Туған жер туралы жыр (ертегі)
Әдебиеттік оқу
І. Ашық сабақтың тақырыбы: Туған жер туралы жыр (ертегі)
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) Мәтін мазмұнын өз бетімен түсініп оқуға және оның идеясын ашып түсіндіру арқылы мәтіндегі негізгі ойды таба білуге жағдай жасау;
ә) Түсініп, жүгірте оқи білу, ойын толық жеткізе білуге машықтандыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;
б) Туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
ІІІ. Қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, сипаттау, топта талқылау, әңгімелеу.
ІҮ. Көрнекілігі: әнші құстар, тордағы құстар, бүктемелер, кестелер, туған ауыл суреттері.
Ү. Сабақ түрі: дамытпалы
ҮІ. Типі: Жаңа сабақ
ҮІІ. Сабақ барысы.
- Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
- Үй тапсырмасын сұрау.
Топтармен жұмыс. (Автор туралы мәлімет)
1-топ «Бақыт» сөзіне топтастыру құру
2-топ «Бақыт» сөзін қандай сөз таптарымен тіркестіріп айтуға болады?
3-топ «Бақытты балалық шақ» дегенді қалай түсінесіңдер?
Үй тапсырмасын қорытындылау:
Әр шумақ қандай бақытқа арналған?
Бірінші шумақта – бейбіт өмір туралы, себебі ашық аспан суреттелген.
Екінші шумақта – отбасы мүшелерінің аман-есен болуы жырланған.
Өзін-өзі тану пәнімен байланыс жасау.
«Біз бақытты баламыз» атты тақырыпта жаттаған өлеңдерін айтқызу.
- Жаңа сабақ.
- Қызығушылықты ояту.
Туған жер Ертегі
Ертегі – адам баласының ой – қиялынан туған таңғажайып дүние. Ол адамды қуантады, шарықтатады, болашағына сенім арттырады, мүмкін емес жетістіктерге жетуге еліктіреді.
Ертегінің қандай түрін білесіңдер?
а) қиял-ғажайып
ә) хайуанаттар
б) тұрмыс-салт ертегілер
Әр ұлттың өзінің ұлттық ертегісі болады. Бүгін қалмақ халқының ертегісімен танысамыз.
- Мағынаны тану.
Ертегі мазмұнын түсіндіру.
Әр бөлімге ат қойдыру.
1-бөлім. Қытай императорына тартылған сый.
2-бөлім. Жұмақтың төрі.
3-бөлім. Қүстың туған жері.
1-топ 1-ші данагөйдің айтқаны
2-топ 2-ші данагөдің айтқаны
3-топ 3-ші данагөйдің айтқаны.
Әнші құстың туған жері мен императордың бағын салыстыра отырып сипаттау
Императордың бағы Әнші құстың туған жері
Сергіту сәті.
Жыл құстарын атағанда – ұшады, қыстап қалатын құстарды атағанда – отырады, үй құстарын атағанда – 3 рет қол шапалақтайды.
- Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні тізбектей оқыту.
Тапсырмалармен жұмыс
Сөздікпен жұмыс жасау.
Ойлануға берілген тапсырма.
— Ертегі қандай түрге жатады?
— Авторы туралы не айтар едіңдер?
— Әнші құс сайрауын неліктен тоқтатты?
Ізден, сұрастыр, тауып оқы.
Император бағы мен құстың туған жерінің сипатын тауып оқыту, салыстыру.
1-топ. Тұтқын адам құстың сайрамау себебін қалай тапты деп ойлайсыңдар?
2-топ. Император сөзінде тұрып, тұтқынды босатады деп ойлайсың ба?
3-топ. Ертегінің қай тұсында императордың өзі де құсқа ұқсап қалды?
- Өз пікіріңді дәлелде, қорытынды жаса.
Император ертегі соңында нені түсінді:
а) құстың тар жерде отырғысы келмейтінін;
ә) құстың туған жерде ғана рақат өмір сүретінін;
б) ғажайып бақтың әнші құсқа ұнамағанын.
Әр топ туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айтады, өз туған жері туралы әңгімелейді.
- Үйге тапсырма: Түсініп оқу. Мақал-мәтел жаттау.
- Оқушыларды бағалау.