«А. Г. Серебренников еңбектеріндегі Түркістан өлкесінің Ресейге қосылу мәселесі».

Тақырып: «А. Г. Серебренников еңбектеріндегі Түркістан өлкесінің Ресейге   қосылу мәселесі».

А. Г. Серебренниковтың: Түркістан өлкесін басып алуға байланысты іс-қимылдарды зерттеу және тарихын құрастыруы сөзсіз маңызы зор іс, тек  теориялық мәні ғана емес, практикалық мәні де аса маңызды-деп жазуы осы мұрағаттың Қазақстан тарихы үшін де мән-маңызын анықтайды. ХІХ ғасырдың 40-70 жылдарында Ресей және Түркістан өлкесінің тарихында елеулі окиғалар орын алды. Алайда, бұл өңірдің тағдырын түбегейлі өзгерткен бұл кезеңнің зерттелуінде әлі де ала-құлалық ұшырасады. Басты мәселе –Түркістан  өлкесінің патшалық Ресей тарапынан басып алынуы, оның бодандық елге айналуы  жөнінде бірқатар тарихи еңбектер жазылды. В.В. Григорьев, П.П.Иванов,  Я. Г. Гулямов, М. И. Иванин, А. Н. Куропаткин, М. Тереньтев, И. В.Аничков, Н. Веселовский т. б. Бұл авторлардың еңбектері Ресейдің Түркістан өлкесін басып алуға дайындығы және жорықтың ұйымдастырылуы, оның асырылуына қатысты әртүрлі сипаттағы деректемелік материалдарды отаршылдар  мүддесі тұрғысынан  пайымдалып жазылған[1].

А.Г. Серегебниковтың мұрағатын  жаңа методикалық тұрғыдан  пайымдау ерекше маңызға ие. Қоқан  хандығының құрылуымен  және оның Ферғана  облысының  Ресей  идеясына  қосып  алынуымен аяқталатын томдық  мұрағаттың  Орталық  Азия  халықтарының  тарихын  дамытуға  мол үлес қосатын  дерек көзі.

А.Г. Серебреников 1901- 1905  жылдары «Түркістан  өлкесінің  патшалық  Ресей  тарапынан  жаулап алуының  тарихы (1839 -1876ж)» атты  қор жинады.  Аталмыш мұрағатты  құру идеясын  әскери министр  А.П. Курапаткиннің тарапынан  1901 жылы Ташкентке сапарында  туғанды.  Ол Орта Азияның  патшалық Ресей тарапынан  жаулап  алыну тарихы  мұрағат  құжаттарын  жинақтауға тапсырма берді. А.Н. Курапаткиннің археологиялық іске қызығушылығының себебі, ол өзі Орталық  Азияны  басып алу  жорықтарына  қатысқан болатын.

Қордағы  әскери  экспедициялар  мен  жорықтарға  қатысты  материалдардың авторлары өздері сол жорыққа  қатысқан, оқиғалардың куәсі болғандар. 1839  жылы қыстағы патша  әскерінің  Хиуаға  жасаған  жорығының қатысушысы  М.И. Иванин  патша әскерінің  қозғалысы туралы мәлімет  қалдырған.

1888 жылы  Санкт -Петербургтен  шыққан  «1873 жылғы  Хиуаға жорық» атты кітаптың авторы Н.И. Гродековтың  өзі осы  жорыққа қатысқан. Ол сонымен қатар, 1883 -1884 жылдары  генерал  Скоблевтің Түркменияға  жорығы  туралы көптеген  мақалалар жазды [2].

Н.Я. Коншин  Семей  мұрағатындағы  бірқатар құжаттарды  жариялады. Мұрағатта басқа  бағытта  жарияланған  материалдар  да кездеседі.  Айталық, дипломатиялық миссияларға  қатысты  құжаттар. Мысалы; капитан  Никифоровтың Хиуаға  елшілігі, Г.И. Данилевскийдің Хиуаға, полковник  Игнатьевтің Хиуа мен Бухараға миссиясы т.б. [3].

