Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда Microsoft Power Point бағдарламасын қолданудың тиімділігі

 

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда Microsoft Power Point бағдарламасын қолданудың тиімділігі

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі таңда  білім беру жүйесінің негізгі міндеті баланың рухани және  тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту,  тәрбиелеу мен өзіндік қабілетінің  дамуына жағдай жасау.

Қоғам алдындағы тұрған негізгі  мақсаттардың бірі — білім беру жүйесін  түбегейлі жаңарту және білім берудің жаңа үлгісін таңдау. Қазіргі кезеңдегі  мектеп әрбір балаға және адам ретінде қарап, өзіне тән ой өрісі, еркі, әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын тұлға екенін  ескере отырып тәрбиелеуге бет бұрды. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық  әлеуметтік дамытуға  жол ашуы қажет.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мұғалімдердің

шығармашылықпен, ғылыми зерттеу бағыттарында жұмыс жүргізу керектігін көрсетіп отыр. Тәуелсіздік туы желбіреген мемлекетіміздің ертеңгі, ел тізгінін ұстар азаматы – бүгінгі білімді шәкірт екендігіне еш күмән жоқ. Ал білімді шәкірт — білімді ұстаздың жемісі.

Білім берудің озық технологияларын меңгеру қазіргі заманның басты талабы. Шығармашылықпен жұмыс істеу, үздіксіз іздену арқылы мұғалім өз шеберлігін арттырып отыруы қажет.

Мұғалімнің шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі — әдістеме

саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені меңгеру, игеру.

Сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ – ұстаздың

еңбегінің айғағы. Оқытудың негізгі формасы, оқыту, білім беру үрдісінің негізгі мақсаты – оқушыда білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру.

Кез келген теориялық білімнің практикасы да сабақта талқыланып,

түсіндіріліп, пысықталып, балаға білім негіздері қалыптастырылады.

Сабақ баланың өмірінің бір кезеңі, оның өмір сүріп жатқан ортасы.

Сабақ оның адамгершілік қасиетін, қызығушылығын, танымдылығын қалыптастырады. Мұғалім оқушыны қорқыту арқылы білім бермей, олардың жан дүниесіне кіре отырып сабақ өткізуі тиіс.

Заман талабы сабақта мұғалім мен оқушы арасында, бір-біріне деген

сенімділік, сыйластық, достық қарым-қатынас қалыптастыру. Ол үшін оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп қана қоймай, оқушы білімін бағалауда да тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланған жөн.

Бүгінде ұстаздар қауымына  оқыту мен тәрбиелеудің  ғылыми негізін жете түсінуді, жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін, ғылыми — теориялық  білімділігімен тәжірибелік  қабілеттері арқылы  күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге  ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Әдіс пен жұмыс тәсілдері  — оқушының ойлау қабілетіндегі сапа, жүйелік, әрбір оқушының өмірге даярлығын, диалектикалық дүние танымының  қалыптасуының маңызды компоненті.  Білім берудегі  ең басты қағида -оқушыларды  үнемі шығармашылық әрекетке шыңдай отырып, өзін-өзі  дамытуға жетелеу.

Мұғалімнің ең басты міндеті  рухани бай,  жан -жақты дамыған, жеке дарынды тұлға тәрбиелеу. Білім жоғары деңгейде беріліп,  оқу-тәрбие ісі оқушылардың ой сезіміне әсер етуі тиіс. Оқытудың әр түрлі тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың тақырыпты терең де жан жақты түсінуіне жағдай жасап, өз бетімен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыра білу мұғалім міндеті.

Осыған орай мен сабақтарымда Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту әдісін жаңа технология элементтерімен байланыстырып қолдану негізінде пайдаланудамын.

Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру , яғни технологияландыру, жаңа оқушыға сапалы білім беру де осындай қажеттілікті керек етуде.

«Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған  сатылы жұмыстар жүйесі.»

Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты – оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, ізденушілікке, шығармашылыққа баулимын.

Әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әр түрлі  деңгейде дайындаймын. Бұл әдістемелік оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдайды, өз бетінше ойлануға, ізденуге, еңбектенуге үйретеді. Сонымен қатар олардың, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әркімнің қабілетіне қарай тапсырма беремін.

Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл деңгеймен оқушылар толығымен жұмыс жүргізе алады.

Екінші деңгей кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды.

Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады.

