БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАЙ ОТЫРЫП БІЛІМ БЕРУ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАЙ ОТЫРЫП БІЛІМ БЕРУ
Қазіргі кездегі білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі оқушыға терең білім мен тәрбие беруде оның денсаулығын сақтай отырып, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыру болып отыр.
Мектепте оқушы өзінің 11 жылын өткізеді. Ал мектепке келген оқушының денсаулығы жақсы, дене бітімінің мықты болуы шарт. Өйткені мектептегі жетістіктері дене дамуының, денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты [1].
Ендеше баланың денсаулығын сақтай отырып, жұмысқа деген ынтасын арттыруда, денсаулық сақтау технологиясының алатын орны ерекше.
Денсаулық сақтай отырып білім беру принципі – оқушының дене және психологиялық денсаулығын дамытып, нығайтуға жағдай жасайды.
Оны келесі құралдар арқылы жүзеге асыруға болады:
— денсаулықты сақтап оқыту;
— дененің дамуын арттыру;
— санитарлық- гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау;
— салауатты өмір салтын насихаттау және т.б.
Денсаулық сақтау технологиясына негіздеп оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастыруды төмендегідей қарастыруға болады:
1) сабақты денсаулық сақтау принципіне сүйене отырып құру;
2) сабақта денсаулық сақтау техологияларын қолдану;
3) қозғалыс қоңырауларын ұйымдастыру.
Денсаулық сақтауға бағытталған сабақ құрылымының мынадай 4 тәртібін анықтауға болады:
- сабақты дұрыс ұйымдастыру;
- қабылдау іс-әрекетін қолдану;
- оқушының жұмыс қаблетінің кеңістігін анықтау;
- баланың ақыл-ойының жеделдігін бөліп тастау;
1 суретте апта ішіндегі оқушының жұмыс қабілеті көрсетілген.
1 сурет — Апта ішіндегі оқушының жұмыс қабілеті
Баланың күнделікті сабақ оқуға жұмыс қабілетін төмендегідей сипаттауға болады:
— 1 сабақта — қалыптасады;
— 2,3 сабақта — ынтасы жоғары болады
— 4,5 сабақта — баланың ынтасы төмендейді.
Сондықтан мұғалім сабақ кестесін құрғанда осыған баса назар аудару керек. 2 суретте 1-4 сынып оқушыларының оқу күніндегі жұмыс қабілетті көрсетілген.
2 сурет — 1-4 сынып оқушыларының оқу күніндегі жұмыс қабілетті
Баланың сабақ барысындағы білім меңгеруінің жеделдігі келесідей:
— 5-25мин — 80%;
— 25-30мин — 60-40%;
— 35-40мин — 10%.
Бірінші сынып оқушысының ағзасы бірнеше кезеңнен өтеді:
— алғашқы 2-3 аптасы физиологиялық екпінде өтеді. Осыған байланысты қыркүйек айында балалар жаңа талаптарға бейімделе алмай көп ауырып қалады;
— келесі бейімделу кезеңі — тұрақсыз ыңғайлану. Бала ағзасы жаңа жағдайда өзіне жақын нұсқаны табады;
— бұдан кейінгі тұрақты ыңғайлану кезеңі басталады. Бала ағзасы жүктемеге аз күш жұмсайды.
Баланың денсаулығын сақтай отырып, білімді меңгертуде оқытудың келесі технологияларды сабақта күнделікті пайдаланамын:
- тұлғаға бағытталған оқыту;
- даралап оқыту;
- проблемалық оқыту;
- күштемей, ерікті оқыту;
- диалогты оқыту.
Сабақта әрекет түрлерінің ауысуы (бір сабақта оқушының әрекеті ету нормасы 7-8 түрі болу керек. Мысалы: оқу, жазу, тындау, әңгімелеу, сұрақтар, сұрақтарға жауап, көрнекі құралдарды қарау, есептер шығару және т/б). Бағдарлы нормасы — 7-10 минут. Оқыту түрлерінің саны: ауызша, көрнекілік, аудиовизуалды және т.б. Нормасы – 3-ден аз ауыспау керек. Ауысу нормасы — 10-15 минуттен кем емес [2].
Баланың шаршауын болдырмай, көңіл күйін көтеріп сергітуде, ағзасының қажетті бұлшық еттерінің дамуына сабақ үстінде орындалатын сергіту сәттері үлкен роль аткарады. Сергіту сәттерін сабақтың 15-20 минуты өткеннен кейін тіпті қиын сабақтарда екі рет орындауға тура келеді..
Сергіту жаттығуларын орындауға 1,5 – 3 минут уақыт бөлемін. Кейбір жаттығуларды ән әуенімен орындаймыз. Сонда баланың көніл күйі де көтеріліп, сабаққа деген ынтасы артады. Баланың көңілді болуы оның қан айналымының айналуынада септігін тигізеді, көңілді күйде сабақты жақсы қабылдайды.