Революцияға дейінгі тарихнамада жекелеген адамдардың мақалалары көптеп сақталды. Айталық, мемуарлар, хаттар, күнделіктер сияқты. Олардың  патша  өкіметінің  Орталық  Азиядағы саясатын жан-жақты мақтап, дәріптеуге тырысқан. Серебренниковтің жинаған мұрағат материалдарының қызықтылығы  сонда, ол әр-түрлі мазмұндағы әскери-тарихи, дипломатиялық, статистикалық орасан көп материалдарды топтастырған. Осы бай құжаттар осы уақытқа дейін аз зерттеліп отыр. Аталмыш мұрағатты зерттеуде Азия елдері мен Қазақстанның XIX ғасырдағы тарихына қатысты мол деректердің  көзі ашылады. Осы уақытқа дейін патша өкіметінің Орталық Азия мен  Қазақстанды басып алу тарихына байланысты және орыс-орталық азия ары және орыс — қазақ қатынасына қатысты аса маңызды және көлемді материалдар  жинағы болып келеді.

Әрине, аса көлемді мұрағатқа ғылыми баға беру және зерттеу ісі бір жұмыстың шеңберінде орындалуы қиын шаруа. Мұрағатта тек Азия елдері және Қазакстан ғана емес, Қашқария, Ауғанстан, тарихына қатысты материалдар баршылық. Сондықтан осы  ғылыми жұмыста тек кейбір арнайы мәселелерге Қазақ тарихына және орыс-қазақ, қазақ –орталық азия хандықтарымен қатынасына қатысты деректерге тоқталып, алдымызға  төмендегінше міндеттерді қойдық.

  1. Мұрағаттың құрылу мақсаты мен тарихы мазмұнын және казақ тарихнамасындағы ерекшелігін корсету;

2.Патшалық Ресейдің дипломатиялық миссияларының және әскери – саяси өкілдерінің  Түркістан  өлкесі туралы  тарихи-деректік  мәліметтерінің мәнін ашу;

3.Ресейдің Түркістан өңіріне жасаған жорықтарының себебі мен тарихи көрсету  және  басып  алынғаннан  кейінгі  жасаған  әкімшілік-территориялық  шараларының  салдарына талдау жасау;

4.XIX ғасырдың 40-70 жылдарындағы Қазақстанның Ресеймен және көршілес елдермен қарым — қатынасының тарихнамалық — деректік маңызын көрсету;

5.Отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық көтерлістердің тарихи – деректік құжаттарға сәйкес шынайы себептері мен мәнін көрсету;

6.Патша өкіметінің    қазақтардың    азаттық    қозғалысын    басудағы саясатының саяси мәнін көрсету;

 

Мұрағаттағы  құжаттардың негізі  Ресейдің  Орталық Азия  елдерімен дипломатиялық  және  сауда қатынастары,  ішкі  жағдайы,  орыс-ағылшын бәсекелесімен қатар, орыс әскерінің басып алу жорықтарына көбірек орын берілген. Түркістан   генерал-губернаторлығының   құрылуы   және   оның хандықтармен қарым-қатынасы тарихи құжаттар баршылық.

Орыс—Жапон соғысының нәтижесі орыстардың абыройының жақын көршілерінің алдында ғана емес Еуропада да сағын майыстырды. Халықаралық деңгейде  орыс дипломатиясының беделін сақтау үшін әскери жорықтардың байырғы «беделін» еске алу мақсатында мұрағаттың авторы әр томының кіріспесінде  тоқталып отырады. Түркістан өңірінің орыстар тарапынан басыпалынуының және ағылшын мен түрік бәсекесіне тойтарыс берудің тарихын орыс әскери-шенеуніктік аппараты үшін ірі маңызға ие еді.