Төртінші деңгей қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты. Бұл сатыға өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы ғана көтеріле алады.Осы деңгей ерекшеліктерін пайдалана отырып, әрбір тарауды аяқтаған соң, оқушылардың қалай меңгергенін тексеру үшін қиындығы әр түрлі деңгейде құралған тест жұмысын міндетті түрде алып отырамын. Тестте қойылған сұрақтар есептер тарауды түгел қамтитын болуы керек. Оқушы бірінші деңгейдегі тест есептерін орындағаннан кейін, келесі деңгейдегі тест жұмысына көшеді. Оны аяқтағандары қиындығы жоғары соңғы деңгейдегі есептер шығара бастайды. Мұндай тест алудың артықшылығы орташа оқитындардың өздері, өз деңгейінде құралған есептерді талаптанып шығарады. Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың сабаққа, білімге деген қызығушылығының артуы, ой жүйесінің дамуы, сапалы білім алуы сияқты жетістіктерге жететіндігіне сенемін.

Қазіргі кезде оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау талап етілуде. Инновация – жаңару, жаңалық енгізу дегенді білдіреді. Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Осы модификациялық инновацияны пайдаланып PowerPoint бағдарламасын қорытындылау сабағымның үлгісін көрсеткелі отырмын.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Microsoft PowerPoint бағдарламасын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға PowerPoint бағдарламасын жетік меңгертіп, білімдерін толықтыру, бағдарламамен істеген жұмысымызды қорытындылау.

Танымдылық: Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеу белсенділігін арттырып, іздене білім алуға талпындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Заманымызға лайық ұқыпты, білімдар, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Бақылау сұрақтары жазылған слайдтар еске түсіру

кезеңіне байланысты, тестік сұрақтар,тапсырмалар

жазылған слайдтар, презентациялар, бейнепроектор,

шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы, оқушылардың білімін саралау.

Сабақтың әдісі: топтап оқыту.

Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, әдебиет, тарих.

Сабақтың типі: Қорытынды сабақ.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, белгілеу, зейіндерін сабаққа аудару.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  3. Өткен білім бойынша қайталау жұмысы, яғни бақылау сұрақтары.
  4. Ақылдың кені. Шығармашылық тапсырма.
  5. Өзін-өзі тексеру. Тестпен жұмыс.
  6. Жарнама жасау.
  7. Саралау — бағалау.
  8. Үйге тапсырма.

 

Бақылау сұрақтары.

Оқушылар 2 топқа бөлініп, бір-біріне бақылау сұрақтарын қояды. (Монитор, Процессор). Екі топ басшысы сұраққа жауап берген оқушыларды бағалайды. (әр топ басшысы қарама-қарсы топтың оқушысын бағалап, бағалау парағына бағасын түсіріп отырады.)

 

 

 

 

Шығармашылық тапсырма.

Әр топ өздері дайындаған шығармаларымен таныстырып, оны қорғайды, түсіндіреді, қалай көркемдеп, безендіргендерін айтып береді. Мысалы:

Монитор тобы Ұлы Жеңістің 62 жылдығына байланысты «Ұлы Жеңіске 65 жыл» атты презентация жасады. Ол презентация слайдтардан тұрады. Онда 1941 жылдан бастап соғысқа шолу жасап, ондағы қазақстандықтардың ерліктерін атап көрсеткен. Мысалы И.Панфилов, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев, Әлия мен Мәншүк, т.б. оқушылар өз ауылымыздан соғысқа аттанған солдаттар мен тылда еңбек еткен ауылдастарымыздың істеген еңбектерін жазған. Слайд барысында сканер арқылы суреттерін енгізуге, өлеңдерін де енгізуге болады.

Екінші топ Процессор тобы «Абай Құнанбаевтың өмірі мен өлеңі» тақырыбында презентация жасады. Туған жерінен бастап, жанұясын толығымен көрсетіп, аудармаларын, мысалдарын, қара сөздерінің қай кезде жазылғанын, жазылу тарихын үзінділермен жазды.

 

Өзін — өзі тексеру.  

Әр топқа 10 сұрақтан тұратын тест беріледі. Тесті топ басшылары жинап алып, тексеріп бағалайды. (Топ басшысы қарсылас топтың тестін тексереді.)

 

Тестің жауап парағы

Аты ________________________ Баға _____________

 

12345678910
А
Ә
Б
В

 

Жарнама жасау.

Әр топ бір-біріне кез келген затты беріп PowerPoint бағдарламасында  1-3 минуттық ролик дайындайды.

Монитор тобы иілгіш дискіні жарнамалайды.

Процессор тобы компак дискіні жарнамалайды.

 

Саралау – бағалау.

Әр топ басшысы бағалау парағын толтырып қарсы топтың әр мүшелеріне бағаларын айтады немесе бағалау парағын видео камера тақтасы арқылы көрсетуге болады.

 

Үйге тапсырма: Күрделі презентациялар, фильм слайдтарын жасау.

 

 

 

 

Компьютерлік тапсырмалар, зертханалық жұмыстар оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттырып,  логикалық ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді, қойылған сұраққа  жауап табады, яғни бұл жұмыстар іздену-зерттеу, сипатына ие болады және оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастырады.

