Ғарыш әлемі
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш әлемі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
1. Ғарыш әлемі туралы неғұрлым жан — жақты ақпарат жинауына қолайлы орта туғызу.
2. Оқушылардың топта жұмыс жасауын ұйымдастыру.
- Жас ұрпақтың патриоттық, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Сабақ соңында оқушылар ғарыш әлемі туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
2. Ғарыш әлеміне сипаттау, саралау, талдау жұмыстарын жүргізе алады.
3. Жеке ойларын ортаға сала алу.
Сабақтың әдісі:
Cұрақ- жауап, сөзжұмбақ шешу, мақал-мәтел айту.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекіліктер:
Ғарышқа байланысты суреттер, маркер, картон қағаз, құрастыру, т. б.
Өту барысы:
— Құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ғарыш әлеміне саяхат» атты 1в сынып оқушыларының сайыс сабағына хош келдіңіздер!
І- жүргізуші: Береке де осында
Мереке де осында
Болып жатыр той думан
Қырандардың қасында
Көңіл қойып қараңыз
Жалындап тұр ғой баламыз
Жарысын міне үш топтың
Қол соғып қарсы аламыз.
ІІ- жүргізуші: Әр таңды бақпенен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Келген үш топты шақырамыз…
1- топ «Күн»
2- топ «Ай»
3- топ «Жұлдыз»
І- жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз, — деп, бүгінгі жарысқа төрелік жасайтын әділқазылармен таныстырамыз…
1.___________________________________________________________________________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________________________________________________________________________3.___________________________________________________________________________________________________________________________________ 4.___________________________________________________________________________________________________________________________________ 5.___________________________________________________________________________________________________________________________________
ІІ- жүргізуші: Қызады бүгін той-сайыс,
Ортамызды ашайық
Ән мен күйді көтеріп
Інжу – маржан шашайық
Ырыс дәулет мол болсын
Жылда осындай той болсын
Жарысты енді бастайық
Ал, кәнекей жол болсын! – дей келе, жарысымызды бастайық. Сайыс 8- кезеңнен тұрады.
І- жүргізуші: Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу – парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер топтарменен
Сәтте келіп қалғандай танысатын.
1- кезең Сұрасаң менің тегім (таныстыру). Әр топ өздерін таныстырады. Сөз кезегін 1- топ «Күн» тобына береміз.
- Күн – Күн жүйесінің орталығы. Күн — Әлемдегі өзге миллиондаған жұлдыздар сияқты жұлдыз. Бұл – дүмпуден кейін артынан газ бұлттарын қалдырған ескі және үлкен жұлдыздың «туындысы». Күннің ішінде – үлкен қысыммен жиырылған сутегі атомдары гелийге айналатын ядролық отын бар. Бұл ядролық реакция кезінде орасан мол энергия бөлініп шығады.
- Күннің өзге жұлдыздарға қарағанда бізден не бары 150 миллион км жақын тұрғаны. Күн жалпы алғанда – қатардағы жұлдыз ғана. Ол орташа көлемді және орта жасты. Бірақ Күн болмаса, Жер түнек тарқан, суық және тіршіліксіз әлем болар еді. Күнге ешқашан жақын қарамаңдар, өйткені оның өте жарық сәулелері көзге нұқсан келтіруі мүмкін.
- күннің маңыздылығы. Бұрынғы адамдар Күннің не екенін білмеді, бірақ оның жылуы мен сәулесі тіршілік үшін қаншалықты маңызды екенін сезінді. Ежелгі мысырлықтар, гректер және майя халқы өзгелерге қарағанда Күнді құдайдай көретін.
- Кейде Күнде ғарышқа ыстық газдың атқылауын тудыратын дауылдар болады. Олар күннің оталуы деп аталады. Олар жарықты, ыстық және ғарыштық сәулелерді күннен алысқа қарай атқылайды және Жердегі радиобайлансқы зиян келтіруі мүмкін.
- Күннің тұтылуы Айдың Жерге көлеңке түсіре отырып, жарықты Күннен көлегейлеген кезінде болады. Әдетте Жердің көпшілік бөлігінде жарым –жартылай тұтылу көрінеді, бірақ айдың тұлғасы Күнді толық жапқанда, күн шамамен жеті минуттай түнге айналады.
Келесі кезекті 2- топ «Ай» тобына береміз.
- Ай – Жердің жалғыз серігі. Өзге планеталарды айлардың саны көптеу. Біздің ай бізге жақындау ғарыштық дене болып табылады. Ол қашанда адамды таңдандырып келді. Күн сияқты Айды да бұрынға адамдар құдай деп есептеді. Бастапқы кезде Ай ыстық және жанартаулы болған сыңайлы, ол Жерге қарағанда тезірек суыған.
- Ай Жерден сәл жасырақ болуы мүмкін, шамамен 4,5 миллион жаста. Оның пайда болуы туралы теорияның бірінде кішкентай, қатты планета Жермен соқтығысқаны жайлы айтылады. Осы соқтығысу барысында ғарышқа ұшып кеткен тау жынысының сынықтары бір жерге шоғырланып, Айды құраған, сонан кейін Жердің орбитасына тартылған.
- Айда бәрі тым-тырыс және еш қозғалыс жоқ. Онда атмосфера жоқ болғандықтан, жел жоқ. Беткі қабатында сонымен қатар су да жоқ. Онда шаңды және құрғақ. Жер бетіндегі ең биік тау – Эверест сияқты таулары бар.
- Ай Жерді айналады және Айдың бір жақ бетіне әрқашан күн түсетіндіктен, оның қозғалысына қарай біз оның жарық түскен бетінің түрі алаңын көреміз. Сондықтан да бізге Ай бір ай ішінде пішінін өзгертіп отыратын тәрізді.