Патшалық  Ресей және Орталық Азия халықтарының тарихы үшін үлкен ме сол кезеңге қатысты мұрағат материалдары әр жерде сақталатын. Серебренников алғы сөзінде көрсеткендей, әр томның басып шығарудың басқа да мақсаты  мұрағат материалдарының жоғалып кетуінен сақтау болды. Бұл аса маңызды жауапты істі кімге де болса тапсыру қиын шаруа болғаны айқын.  Түркістан генерал-губернаторы П. А. Иванов әскери министрдің тапсырмасын инженер, подполковник А. Г. Серебренниковке сеніп тапсырды. Ол бұл Жетісу инженер дистансиясының бастығы болып қызмет атқаратын. Таңдаудың оған түскен себебі, ол бұрын Орталық Азия туралы мақалаларымен белгілі еді.  Сонымен қатар, ол 1873 жылғы орыс әскерінің Қоқанға жорығы  туралы да  жазған болатын. Жоспарға сәйкес А. Г. Серебренников Ресей мен  Орталық Азиядағы көптеген мұрағаттар мен әскери мекемелерді қарастырып, материалдардың көлемін анықтауы тиіс болатын. Осыған байланысты,  Серебренников былай деп жазды: «Түркістан өлкесі үш тараптан жаулап алынды. Біріншісі Орынбор, екіншісі Сібір және үшінші жақ Кавказдан. Қор  материалдарын жинақтау үшін Мәскеу, Петербор, Омбы, Орынбор, Верный, Ташкент және Тифлистегі мұрағаттарды қарастыру туралы шешім  қабылданды» [4].

Ол мына мұрағаттарды зерттеді: Ташкенттегі Түркістан аумақтық мұрағаты  және Түркістан генерал-губернаторлығының канцелярия қоры, Верныйдағы –Верный  уездік әскери бастығының басқармасының қоры  және Верный уездік басқармасын, Жетісу облысының әскери штабының қоры. орынбордағы — Орынбор әскери округінің штабының қоры мен  орынбор дербес корпусының  қоры, Омбыдағы — Сібір әскери округінің штабының қоры мен дербес корпусының штабының қоры. Мәскеуде — Бас штабтың Мәскеу бөлімшесінің қоры. Негізгі жұмыс Петербордағы Сыртқы істер министірлігінің, әскери және теңіз министрлігінің канцеляриясында, Бас инженерлік басқармада, Әскери- тіркеу мұрағатында, Бас мұрағатында зерттеу жүмысы жасалды[5.45].

Қор материлдарының жинақталу тарихын айта келе оны құрастырушының өмірбаянына қысқаша тоқтала кеткен жөн.

Адриан Григорьевич Серебренников Тобол губерниясындағы священник отбасында  1863 жылы 26 тамызда өмірге келді. 1881 жылы Сібір әскери гимназиясын  бітірген соң Николаевтегі инженер училищесіне түседі. Осыдан кейін Батыс Сібір сапер ротасында подпоручик, кейіннен Хоргост (Хорпост) өзенінде  инженерлік жұмыстарды атқару үшін іс-сапарға жіберіледі. Кейін Санкт –Петербургке  келіп Николаев инженерлік академиясына оқуға түсуге дайындалады.

1889 жылы Академияны аяқтаған соң штаб — капитан шенінде Түркістан әскери округіне қарасты бас инженерлік басқармасына қызметке жіберіледі. 1890 жылы Ферғана инженер дистансасына обер — офицер болып қабылданады.

1893 жылы сәуірде Памирдегі Мургаб өзеніне жасалған экспедицияға қатысады. Экспедиция нәтижесінде Серебренников «Шугнан очеркі»,  «Памир очеркі», «Памир және памир хандықтары» атты әскери — тарихи сипаттағы мақалалар жазды.

1898-1901 жылдары аралығында Верный қаласында орналасқан Жетісу инженер  дистансасында бастық болып істеді. 1901 жылы аталмыш жинақты құрастыру үшін іс-сапарға жіберіледі. 1905 жылы жүмыс аяқталды. Материалдарды сараптау және таңдау жұмысымен Серебренниковтің өзі айналысқан. Одан басқа Серебренниковтің «Жинағында» құжаттарды тексерген  поручик Алексеев және штабс — капитан Соболев дейтін фамилиялар кездеседі. Тағы да үшінші бір фамилия түсініксіз, оны мұрағат қызметкерлері «Лебедев» деп белгілеп қойған. Осыдан және жиналған материалдардың көлемі мен санына қарай Серебренниковтің жалғыз өзі емес көмекшілермен атқарған болуы керек. Жинақ 1839-1876 жылдарды қамтып 74 томды құрайды. Баспадан жарияланған күйде 30 том болу керек екен. Жинақты түптеп құрастырушылар 1908 -1913 жылдар аралығында Ташкенттен  «Түркістан өлкесінің жаулап алынуға арналған материалдар жинағы»  және «жариялауға тиым салынады» деген  грифпен алғашқы 4 томын шығарған. 1914 жылы V — томы, 1915 жылы ХVІІ – ХХІІ томдары жарияланды. Бұл томдарда  «Жариялауға тиым салынады» деген  гриф кездеспейді және аты өзгертіліп «Туркестанский край. Сборник материалов для истории его завоевания» деп аталды. Серебренниковтің өзі көрсеткендей қаржы тапшылығына байланысты қалған томдары 1914 жылдан кейін  шығарылуы тоқтаған.