Сабақты дұрыс  жоспарлау үшін мұғалім зертханалық жұмысты орындауға қажетті уақытты білу керек. Өйткені зертханалық жұмыс —   мұғалім  сөзінің дәлелі, көрнекілігі.

Оқушылар теориялық білім алу барысында ғылыми  дәйектермен танысқанда қашықтықтан оқыту жүйесін қолданып, теориялық білімін практикамен ұштастыруға болады, нақты мағлұмат алуын қамтамасыз етеді.

Дамыта оқыту әдісінің тиімділігі оқушы топтық жұмыстарды жүйелі түрде орындап, оқушыларды ұйымшылдыққа, байқампаздыққа, оқыған затты талдай білуге, салыстыру жасауға, негізгіні аша білуге,  жинақтап қорытынды жасауға дағдыландырып, білімнің сапасын  жақсартуға мүмкіндік береді.

Мақсаты: Қабілеті бар оқушыны өз бетінше ізденуге, теориялық білімін практикамен ұштастыруға  жетелейді.

Әр түрлі топтық жұмыстар жүргізу арқылы, логикалық ойын дамытады. Оқушының тез ойлау қабілетімен өз ойын жеткізе білу қабілеті дамиды.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі.

Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол  оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім  қабылдауға дағдыландырады .

Мен, деңгейлік оқыту әдісін қолдана отырып, оқушыны оңайдан қиынға,  сатылып білім дәрежесін көтеруге ықпал еттім. Сабақ барысында оқушының деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы өзіндік жеке жолы, типі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түсті. Әр оқушының ой-өрісі кеңейді. Оқушы бірінші, екінші және үшінші  деңгей есептерін шығаруға дағдыланды. Төртінші деңгейге де көтерілген оқушылар табылып жатыр. Бұл сатыға сыныптағы өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы, дарынды, ізденгіш, қабілетті оқушы ғана көтеріле алады.

Дәстүрлі оқыту жағдайында мұғалім сыныптағы әр оқушының жұмыс істеу ерекшелігін ескеріп отыруы мүмкін емес. Компьютерді қолданғанда бұл жағдай толығымен шешіледі. Мұғалім оқушылардың әрқайсысының жұмысын бақылап отыруға, басқа оқушыға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жекелеме жұмыс істеуге болады.

Білім — әрбір оқушының бағындыратын шыңы. Шың биігіне жету жолында қандай қиыншылықтар кездессе, оқу, білімді меңгеруде де сондай қиыншылықтар кездеседі. Оны жеңілдету — ұстаздардың міндеті.

Мен де осы мақсатта педагогикалық технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін пайдалануға тырысамын. Әрбір  жеке тұлғалардың білімділігі, кеңінен ойлауы, анализдей білуі тұрғысында тікелей жұмыстар жүргіземін.

Қазіргі кезде  оқытудың басты мақсаты — өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан оқушыларыма өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын үйретемін. Осы бағытта оқушылардың ғылыми жобалар жарысына қатысып шығармашылық жұмыспен айналысуына көп көңіл бөлемін. Сондықтан жаңартылған технологиялардың элементтерін пайдалану- әр мұғалім үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.

Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды, өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады, оқушылардың білімі әділ бағалануына, өз білімін өзі бағалай білуіне мүмкіндік туды, өз қабілетіне, болашағына сенуіне, танымдық әрекеттерінің қалыптасып, одан әрі шығармашылықпен айналысуына, пәнге қызығушылығының артуына мүмкіндік береді. Қорытынды сабақтың бұл әдіспен өткізілуі арқылы оқушылардың пәнге деген қызығуы артады. Ол өз кезегінде білім сапасына да оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  1. В.Н. Кирнос «Информатика 10 сынып», 2006 ж
  2. «Информатика негіздері» Ғылыми-әдістемелік журнал, №2, 2003 ж
  3. «Информатика негіздері» Ғылыми-әдістемелік журнал, №2, 2005 ж
  4. «Информатика негіздері» Ғылыми-әдістемелік журнал, №3, 2005 ж
  5. «Информатика негіздері» Ғылыми-әдістемелік журнал, №4, 2005 ж
  6. «Информатика негіздері» Ғылыми-әдістемелік журнал, №5, 2005 ж
  7. «Информатика негіздері» Ғылыми-әдістемелік журнал, №1, 2003 ж
  8. «ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІ»               Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал,              №1, 2006 ж
  9. «Қазақстан мектебі», №1, 2007 ж
  10. «Мектеп» Ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал, №3, 2005 ж
  11. «Болашақ» газеті, шілде, 2003 ж
  12. Е.Қ.Балапанов, А.Дәулетқұлов, Б.Бөрібаев                                    «Информатикадан 30 сабақ» Алматы, 2001 ж