- Бұл өзгеріс тер Айдың фазалары ретінде белгілі. Ай туғанда біз оның жарық түсетін бетін мүлде көрмейміз. Бір аптаьдан кейін бізге оның жартысы ғана көрінеді. Ай толысқанда біз Айдың жарық түскен толық келбетін көреміз. Онан кейін ол кішірейе бастайды. Ең соңында «ескі айдың» тілімі ғана көрінеді.
3- топ «Жұлдыз» тобын ортаға шақырамыз.
- Жұлдыз – қызған сутегінен құралған көлемді шар. Жердегілер бұл шар түнгі аспанда жарқыраған кішкентай ноқат болып көрінеді. Жұлдыздардың кішкентай болып көріну себебі – олар Жерден өте алыста орналасқан.
- Көптеген жұлдыздардың көлемі бізге жақын орналасқан жұлдыз – Күннің көлемінен көп есе асып түседі. Күн әрі ыстық және белсенді жұлдыз болғандықтан, өте қатты жарқырайды. Міне, оның бізге аспанда нұр шашып көрінетіні сондықтан.
- Жұлдыздар бір-бірінен өлшемі мен қызуы жағынан дараланады. Күн орташа өлшемдегі ыстық сары жұлдыз болып табылады. Ең үлкен жұлдыздар өте алыптар деп аталады және Қүннен жүз, тіпті одан да көп есеге артық мұндай жұлдыздар өте көп.
- Жұлдыздардың өмір сүру ұзақтығы – миллиондаған жылдарды құрайды. Өзінің өмір сүруі кезінде жұлдыздар жарық пен жылу бөле отырып, энергия жұмсайды. Жұлдыздардың кейбірі өте үлкейген кезде жарылады да, көгілдір түсті жаңа жұлдыз пайда болады.
- Түнгі аспаннан 88 «жұлдыздар өрнегін» көруге болады. Бұлар – шоқжұлдыздар. Вавилон, Мысыр, Қытай және Грецияның алғашқы астрономдары жұлдыздарды қарастырған кезде олардың кейбірінің жануарларға немесе аңыз — әңгімелердің кейіпкерлеріне ұқсас екенін аңғарған.
ІІ- жүргізуші: 2- кезең сөз қадірін тапқыр білер (мақал жарысы. Әр топқа екі минут уақыт беріледі).
Шебер болсаң тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал – мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық! – деп кезекті мақал жарысына береміз. Ортаға үш топты шақырамыз. 1- топ «Күн», 2- топ «Ай», 3- топ «Жұлдыз»
І- жүргізуші: 3- кезең. Адам көркі шүберек деп аталады. Бұл кезеңде әр топ өздерінің үйден дайындап келген костьюмдерін қорғайды.
ІІ- жүргізуші: 4- кезең. Білгенге маржан, білмеске арзан (сұрақ жауап). Бұл кезеңде әр топ 1 минут уақытта 5 сұраққа жауап беруі тиіс.
І- жүргізуші:
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Тоқтар Әубәкіров
- Жердің серігі? Ай
- Ең үлкен жұлдыз? Күн
- Қазақ жеріндегі ғарышкерлер мекені? Байқоңыр
- Ғарышқа тұңғыш рет кім ұшты? Юрий Гагарин
ІІ- жүргізуші
- Қазақтың екінші ғарышкері кім? Талғат Мұсабаев
- Түнгі аспаннан неше жұлдыздар өрнегін көруге болады? 88
- Юрий Гагарин ғарышқа қай жылы ұшты? 1961жыл 12 сәуір
- Ең үлкен жұлдыз? Күн
- Телескоп дегеніміз не? Аспан әлемін бақылау құрылғысы.
І- жүргізуші
- Жердің серігі? Ай
- Қазақ жеріндегі ғарышкерлер мекені? Байқоңыр
- Қазақтың екінші ғарышкері кім? Талғат Мұсабаев
- Күн Айға қарағанда бізге жақын ба, әлде алыс па? Алыс
- Ғарышқа тұңғыш рет кім ұшты? Юрий Гагарин
ІІ- жүргізуші:
5- кезең. Берілген фигуралардан сөз құрап жазу. (бұлт, ай, күн)
ІІ- жүргізуші: Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
6- кезең. Шешуін тап деп аталады. Бұл кезеңде әр топ дайындап келген жұмбақтарын жасырады.
І- жүргізуші: Шебердің өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата- баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.
7- кезең. Суреттер құрастыру.
ІІ- жүргізуші:
Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер,
Біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар?- деп.
Келесі 8- кезең. Білімдіден шыққан сөз деп аталады. Әр топқа 5 минут уақыт беріледі. Сол уақыт аралығында берілген сөзжұмбақты шешу керек.
- Қазақтың екінші ғарышкерінің есімі?
- Алғаш ғарышқа аяқ басқан кім?
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері?
- Қазақ жеріндегі ғарышкерлер мекені?
- Ғарышқа ұшатын адам?
Т | А | Л | Ғ | А | Т | ||||
Г | А | Г | А | Р | И | Н | |||
Т | О | Қ | Т | А | Р | ||||
Б | А | Й | Қ | О | Ң | Ы | Р | ||
Ғ | А | Р | Ы | Ш | К | Е | Р |
І- жүргізуші:
Қорытындысын анықтау үшін әділқазы алқаларына сөз береміз.
ІІ- жүргізуші:
Осымен бүгінгі «Ғарыш әлеміне саяхат» атты жарыс сабағымыз аяқталды келіп, тамашалағандарыңызға рахмет!