Жобалап оқыту технологиясын химия және биология сабақтарында қолдану

 

Жобалап оқыту технологиясын  химия және биология сабақтарында қолдану

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі ғаламтану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып қарастыру мүмкін емес.Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру, даму жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясының бағыттарына сәйкес ,халықаралық білім кеңістігіне кіру және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартарын модернизациялаужалпы орта білімнің мазмұнды және процессуалды жақтарды ұйымдастырудың  жаңа әдіснамалық негізіне көшуі нәтижеге бағдарланған білім моделі  арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген.

Осыған орай,мектепте білім мазмұнын жақсартудың алғы шарттарының бірі – дарынды балаларды тәрбиелеп жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туғызу. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде психо – педагогикалық жағдайды шешу үшін түрлі іздену жұмыстары арқылы дарындылығын анықтап және олардың жетілуіне тиімді жағдай жасау жолға қойылған.

Оқушылардың ғылыми қоғамы – оқушыларды ғылыми ұғымдармен , зерттеу әдістері жайлы білімдерімен қаруландыруға, зерделетін әдістерді практикада қолдана алу үшін қажет біліктілігін жетілдіруге , оқушылардың ғылыми ойлануын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға , жауапкершілікке , ғылыми мәдениетке , ғылыми жұмыстың әлеуметтік рөлін түсінуге, тәрбиелеуге үйретеді.

 

 

 

І. Жаратылыстану циклі сабақтарында құзырлықтың ғылыми-теориялық негіздері мен даму жолдары.

«2011-2020жылдарға арналған білім беруді дамытудағы мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жолдарында мектептің 12-жылдық  білім  беруге көшуге көптеген сұрақтар мен қиындықтар туындайды.Бұл қиындықтарды шешу жолдарында оқушылардың өзгерген талаптарға үйренуінінен жеңіл өтуін қадағалау қажет.Білім беру реформасын білім сапасын артыруға және уақытқа сай ұлттық білім беру жүйесінде бақталастыққа көтеруге ұмтылуға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Жалпыға Міндетті Мемлекеттік Стандарт талабына сәйкес адамға білім мен әлеуметтік жағдайлардың арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік беретін тәжірибе мен білімге негізделген жалпы қабілет әлеуметтік құзырлықтың білім беру нәтижесі нәтижесі ретінде қарастырылады.

Білім берудің негізгі құнды байлықтары мыналар:

  • Оқушылардың өздігінен білім алу және ұйымдастыру қабілетін дамыту(өз бетінше қиындықтарды шешу);
  • Құқық мәдениетінің жоғары деңгейін қалыптастыру, өз құқықтарын көруге үйрету;
  • Серіктестікке дайындау, іскерлік қабілеттерін дамыту;
  • Өзгенің ойын қабылдай алуға үйрету.

Ғылыми – жаратылыстану білім негіздерінің деңгейін көтеру мектептің дамуындағы маңызды бағыттарының бірі.Гуманитарлық ғылым адамның рухани байлығын дамытады, ал жаратылыстану өмір негізін қалайтын табиғаттың құрылу заңдарын қамтиды.

Химия және биология пәндері қоршаған дүние қасиеттері мен табиғат байлықтары жайлы мазмұнға ие. Адам дүниеге келгеннен бастап антропогендік және табиғи заттармен тығыз байланысты.

Жаратылыстанудың негізгі ғылымдарының бірі – химия және биология пәндерін оқыту төмендегідей мақсаттар қояды:

  • Оқушыларда жаратылыстану ұғымдарын қалыптастыру;
  • Адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасын анықтайтын жеке бас мәдениетін қалыптастыру;
  • Оқушылардың нақты оқу материалдары арқылы ойлау, қабылдау, есте сақтау сияқты жеке бас қасиеттерін қалыптастыру;
  • Күнделікті өмірге қажетті химия және биология пәндерінен базалық дайындықты қамтамасыз ету;
  • Болашақта білім негідерін құру.

