«Үшөлшемді әдістемелік жүйенің физика сабақтарындағы тиімділігі». TIMSS және PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде қойылған талапта

«Үшөлшемді әдістемелік жүйенің физика сабақтарындағы тиімділігі».

TIMSS және PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде қойылған талаптар.

 

Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жетерліктей. Оларды пайдалану барысында адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығын – ең жоғарғы құндылық ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа алу керек. Болашаққа үміт артқан мемлекет , ең алдымен білім сапасының іргетасын қалайды. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән қасиет.  Ұлы философ Конфуций: «Оқымай ойлану құр бос әрекет» деген, яғни білім ғана биікке жеткізеді.

XXI ғасыр – тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры.

Тәуелсіз туын көтерген  жас мемлекетіміз білім саласында да өзіндік бағыт- бағдарын айқындап, әлемдік білім кеңістігіне шығуда жалпы білімнің жүйесі  қоғам дамуы мен  бірге дамып, үнемі өзгеріп отырады. Оқушы білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек.

Қазіргі мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың «миына құйғанмен», ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауына мүмкіндік бермей, шығармашылық арман, қиял қанатын байлап қояды. Көптеген жағдайда бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген түрде , жаттап алуына тура келеді. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды.  Бұл баланың оқуға деген ынтасын жоятын кемістік болып табылады.

Қазіргі заман мектебі бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсаты – мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болу керек. Аталған мәселені  шешетін технологиялардың бірі: «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі (ҮӘЖ) »

Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі  технологиясы бойынша жұмыс жасау үшін әр мұғалім өз пәні бойынша төмендегідей құжаттар әзірлеу керек.

  1. Күнтізбелік жоспар
  2. Тақырыптық жоспар
  3. Жұмыс дәптері

 

1.Күнтізбелік жоспарды жасау барысында ең алдымен барлық тақырыпты модульге бөлу керек. Модуль дегеніміз – ол үлкен , ауқымды тақырып немесе  бірнеше параграфтан тұратын тарау. Оның ерекшелігі , әрбір тарау, немесе модуль 3 қорытынды сабақпен аяқталады : өзіндік жұмыс, коррекциялық жұмыс , бақылау жұмысы. Технология талабы бойынша әрбір тоқсан 6 қорытынды сабақпен аяқталуы тиіс;

(3 сабақ тоқсандағы соңғы тарау бойынша, 3 сабақ тоқсандағы барлық модуль бойынша). Ал әрбір оқу жылы 9 қорытынды сабақпен аяқтау тиіс: 3 сабақ соңғы тарау бойынша, 3 сабақ соңғы төртінші тоқсан бойынша, 3 сабақ жылдық қорытынды бойынша.

 

Мысалы төменде 9 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар көрсетілген  (қосымша 1)

 

 

 

 

 

  1. Тақырыптық жоспар.

 

Тақырып «…………………………………………………………………………………………»

 

Тақырыпты меңгертудің мақсаттары:

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

 

Тақырыпты меңгерудің  алғашқы (1 кезең), келесі (2 кезең), соңғы  (3 кезең) үш кезеңдерінің әрқайсысында Педагогикалық жүйенің сегіз компоненттері (маұқсаты, мазмұны, әдісі, формасы, құралы, оқушының танымдық іс-әрекеті, мұғалімнің басқарушылық  іс-әрекеті, әр кезеңнің нәтижелері) жеке айқындалып төмендегідей жоспарланады.

 

І кезең «Ұйымдастыру» кезеңі (5-7 мин)

 

А) үй жұмысын тексеру, ашық журналға бал тіркеу

ә) «Көпір тапсырмалары» (үйге берілген болатын), өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар

 

ІІ кезең  — технология бойынша синектикалық бөлім (20-25 мин)

 

А) өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру

Бұл жерде мұғалім әдеттегідей сабақты өзі түсіндіруден бастамайды, ол 5-7 минуттық өзіндік жұмыс ұйымдастырады. Мысалы, оқушыға зерттеушілік әдістің алгоритмі бойынша іріктелген сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Олар төмендегідей ретпен қойылуы тиіс:

Теорияны меңгеру үшін: 1.Білу  — не? Қашан? Қайда? Қай жылы?…құрылымы қандай?

  1. Түсіну — неге? Неліктен? Не себепті? Түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер

3.Талдау – талда, салыстыр, айырмашылығы, ерекшелігі неде?

4.Жинақтау – классификация жаса, қорытынды шығар

 

Практикада бекіту үшін:           5.Қолдану            бекіту тапсырмалары

  1. Баға беру бекіту тапсырмалары

Оқушының мазмұн жайындағы  пікірін сұрау (сұрақтар параққа немесе тақтаға жазылады,  әрбір оқушы оқушыға немесе жұпқа, немесе топқа  тапсырылады.) сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді (жаңа тақырып бойынша ) оқиды, жауап табады.

 

Б) жұмыс нәтижесін мұғаліммен талқылау

Негізгі мақсат – ой ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Жоғарыда айтқандай , мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрінде бермей, оқушылардың өздері күш салыпқаншалықты меңгергендігін қадағалайды. Ол тек көмектеседі., қосымша фактілер береді., қажет болса өзі түсіндіреді, демек мұғалім оқушылардың танымдық қызметін тек басқарады, бағыт-бағдар береді.

В) алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау

Жаттығулар орындау, мысал есептер шығару (бірақ жаңа тақырып бойынша баға ешкімге қойылмайды, ол үшін төмендегі үшінші кезең ұйымдастырылады. Мұндай әрекет ешбір басқа технологияларда арнайы қарастырылмаған және осы ҮӘЖ технологиясының басты ерекшелігі болып табылады.

 

     ІІІ кезең (кері байланыс)- технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім (12 минут + 3 минут қорытынды шығаруға арналады.)

 

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғарыдағы 2-кезеңде алған білімдерін  дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12 ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау болып табылады. Оқушыларға үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.

 

  • ші деңгей – оқушылық (өнімсіз-репродуктивтік деңгей, мемлекеттің ең аз қажетті  көлемін қамтиды.) бұл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттерін жасайды.
    • Екінші кезеңде қарастырылатын ұғымдарды, ережелерді, анықтамаларды т.б. фактілерді білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: Не? Қашан? Қай жылы? Қайда? … құрылымы қандай? Аяқта, формуланы жаз т.с.с Демек, бұл деңгейде оқушының теориялық, тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады,
    • Үлгі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау орындау арқылы – біліктілігі анықталады. Бірінші деңгейдің қорытындысы: зачет (есептелді) алады, ол 5 баллмен бағаланады.

 

2-ші деңгей де оқушылардан:

  • 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарларын анықтайтын тапсырмаларды орындап;
  • өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау іскерлігі (екінші деңгейде қалыптасатын біліктілігі) талап етіледі. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыру арқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері жатады. Сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі? Түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер , салыстыр, талда, классификация жаса т.б.

 

 

3-ші деңгейде  оқушылар танымдық-ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңделуіне, қорытындылауына бағытталған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар түрі:өз шешіміңді тап, алгоритм жаса, жүйеле, зертте, қорытынды шығар, жетістіктерін сипатта, сәйкес келе ма?,… дұрыс па? т.б.

 

4-ші деңгейдің тапсырмалары оқушылардың жаңа  әдістерді пайдаланып,  білімдерін қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында қолдана білуін талап етеді (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау т.б. )