Осыдан кейін Серебренников Ташкент инженер дистансасына бастық болып жұмысқа ауысады. 1914 жылы Приамур әскери округіне қарасты басқарма бастығы болып тағайындалады. Серебренников 1919 жылы қайтыс болған.

Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тарихи мұрағатында 715 қорда сақтаулы  мұрағаттың жалпы сипаттамасы мынадай:

Қор   құжаттарының   материалдар   описі   хронологиялық   принциппен құрастырылған.   Опистегі   көрсеткіштер   Хронологиялық,   жеке   түлғалар, географиялық принциптерге негізделген. Одан басқа қордағы материалдар тематикалық каталогпен құрастырылған. Мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Патшалық Ресейдің Орталық Азияны экспанциялауға дайындығы (1832-1862ж.ж)
  2. Орталық Азиядағы орыс  саясатының  жалпы  мәселесі  (XIXғасырдың  жылдары)
  3. Хиуаға жорық 1839 жыл
  4. Орыс — Бұхара қатынасы (1840-1863 ж. ж)
  5. Орыс -Хиуа қатынасы (1840 -1863 ж. ж)

5.Орыс -Қоқан қатынасы (1840-1862 ж. ж)

6.Ресейге қосылған Қазақстан территорияларын басқаруды ұйымдастыру 1840-1863 ж.ж)

  1. Бекіністер салу. Рекогносцировкі жүргізу. (1840-1863 ж.ж)
  2. Қазақ рулары мен тайпаларының қарсылығын басудағы орыс әскери күшінің іс-қимылы. (1838-1863 ж. ж)

ІІ. Коқан, Бұхара және Хиуа хандықтарын Ресейге қосу (1863-1876 ж. ж) .

1.Орталық Азиядағы орыс саясатының жалпы мәселесі (1863-1876. ж.ж)

2.Оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу (1863-1864 ж.ж)

3.Ташкентті Ресейге қосу. Қоқан хандығының тәуелсіздігінің жойылуы.

4.Түркістан облысының құрылуы. (1865-1868ж. ж) Бұхар хандығының тәуелсіздігінің жойылуы. Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуы. 1865-1868 ж. ж)

  1. Орыс — Бұхара қатынасы (1869-1876 ж. ж)
  2. Орыс — Хиуа қатынасы (1867-1876 ж. ж)
  3. Хиуаға жорық 1873 жыл

8.Амудария бөлімінің құрылуы және орыс — хиуа қатынасы (1873-1876ж.ж.)

  1. Қоқан хандығын Ресейге қосу. Ферғана облысының құрылуы

10.Ресейге    қосылған    Қазақстан    және    Солтүстік    Қырғызстан территорияларында басқаруды  ұйымдастыру (1864-1876 ж. ж)

ІІІ. Орыс — түрікмен қатынасы және Түрікменияны Ресейге қосудың басталуы (1839-1876 ж. ж)

  1. IV. Орталық Азияға ағылшындардың экспансиясы
  2. Орталық Азиядағы орыс — қытай қатынасы (1840-1 876 ж. ж)
  3. Орыс — қытай қатынасы (1840-1864 ж. ж)
  4.   Ресейдің Қытаймен және Дунган, Тарачин сұлтандықтарымен және Якүббек мемлекетімен қатынасы.