 

ІІ. Жобалап оқыту технологиясы – химия және биология пәндерін оқыту әдісі.

Жобалап оқыту технологиясының негізі – оқушылардың оқу – танымдық іскерлігінің практикалық және теориялық қиындықтарды шешу жолына бағытталған.Алғашқы көрсеткішті көруге,қабылдауға,шынайы өмір тәжірибесінде қолдануға болады.Кейінгі көрсеткішті оқушылардың баға жетпес құндылығы,тәжірибе іскерлігін  өз білімімен байланыстырады.Жобалап оқыту технологиясымен жұмыс істеу-мұғалімнің іс-әрекетіне жоғары деңгейдегі қиындықты шешуге ерекше талап қояды:

  • Әлеуметтік міндеттердің болуы (зерттеу, ақпараттық, практикалық);
  • Жобалаудың орындалуы – қиындықты шешуге бағытталған іс – әрекетті жоспарлаудан басталады , көп жағдайда заттың түрін және презентация формасын анықтау , ақпаратты жинастыру;
  • Жобамен жұмыс істеу нәтижесі – жобаны іске асыру , дайын жұмыс.

Жобаға қатысушылардың негізгі міндеті – зерттелетін тақырыпты таңдау.Химия және биологияны оқытуда жобалау іс – әрекетінің көрсетілу түрлері:

  • Баяндама;
  • Слайд – презентация;
  • Ғылыми баяндама;
  • Көрме;
  • Макет;
  • Модель ,
  • Сабақ үлгілері;
  • Ғылыми конференция;
  • Рөлдік ойындар.

Жобалап оқыту технологиясының белгілері:

. өз бетінше ойланып, жұмыс істей білу;

. өз білімі мен біліктілігін практикада қолдану;

. керекті ақпаратты жинау ,іздеу іскерлігі;

. жан – жақты болу;

. оқушының табиғи қызығушылығы арқылы белсенділігінің артуы.

Жобалап оқыту технологиясының мінездемесі:

. жеке басының ерекшелігі;

, жеке басының іскерлігі;

. топпен жұмыс істей білу, топта өзін ұстай білу қабілеттілігі;

. өз ойын еркін жеткізе білуі ,өзін көрсете білуі;

. ойлану бағытында және практикалық жұмыс бағытында өзінің шешім қабылдауы;

. ұжымшылдыққа, жауапкершілікке,әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

Бұл жобалап оқыту технологиясы химия және биология сабақтарында оқу процесін ұйымдастыру формасы ретінде де қарастырылады.

НЕГІЗГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ІСКЕЛІК

Ұйымдастыру іскерлігіЭКСПЕРИМЕНТТІ ЖОСПАРЛАУ(ЖОСПАР ҚҰРУ,ЗЕРТТЕУ,ТАЛҚЫЛАУДЫ ЖОБАЛАУ).
УАҚЫТТЫ, ҚҰРАЛДАРДЫ, ӘДІСТЕРДІ ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ.
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ – ЖАБДЫҚТАРДЫ ІРІКТЕУ.
ЭКСПЕРИМЕНТТІ БАҚЫЛАУ.
ЖҰМЫС ОРНЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ, ЖҰМЫСТАҒЫ НАҚТЫЛЫҚ ПЕН ЖИНАҚЫЛЫҚ.
ЕСЕП ФОРМАСЫН ДАЙЫНДАУ.
ЛАБОРОТОРИЯЛЫҚ ЖУРНАЛҒА ТІРКЕУ.
ТЕХНИКАЛЫҚ ІСКЕРЛІГІРЕАКТИВТЕРДІ ҚОЛДАНА БІЛУ.
ПРИБОРЛАРДЫ ЖИНАУ.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ.
ЖАНАРҒЫ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНА БІЛУ.
ШТАТИВТІ ПАЙДАЛАНА БІЛУ.
ПРОБИРКА ҰСТАҒЫШТЫ ҚОЛДАНА БІЛУ.
ПРИБОРДЫҢ ГЕРМЕТИКАЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ.
ӨЛШЕУІШ ЫДЫСТАРДЫ ҚОЛДАНА БІЛУ.
ЕРІГІШТІК.
ДЕКАНТАКЦИЯ ӨТКІЗУ.
БУЛАНУ, АЙДАУ ,ҚАЙТА АЙДАУДЫ ӨТКІЗУ.
СҮЗГІ ҚАҒАЗЫН ДАЙЫНДАП, СҮЗУДІ ӨТКІЗУ.
Өлшеулік іскерлікСұйықтар мен газдардың көлемін өлшеу.
Өлшеу.
Сұйықтар мен газдардың температурасын өлшеу.
Сұйықтар мен қатты заттардың тығыздығын өлшеу.
Эксперимент өтетін орынды анықтау.рН ортасын анықтау.
Экспериментті өткізу уақытын есептеу.
Ақыл – ой іскерлігіАнықтамалар мен оқулықтармен жұмыс істей білу.
Эсперимент мақсатын нақтылау.
Эксперимент қорытындысына болжам жасау.
Бақыланатын құбылыстарды суреттеу.
Фактілерді.құбылыстар мен қасиеттерді салыстыру.
Фактілер мен құбылыстар арасындағы байланысты график,кесте,схема түрінде көрсету.
Өлшеу нәтижесін тексеру.
Эксперимент нәтижесінің анализі.
Себеп-салдар жүйесін анықтау.
Қайталау мен қорытындылауды реттеу.
Баяндама дайындай білу,жұмысты қорғау кезінде сұрақтарға жауап бере білу.
Жеке қасиеттеріне байланысты заттарды анықттау.
Химиялық реакциялардың түзілуі.
Химиялық реакция өнімін алу.
Су мен ауаны ығыстыру әдісі арқылы газ жинау.
Құрастыру іскерлігіҚұрал-жабдықтар мен прибор,модель дайындау.
Құрал-жабдықтар ,прибор оларды құрастыруды іске асыру.

           ІІІ. Химия және биология практикасының жүйесі.

Мектепте химия және биология пәндерінде жүргізілетін келесі эксперименттерді жақсартудың келесі жолдарын ұсынуға болады:

  1. Практикалық лаборатория жұмыс кезінде оқушыларды деңгейлеп оқыту.
  2. Эксперменттік жұмыстарды өздігінен орындауға енгізу.
  3. Химиялық – биологиялық ойлаудышығармашылықпен дамыту мақсатында арнайы химиялық – биологиялық практикумды енгізу.

Әр практикалық жұмысты зерттеу бірыңғай жүйеге бағынады:

  1. Химия,биологиядан негізгі ұғымдарды қалыптастыруға практикалық жұмыстар бағытталуы тиіс.
  2. Оқыту процесінде эксперименттік іскерлікті дамытатын жұмыстарға бағытталады.
  3. Тапсырмалардың қиындай түсуі.

Барлық практикалық жұмыстардың байланысын  оқыту — білім жүйесін қалыптастырудың негізгі жүйесі.Әрпрактикалық жұмыс оқушылардың бағдарламаға сәйкес тақырыпты өтуге негізгі дайындық жұмысы ретінде қарастырылады.Ал енді кейбіреулері қорытынды жасауға бағытталған жұмыс түрі болып саналады.

Практика жүйесі химия мен биологияны оқытудың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді:

-зерттеу экспериментін сабақтың құрамына енгізу;

-пәнаралық байланысты қолдану;

-экспериментті орындауда тәжірибелер жүргізу;

-танымдық мәселелерді шешуге үйрету;

-химиялық ойлауды шығармашылықпен байланыстыру,жасаған жұмысы жөнінде жазбаша есеп беру;

-жеке,топтық,деңгейлеп оқыту түрлерін қолдану;

-тұрмыстық химия реактивтерін қолдану және оларды күнделікті өмірде пайдалану.

ІҮ. Жобалап оқыту технологиясы.