М.ғ.д. В.Ф.Базарныйдың методикасы бойынша 3 суретте көрсетілген ватманға сызылған әр түрлі фигураларға көздерін жүгіртеді [2].
3 сурет — М.ғ.д. В.Ф.Базарныйдың методикасы
«Салауатты жас ұрпақ» бағдарламасының бастауыш сатыдағы іс-жоспары 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте — «Салауатты жас ұрпақ» бағдарламасының бастауыш сатыдағы іс-жоспары
Р/с | Жұмыс формасы | Өткізу уақыты | Жауаптылар | Нәтиже | ||
1. | Сабақ алдындағы таңертеңгілік жаттығулар | Әр кезек сабағының алдында | Мұғалім, ден. шынық. пән мұғалімі | Бала сергиді, көңілі көтеріліді | ||
2. | Сабақта ойын элементтерін қолдану | Әр сабақта | Мұғалім | Шаршағаны басылып, ынтасы артады | ||
3. | Сабақтағы сергіту сәттері | Әр сабақта | Мұғалім | Бұлшық еттері дамиды, ынтасы артады | ||
4. | Дыбыс терапия (артикуляциялық) | Тіл сабақтарында | Мұғалім | Қан айналымы дұрысталып, жүйке жүйесі жақсартылады | ||
5. | Әуен терапия | Еңбек, ән бейнелеу, сабақтарында | Мұғалім | Ағза тынығады | ||
6. | Витамино терапия | Қажетті уақытта | Ата-ана көмегімен | Ағза дәруменмен толығады | ||
7.
| Динамикалық үзілістер | Сабақ арасында 2-3 рет | Мұғалім | Көңіл күй көтеріледі | ||
8. | Сарымсақ медальондары | Тұмау кезінде | Мұғалім, ата-ана | Ауруға қарсы тұрады | ||
9. | Сынып бөлмесін желдетіп отыру | Үнемі | Мұғалім | Ауа тазарады | ||
10. | Сынып бөлмесінде гүл отырғызу | Үнемі | Мұғалім | Шаң- тозаң ағзаға түспейді | ||
11. | Фитотерапия (фиточай ) | Үзіліс кезінде | Мұғалім, аспазшы | Ағзаға көмек | ||
12. | Тегін тамақтану | Үнемі | Мұғалім, аспазшы | Қарны тоқ, көңіл күйі тоқ | ||
13.
| Тапсырманың баланың жас ерекшелігі ескеріліп, шамадан тыс берілмеуін қадағалау | Үнемі
| Мұғалім
| Ағзаға салмақ түспейді
| ||
Бала денсаулығын сақтауда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
2 кестеде бала денсаулығын сақтауда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері көрсетілген [3].
2 кесте — Бала денсаулығын сақтауда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері
Р/с | Жұмыс формасы | Өткізу уақыты | Жауаптылар | Нәтиже |
1. | Табиғат аясында топ серуен ұйымдастыру | Каникул кездерінде, оқу жыл ішінде | Ата-ана, медбике, мұғалім | Дене шынығады |
2. | Денсаулық күнін , денсаулық аптасын, спорттық мерекелер | Оқу жыл ішінде | Дене шынықтыру пән мұғалімі | Ағза сауығады |
3. | Бастауыш сыныпта спорт секцияларын, үйірмелерін ашу | Оқу жыл ішінде | Дене шынықтыру пән мұғалімі | Денсаулығы нығаяды |
4. | Балаларды жазғы мезгілде сауықтыру лагерлеріне жіберу | Каникул кезінде | Мұғалім | Дем алады |
5. | Бастауыш сыныпта ақыл-кеңес аларлық денсаулық бұрышын ұйымдастыру | Оқу жылы ішінде | Мұғалім | Ақпараттанады |
6. | Медбикемен кездесу | Оқу жылы ішінде | Мұғалім | Ақыл-кеңес алады |
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында атап өткендей, оқушының мектептегі жетістіктері дене дамуының және денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты делінген. Ендеше, бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын сақтай отырып білім мен тәрбие беруде, баланың оқу іс-әрекетіне ынтасы артады, тез шаршауы мен ағзаның әлсіреуі болмайды, денсаулығында патологиялық ауытқуы бар балалардың саны азаяды, физикалық және психологиялық тұрғыдан сау болуына, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыруда тигізер пайдасы зор.
Пайдаланған әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ереже.Астана — 2010.
- Ахаев А.В. Здоровьесберегающие технологии обучения.- Усть-Каменогорск, 2004.
- Жексенбаева Ү.Ж. 12 жылдық білім берудің құрылымдық — мазмұндық ерекшеліктері. — 12 жылдық білім. №5 2006.