«Күз» М. Дулатов
| Күні:23.09.2013 | Пәні: әдебиеттік оқу | Сынып: 3 Б |
| Сабақтың тақырыбы: | «Күз» М.Дулатов | |
| Мақсаты: | Әңгіменің мазмұнын,негізгі ойын түсінеді. | |
| Табыс критерийлері: | · Әңгіме мазмұнын түсіне алады. · Күз мезгілі туралы өз ойларын жеткізе алады. · Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді. | |
| Сабақтың әдісі: Бағалау: | Топтастыру,топтық,жұптық жұмыс,Жигсо әдісі Мұғалімнің бағалауы,өзін өзі бағалау | |
| Ұйымдастыру кезеңі:
| Жүректен-жүрекке. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.) (2 минут) | |
| Қызығушылықты ояту | Топқа бөлу,топ мүшелерін сайлау,топтық ережені құру (спикер,хатшы,басшы) (5 минут) | |
| Мағынаны тану | Мағынаны тану (түсіну, қолдану) Жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға тапсырма,өлең «Бұл қай кезде болады?» «Күз» сөзіне топтастыру жасау,топтық жұмыс
Әңгімені оқып,танысу. ЖИГСО әдісін қолдану (мәтінді 3 бөлікке бөлу,1,2,3-ке саналу,оқу,түсіну,сосын өз топтарына келіп түсіндіру,талқылау) (10 минут) | |
| Ой толғаныс | -Балалар,кім күз мезгілін ұнатады,сол оқушылар бір бұрышқа,кім күз мезгілін ұнатпайды олар екінші бұрышқа,ал кейде ұнайды,кейде ұнамайды дегендер үшінші бұрышқа жиналсын. Оқушылар өз ойларымен бөліседі. (6 минут) | |
| Сергіту сәті | Көңілді жаттығу (2 минут) | |
| Жұптық жұмыс | Берілген тіркестердің мағынасын түсіндіру Алтын күз,қоңыр күз,берекелі күз,маужыраған күз (3 минут) | |
| Бейне фильм | «Күздің кереметтері» бейне фильмді тамашалау (3 минут) | |
| Шығармашылық жұмыс | «Күз» тақырыбына бес жолды өлең құрастыру( 9 минут) | |
| Үйге тапсырма | «Алтын күз» тақырыбында эссе жазу | |
| Қорытынды Рефлексия | Бағалау (бағалау) -Не ұнады? -Не ұнамады? (5 минут) | |