Соңғы кездерде мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде «жоба» деген сөз жиі кездесуде.

Бүгінгі күні қоғам-жоғары оқу орнын бітірушілердің білімінің сапасына ғана емес,олардың өз бетінше жұмыс істеуіне,проблемаларға ғылыми көзқараспен қарауына,оны шешу жолдарын іздестіруді талап етіп отыр.

Жобалап оқытудың негізгі міндеті-пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.Жобада оқушылар әр пән мұғалімдерімен бірлесе отырып білім алады.Жетекші мұғалім жобаның әр кезеңін қатаң бағалауы керек. Себебі қадағалау дұрыс болмаса алға қойылған мақсат өзгеріп,басқа нәтиже көрсетілуі мүмкін. Жобада оқушылардың ізденіс,ғылыми бағыт,бір-бірінің еңбегін бағалау яғни,ұжымдық қызметі айқындалады.Жоба таңдау кезінде мұғалім өтілген тарауды бойынша оқушыларға тақырып таңдауды ұсынады.

.Жобаның кезеңдері:

1-кезең.Жобаның тақырыбын ұсыну.

Бұл кезеңде миға шабуыл әдісі қолданылып,әр оқушы өзіне ұнаған тақырыбын айтады.Мұғалім оқушылар айтқан ұсыныстарды ұнамаса да қабылдауы қажет.тақырыпты талқылаған кезде оқушылар бәрі бірдей сөйлеп, шу болып кетуі мүмкін, оны болдырмау үшін 1-2 хатшы тағайындалып, олар балалар айтқан тақырыптарды тақтаға жазып отырады. Бұл кезең 10-15 минутқа созылады.

2-кезең. Жобаның белгілі бір тақырыбын таңдау.

Мұғалім оқушыларды белгілі бір тақырыпты таңдауға итермелейді.Осы жерде мектептің оқу материалдарының мүмкіндігі ескеріледі.Бұл кезең 15-20 минутқа созылады.

3-кезең. Жобамен жұмыс жасаудың әдістері мен ресурстарын, қорытынды ұсынудың формасын таңдау.

Ресурстар мен әдістерді таңдау: тәжірбие жасау, сауалнама алу, социологиялыұ сұрау, топсеруен, қосымша әдебиеттер оқу, интернеттен ақпарат алу, арнайы мекемелермен келісім-шартқа тұру, олардың жұмыстарының анализдерімен танысу т.б.

4-кезең. Жобамен жұмыс.

Жоба берілген уақыттың негізгісін алады.уақытты күнтізбеге қарап, мұғалім өзі белгілейді. Көбінесе сабақтан тыс уақыт пайдаланылады.

5.кезең.Жобаны ұсыну.

Жобанының қорытындысы сабақ кезінде,сабақтан тыс яғни апталықтарда,лездемелерде, сынып сағаттарында ұсынылады.Осыған орай төменде 8-сыныпқа арнап құрылған «Тамақтану гигиенасы» тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.

Оқушыларға ғылыми негізде.бағдар беру,олардың өз бетінше жұмыс істеуіне басшылық жасау,өз жұмысын қорғауға үйрету.Ақпараттардан негізгісін бөліп алу,қорытындыға келу,білімді өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру.Тамақтану гигиенасы,ұлттық тағамдар туралы түсініктерін кеңейту.Салауатты өмір салтын сақтауға, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу-сабақтың мақсаты болады.

Жобаға биология,химия,әдебиет,технология,әдеп пәндерінің мұғалімдері қатыса отырып,кіріктіріле өтеді.

Сабаққа зертханалық құралдар:реактивтер,пробиркалар,индикатор қағазы,йодтың спиртті тұнбасы, энергетикалық құндылығы жазылған органикалық заттар мөлшері мен дәрумені көрсетілген тамақ қораптары,диетология әдебиеттері,қазақтың ұлттық тағамдарына арналған әдебиеттер және т.б.керекті құралдар пайдаланады.