3.Іле өлкесінің орыс әскерлері тарапынан уақытша басып алынуы

  1. Орыс — ауған қатынасы «Жинақтың» I-VIII томдарында сұлтан Кенесары Қасымов бастаған көтерілісті басуға қатысты мол материалдар жинақталған. Бұл томдар 1839-1847 жылдарды қамтып, Орынбор генерал –губернаторлығына  және Батыс Сібір генерал — губернаторлығына қарасты қазақ ру мен тайпаларының шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, сауда қатынасының тарихи жан -жақты бейнелеген. «Бүлікшіл»  ру — тайпаларды патшалық Ресей билігіне  күштеп бағындыру фактілері кездеседі. Орынбор линиясы мен Сібір линиясының орыс әскерлерінің қазақтың ішкі аудандарына енуі және бекініс, өзен, теңіз порттарының салынуы т. б секілді құрылыстар туралы материалдар жеткілікті.

VІІІ  томда  Есет  Көтібаров  бастаған  және  XVII  томда  Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған көтеріліс туралы бағалы деректер бар[6].

Арал  теңізінің жағалауларын зерттеу және Арал экспедициясы туралы материалдар  VIII-IX томдарда жинақталған. Ақмешітке жорық Ақмешіттің басып алынуы XIII — XIV томдарда. Ақмешіттің басып алынғанынан кейінгі әкімшілік   құрылым және қазақ даласындағы көшпелі өмір жәйлі. Жаңа бекіністер салу және қазақтарды орналастыру. Қоқандықтардың бейбіт қазақ ауылдарына шабуылы. Сырдария әскери -әкімішілік басқармасының құрылымы т.б. туралы мәліметтер XVII -XIX томдарда ұшырасады.

Ш. Уәлихановтың Семей арқылы Қашғарға экпедициясы XX томының материалдарында сипатталады.

Қазақтарды  қоныстандыру     және     қазақ     руларының     Қоқан, қарақлпақтардың шабуылынан қорғануы туралы да осы XX томда біршама материалдар  бар.

Шу өзенінің жоғары ағысына жасалған экпедиция. Жөлек, Ембі және Жаңақорған   сауда  факторияларының   салу  туралы   ХХІ-ХХІІ  томдарда айтылған.  Қазақстанның оңтүстік өңірінің орыс әскерлері тарапынан басып алынуы, Түркістан генерал -губернаторлығының құрылуы XXV-XXX томдарда кеңірек баяндалған.

ХІ,  XVVIII, XXVІІІ-XXIX, ХХХІ, ХХХІІІ, XXXV, XXXVIII томдар (Өзбекістан үкіметі тарапынан құпияланып пайдалануға тиым салынған.  Жаңа кезеңде мұндағы материалдардың «құлиялылық» грифі алынып, ғылым мүддесі еске алынар  уақыт жетті.

Мұрағаттың   жарияланған   және   жарияланбаған   құжаттары   қатаң хронологиялық  тәртіппен (жылы, айы, күні) жинақталған. Әр томда жүз-екі жүз кейбір томдарда үш жүз және одан көп құжаттар көрсетілген.Құжаттардың басым бөлігі жазба деректік мәліметтерді құрайды. Хандықтар арасындағы өзара хат алмасу және Түркістандағы орыс әскери шенеуніктік хат топтарының хат  алмасулары т. б мәліметтер жинақталған. Қорда, Бұхара, Хиуа, Қоқан, Қашғарға жіберілген орыс елшілеріне арналған инструкциялар және есептері сақталған. Айта кетер жәйт, инструкциялар мен қатар елшілерге хандықтар мен ру-тайпалық одақтардың ішкі жағдайы, қарым-қатынасы т.б. туралы құпия  тапсырмалар да берілген. Олардың жинаған құпия мәліметтері,ақпаратты  көрсетілген[7.78].

Тағы  да айта кетер жәйт, жарияланған құжаттардың ішінде алдымен патша әскерінің Орталық    Азияға    әскери    жорығы    туралы    баяндалады. Серебренниковтің  жариялаған әр томның алғы сөзіне былай деп жазды: «Түркістан  өлкесін басып алу барысындағы  әскери қимылда біздің әскери күштің  даңқты жеңістері жөнінде армиямыз басын жоғары көтеріп мақтаныш болады, әсіресе Түркістан әскери күштеріне…»

Қор материалдары қарастыра