Бастауыш сыныптарда шапшаң оқу әдісін арттыру жолдары

  Бастауыш сыныптарда шапшаң оқу әдісін арттыру жолдары

А7С7 Шапшаң тез оқу әдістемесі немесе техникасы дегеніміз не және не үшін қажет?

Жеделтетіп тез оқу әдісі неге маңызды және қай жерде пайдалы? Қарапайым өмірде адамдар  тақырыпты жай асықпай оқу  пайдалы әлі түсініктірек деп қате пайым жасайды. Расында тез оқу дегеніміз тез игеру, тез түсіну, тез ұғыну ұғымдарымен тығыз байланысты.Оқымысты, жан-жақты адам дегеніміздің өзі – жеделдете тез оқи алатын, әртүрлі ақпараттарды тез игере алатын адам деген сөз.

Бұрынғы өткен ұлы данышпан адамдардың көбісі тез оқу әдісін терең меңгерген, өз заманының озығы болған.Кейбір адамдарға бұл қасиет бала кезінен туа бітеді, ал енді біреулеріне көп еңбектенудің, жаттығудың нәтижесінде жемісін береді.

Жай асықпай оқитын адамдарға қарағанда, әртүрлі зерттеулердің қорытындысына байланысты, тез оқи білетін адамдардың жүйке жұмысының өте белсенді күшті дамығанын және де қарапайым өмірде  де осы белсенділігінің арқасында көп жетістіктерге жететіндігі дәлелденген.

Олай болса тез оқи білсең бақытқа, жетістікке бір табан жақынсың!

Қарап тұрсаң, оқу жылдамдығы төмен бала өз сыныптастарына қарағанда үй тапсырмаларын орындау барысында оқып-түсіну үшін көп уақыт жұмсайды, шаршайды, оқуға деген ықыласы төмендеп, өзіне сенуден қалады. Нәтиежесінде  баланың оқу көрсеткіштері нашарлап, эмоциональдық күйзеліске ұшырап, ұстаздарымен жиі сөзге келіп, оқуға мүлдем құлқы болмайды.

Сондықтан баланы алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі әдістемелері арқылы тез оқу әдісіне машықтандырып, көп еңбек етіп, қызығушылығын тудыру керек.

Тез оқу әдісіне қандай факторлар кедергі келтіруі мүмкін:

1) регрессия – көздің оқу кезінде қозғалу жылдамдығы, 1 сыныпта

2) көру аймағының аздығы, бұл дегеніміз бала көзінің қозғалтпай отырған кездегі, көзге жақын көрініп тұрған аумақ немесе кітап бөлігі

3) тақырыпты оқып шықаннан кейін, не туралы оқығанын түсінбеуі

4) сөздің астарын, мағынасын тусінбеуі

5) артикуляция, яғни жай ежіктеп оқу барысында, дауысын шығарып, оқу процесіне есту аппаратының (құлағының қосарланып қатысып отыруы)

Міне осы факторлардың бәрін ескере отырып ең бірінші баланың көруі арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлу керек

Ол үшін сабақтарда:

1) түрлі картыналар, суреттер топтамасын пайдаланып, көрсетіп, балалардан 1секунд ішінде жаттап алған нәрселерін сұрау

2) екі бағанға сөздер жазып, балаларға көрсетіп, оқытып қайталап сұрау

3) мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтқызып жарыстыру

4) өткен тақырыптарды қайталап сұрап тұру

5) тақырыптың кез келген сұрақ қойып, жауабын тез тауып айтуға жаттықтыру

6) жаңылтпаштар оқыту

7) оқу жылдамдығын салыстырып, жиі жарыстыру, көрсеткіштерін күнделікке жазу

8) таныс тақырыпты оқытып, тез басқа таныс емес тақырыпқа көшу

9) тіркес немесе біріккен сөздерді жазғызып олардың қандай сөздерден құралғанын сұрау

10) берілген әріптерден сөз құрастыру; кім көп сөз, әрі кім тез?

Осындай әр түрлі жаттығулардан кейін, баланың оқуға деген құлшынысы артыпоқуға белсене қатысып, өзінің оқуға тез бейімделе бастағанын байқамай қалады.

Баланы тез оқи білуге үйрету, бұл бүкіл білім беру ісінің негізгі фундаменті болып табылады.Өйткені бала әрі қарай осы оқу әдісін меңгеруіне байланысты әр түрлі пәндерді тез оқып, үйреніп, игеріп кетеді.