Жобаны ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз еркімен 3топқа бөлінеді.

Тамақтану гигиенасы

 

Ітоп.Тамақтардың химиялық анализі.

Зерттеу бағыттары:

Тамақтың химиялық құрамын зерттеу.

-крахмалды,майды табудың тәжірибесі(йодтық проба);

-сұйық заттардан рН табу тәжірибелері (индикатор қағазы);

— сілекей мен асқазанның, бауырдың, ұйқы безінің сөлдері мен ферменттерін жазу (оқулық);

— тамақтың түрлеріне байланысты қорытылу уақытын анықтау (қосымша әдебиет);

Зерттеу әдістері:

  • Тәжірбиелер, жоспарлау, қорытындыны жазып алу, анализдеу;
  • Оқулықпен,қосымша әдебиеттермен жұмыс.

Жұмыстың қорытындысы:

1.Кестелер

-ақуызды тағамдар

-майлы тағамдар

-құрамында көмірсу мөлшері көп тағамдар

-сілтілі,қышқылды тағамдар

-тамақ түріне байланысты қорытылу уақыты

Жеміс,көкөністер шырынықышқылдық
Сүтсілтілік
Кола сусыныбейтарап
Сорпабейтарап

 

2.Дұрыс тамақтану үшін керекті тағамдар тізімі

ІІтоп.Тамақтың энергетикалық  құндылығын анықтау,есептеу.

Зерттеу бағыттары:

Тамақтың энергетикалық құндылығын анықтау,зерттеу.

-тамақ қораптарындағы белгілерге қарап,тамақтың энергетикалық құндылығын анықтау

-дайын кестеден оқушының  күндік энергетикалық қажеттілігін есептеу

-оқушының мектептегі тамақтан алатын энергетикалық құндылығын есептеу

 

Зерттеу әдістері:

-тамақ құрамының анализі

-дайын кестеден есептеу

-оқушылардың мектепте тамақтануын бақылау

 

Жұмыстың қорытындысы

1.Өсімдік тектес тағамдардың энергетикалық құндылығы

Жануар тектес тағамдардың энергетикалық құндылығы

2.Энергетикалық құндылығы жоғары тағамдардың тізімі

атауыақуызмайкөмірсуқұндылығы ккал,100г
Түтік кеспе10,4г1,1г71,5г344,4
«Шедевр»күнбағыс майы99,9г899
«Одари»сүті2,8г2,5г4,7г49
Шоколад4,6г30,4г56,3г494,5
«Ақмаржан»күріші71,4г330

 

ІІІтоп.Тамақтану тәртібін ,дәстүрін зерттеу.

Зерттеу бағыттары:

-тамақтану тәртібін зерттеу

-Қазақстандағы ұлттардың тамақтану дәстүрімен танысу

— мектеп оқушыларының тамақтану ерекшелігін зерттеу

— тамақтану әдебімен танысу

— қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін зерттеу

Зерттеу әдістері:

-Оқулықпен жұмыс

  • Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау
  • Мектеп дәрігерімен кеңес, әңгіме
  • Мектеп дәрігерінде есепте тұрған оқушыларды анықтау
  • Асханадағы тамақтануды бақылау
  • Тамақтану әдебінің ережелерін жазу
  • Ұлттық тағамдардың жағымдылығын көрсететін мақал – мәтелдер жинау

 

Жұмыстың қорытындысы:

  1. Асқазан ауыратын оқушыларды анықтау, оларға диета құру;
  2. Дұрыс тамақтануға нұсқаулар құру;
  3. Әр түрлі халықтың тамақтану дәстүріне шығарма жазу;
  4. Тамақтану әдебінің ережелер жинағы;
  5. Ас мәзірін құру.

 

 

 

Тамақтану тәртібі.

