сайыс сабақтар және шығармашылық пен орындауға арналған тапсырмалар, сабақтарды дәстүрлі емес формада жүргізу оқушыларды ізденіске, щығармашылыққа жетелейді. Презентация жасау арқылы уақытты үнемдей отырып, төмендегі  тапсырмалардың пайдаланудың маңызы зор. Баланың танымдық қызығушылығын арттырып, тілін дамытады.

  • оқушының зейін тұрақтылығына қарай тілге бейімдеп қосымша тапсырма беру
  • дыбыстарды көрсетіп, сурет бойынша әңгіме құрастыру
  • өз бетінше өлең жолдарын шығару,ойын сабақтарға,сайыс сабақтарға білімділік көрсетіп белсене араласу.
  • тақырып мазмұнына сай мақал-мәтелдер айтқызу, мәнін ашып өз ойымен жеткізу

Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы мол. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін,білімге құштарлығын қалыптастыруға болады. . Ойын дегеніміз-жас ерекшелікке қарамайтын адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті тапқырлықты ізденімпаздықты сондай-ақ үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бірі.Менің сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың үлгілері: «Milling»- «Сыңарыңды тап»жаттығуы. Бұл жаттығуда кез келген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А»және»В»тобы.Өтілген тақырып бойынша бір топқа оқиғаның аты, ал екінші топқа оқиғаның мән-жайы жазылған карточкалар беріледі.Олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.

Нашар оқитын оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зор ынтамен, жігермен араласатыны анық нәрсе. Оқушылар өз құрбыларынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып қойылған сұраққа жауап іздеп ойлана бастайды. Ойын элементтері араласқан сабақта оқушының өзі ізденіп ойланады,нәтижесінде:

-сынып оқушылары түгел қатысады; дидактикалық материал жүйеленеді; сөздікпен жұмыс жүреді; ағылшын тілінде сөздерді есте сақтауға үйренеді.Мәтіндерді тақырып бойынша оқушылардың қабілетіне қарай тапсырамын. Жоғарғы сыныптарда оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ,аукцион,саяхат,конференция, т.бсабақтардың түрлерін қолдану үлкен маңызға ие . Бұл өз ретінде оқыту сапасын жоғарылатады, оқушының сабақта болып жатқан жағдайға жеке қатысуына мүмкіндік туғызып, кітаппен жұмыс істеуіне үйретеді.Оқушыларға өз бетімен компьютерлік технология көмегімен орындауға арналған ағылшын тіліндегі тілдік әрекеттерді (оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау) дамытатын тапсырмалар мен өзін-өзі бақылау және бағалауға арналған бағдарламалық құралдар пайдаланылды. Айта кетерлік бір жағдай, ағылшын тілі сабағында ғана емес, жалпы оқу үдерісінде ақпараттық технология құралдарының мүмкіндігін қолдану жеткілікті дәрежеде дайындығы бар оқушылармен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және берілген мәліметті қайта жаңғыртуға қабілеті әр түрлі деңгейдегі оқушылармен де жұмыс жүргізу олардың белсенділіктерін оятуға мүмкіндік береді. Сыныпта оқушылардың қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беру әдісін жиі қолданамын.

Мысалы:  «Ұлыбританияның Денсаулық Сақтау орталығы».

І тапсырма. (Ассоциациялық жағдай тудыру). ІІІ топ «Денсаулық» тақырыбына қатысты сөздер айтады. ІІ топ  осы сөздерден сөз тіркестерін жасайды.І топ сөйлем құрайды.

ІІ тапсырма мәтінмен жұмыс.ІІІ топ мәтінді оқиды. ІІ топ аударады. І топ сұраққа жауап береді.

ІІІ тапсырма. Префикстердің қолданылуы. (Грамматика)

ІІ топ префикстен жасалған сөзді мәтіннен тауып береді.ІІ топ аударма жасайды.

І топ  сол сөздерге сұрақ қояды.

Демеуліктерді қайталау сабағында «Фигуралар» ойыны оң нәтижесін берді. Әр топқа бір-бір конверт беріледі.Біреуінде  геометриялық фигуралардан жасалған әріптер бар. Екіншісінде  тек ғана фигуралар берілген. Алғашқы топ демеуліктерді пайдаланып, өзінде көрсетілген әріпті қалай құру керектігін айтады.
Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану –бос әрекет»-дегендей білім ғана биікке жеткізеді.Ал білім саласын дамыту үшін жаңа ұғым,жаңа үлгі,жаңа тәсілдер қажет, яғни жаңаша көзқарас керек-ақ. Бүгінгі біздің қозғап отырған мәселеміз білім сапасы жөнінде болса, оны арттырудың тиімді жолы – оқытуда жаңаша инновацияларды қолдану аясын кеңейту деп ойлаймын.

Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Сондықтан да, еліміздегі “Үш тұғырлы тіл” мәдени бағдарламасын  жүзеге асыруға ұстаз ретінде әр қайсымыз шығармашылықпен қарап өз үлесімізді қосуға зиялы қауым ретінде міндеттіміз деп ойлаймын. . Әрине әр ұстаздың өз ұстанымы бар .Мен үшін оқушыларымның ағылшын тілі сабағында алған білімдерін шынайы өмірде қолдана білсе сол мақсатыма жеткенім. Сөзіме дәлел ретінде ағылшын тілінен сыныптас тыс 8-11 сыныптар арлығында «Ұлт болашағы білімдінің қолында»атты интеллектуалдық шоу өткіздім.

 

Қорыта келгенде, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы,мәдениеті,саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекшілік роль атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады. Өзімнің баяндамамды түйіндей келе төмендегі нәтижелерге жетуге болады.

-оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады

— оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды

-оқушылардың білім сапасы көтеріледі

Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып , сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып,ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1 «Ағылшын тілі мектепте, коледжде және ЖОО-да оқыту әдістемелігі» журналы

2 «Мектептегі шет тілі»журналы

3 «Мұғалім KZ» журналы

4 «Қазақстан мектебі»журналы

  1. «ШҚО Педагогика жаршысы»ғылыми-әдістемелік журнал