Тамақты өте көп ішкен кезде асқазан толып кетеді.Бұл ас қорыту процесін қиындатады және бұзады,себебі бөлінетін ас қорыту сөлі тағамдағы барлық қоректік заттарды ыдырата алмайды.Тәулігіне 4рет тамақтанатын адамда ас қорыту үшін едәуір қолайлы жағдай туады.Тамақтың 25%-ы таңертеңгі,50%-ы түскі, қалған25%-ытүстен кейінгі ас пен кешкі асқа бөлінеді.Староколутон орта мектебінде оқушылар екі кезеңде оқиды.Сондықтан тәтті нан мен шай беріледі.Зерттеу бойынша мектеп оқушылары пайдаланатын тағам құндылығы:

Тәтті нан-150ккал

Шай

 

Тамақтану әдебі.

Тамақ ішер алдында қолды жуу керек;үстелде отырғанда өзіңді жақсы ұста;ретсіз тамақтанба;тамақты ұйқыға дейін 2сағат бұрын ішу керек.

Ғылымға белгілі қазақ халқының 40-тан астам тамақ түрлері белгілі.Бұл тағамдардың құрамында :минералды тұздар,нәруыз,май,көмірсу және А,В,С,Д,Е дәрумендеріне бай болып келеді.Ұлттық тағамдардың денсаулық нығайтудағы қуатты қасиеттері ас қорыту мүшелерінің қызметін жақсартуда маңызы зор.

8-сынып оқушылары арасында асқазаны ауыратын оқушылар анықталмады.Егер асқазаны ауыратын оқушылар болса,арнайы диета ұстағаны жөн.

 

Шығарма  «Ас-адамның арқауы»

Кең байтақ Қазақстан жерінде әртүрлі халықтар тұрады.Олардың өздерінің тамақтану дәстүрлері бар.Менің тоқталайын деп отырғаным-қырғыз халқының тағамы-сүзбе.Ашыған айранды тоқыма қапқа құйып,аузын байлап,іліп қояды.Сарысуы ағып біткесін қапта қоюы-сүзбе қалады.Осыған аздап тұз,жуылған мейіз,кептірілген алма қосады.Бұл халық сүзбемен шай ішеді.

Сүзбе-өте пайдалы сүт тағамдарына жататын ақуызды өнім.Сүзбе құрамында толық құнды ақуызы мен кальций көп болады.Оның құрамында құндылығы таптырмайтын амин қышқылы-метионин болады.Ол холестеринді алмасудың қалыпқа келуіне мүмкіндік жасайды.Демек,атеросклероздың өршу процесін де тежейді.Бауыры,жүрек,қан тамырлары жүйелеріауыратын адамдарға сүзбе өте пайдалы.

 

Дастарханға мынадай ас мәзірін ұсынған жөн:

1.Салқын тағамдар мен бірасарлар.

2.Бірінші тамақ-көже,сорпа,гарнирімен

3.Ыстық тағамдар

4Сусындар.

 

 

 

 

 

Ү.   Қорытынды.

Оқыту-дамыту көрсеткіші оқушылардың шығармашылық белсенділігін лабораториялық эксперимент кезінде айқындалады.Зерттелетін объектіге жан-жақты қарау,өзбетінше шешім қабылдау,сонымен қатар жаңа білім алу тәсілі-жеке бас қасиеттері арқылы қалыптасады.Бұл әдісті қолдану нәтижесінде оқушылардың шығармашылық зерттеу дағдыларыжетіледі.Оқушылар әр жағдайда нақты таба білуге үйретеді.Өз ойын дәлелдей алады,өзгелермен қарым-қатынас жасауға үйретеді.Лабораториялық эксперимент оқытуда мұғалімнің әр оқушымен жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.Экспериментті жүргізу кезінде әр оқушы өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды.Әркім өз ойын айтуға құқығы бар және өзгенің ойын тыңдауға міндетті.

Сәйкесінше,құзырлықты қалыптастыруға мүмкіндік беретін әртүрлі әдістер мен технологияларды,оның ішінде жобалап оқыту технологиясын қолдану арқылы мұғалім оқушыларды болашақта өмірлік жол табуына жетелейді.