Электрондық оқу құралын оқу үрдісінде қолданудың тиімділігі

 

Тақырыбы: Электрондық оқу құралын оқу үрдісінде қолданудың тиімділігі

 

 

 

 

 

 

Астана, 2010 жыл
Ж
оспары

 

 

Аннотация………………………………………………………………………………………..2

  1. Кіріспе…………………………………………………………………………………………..3

1.1.  Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану………………….5

  1. Негізгі бөлімі……………………………………………………………………………….8

2.1. Электрондық оқулықтың құрылымы…………………………………………..8

2.2. HTML тіліндегі электрондық оқулық саласы………………………………15

Қорытынды………………………………………………………………………………………18

Қолданылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………….20

 

Аннотация

 

Тақырыптың өзектілігі: Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.

Жұмыстың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.

Жұмыстың міндеті: Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын, атап айтқанда электрондық оқулықтарды тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.

Жұмыстың зерттеу әдістері: HTML тіліндегі электрондық оқулық ұсыну.

Жұмыстың жаңалығы: Заман ағымына сай білім беруді дамыту, білім сапасын әлемдік деңгейге көтеру – кез келген оқу орынның, оқытушының басты міндеті.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар.


Кіріспе

 

Елбасымыз «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы үш құрамдас бөлiктен тұруға тиiс деп оны талдап бердi. Оның бiрiншiсi — бiлiм беру жүйесiн инновациялық даму жолына түсудi қарастырады. Дәстүрлi бiлiм беру әдiсi шәкiрттердi ақпарат және бiлiммен мейiлiнше мол ауқымды қамтамасыз етудi басты орынға қою керек. Қазiргi кезде әрбiр сағат сайын жаңарып жатқан ақпарат пен бiлiмнiң тасқынынан өзiмiзге керектiсiн iрiктеп алу- оны ыңғайына қарай қолданысқа және мамандыққа еңгiзу мәселесi күн тәртiбiнен түспеуi керек. Сондай-ақ жаңаша ойлауды да ұмытпауды еске сала келiп, бұл үшiн жаңа әдiстемелер, оқыту формалары қажеттiгiн айтты.

Осыған байланысты бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi.

Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:

—        ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

—        бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

—        оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;

—        оқу жүйесі бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;

— бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;

—        педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.

Бiлiм берудi ақпараттандырудың қағидалары:

— қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi ;

— жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;

— бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;

— жалпы компьютерлiк сауаттылық;

— оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация).

Нәтижелер:

— жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

— жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

— жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;

— бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

— отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;

— бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;

— республиканың бiлiм беру мекемелерiн басқарудың бiртұтас ақпараттық желiсiн құруға негiздеп, бiлiм берудiң басқару салаларының ақпараттық желiсiн құру.

1.1. Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану

 

Қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника  мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер мұғалiм мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.

Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:

Электрондық пошта телеконференция:

мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)

гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)

Интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры, ақпараттық iздеу жүйелерi)

видеоконференциялар

Аталған типтердiң көмегiмен тыңдаушы мен мұғалiм арасында оқыту мен дидактикалық мiндеттер шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге асырады.

Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу материалдарын жiберу мен мұғалiмге өздерiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен шектеледi.

Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.

FTP-серверлерiнiң қызметi өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал  WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады.

WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы берiлген материалдарды оқи алады.

Менің HTML тілінде құрастырылған электрондық оқулығымды сәйкесінше қашықтатылған режимде оқуға, меңгеруге, тапсырмаларды орындауға болады.

 

 

Негізгі бөлім

2.1. Электрондық оқулықтың құрылымы

Мен электронды оқулықтың сыртқы құрылымын қарастыратын болсам. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:

  1. материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.
  2. материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу.
  3. Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.

Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.

Менің ұсынып отырған электрондық оқулығым HTML тілімен қатар, объектілі бағдарланған DELPHI7 бағдарламалау тілінде жазылған және де, айтып өтерлік, стандарттардың бәріне де сай болып келеді.

Нақтылап айтып кетсем, аса маңызды критерийлердің бірі болып табылатын оқулық мазмұнымен қатар, дизайндық ұйымдастырылуы да құрастырушының назарынан тыс қалмай, бірінші орынға қойылып қарастырылғаны жөн. Менің электрондық оқулығымда қажет стандарттардың барлығы ескерілген болып табылады.

Келесі кезекте оқулықтың кейбір беттері көрсетіліп ұсынылады.

Оқулықтағы кескін-суреттердің, тақырыпқа сай мысалдардың іс жүзінде графикалық түрде бейнеленуі оқулықты меңгеру процессін өте қызықты, ыңғайлы, жылдап әрі сапалы өткізуіне көмек береді.

Материалды меңгерілу деңгейін қарастыру, тексеру үшін арнайы сұрақтар мен тест сұрақтары да кіріктірілген.

 

Мұғалімге тексеруді ыңғайлату процессін мен оқушы тіркелуімен қамтыдым. Бұл өз кезегінде тестті өткен оқушылардың нәтижесін бірден көруді автоматтандырады.

Сонымен қатар электрондық оқулықты қолданудың түсініктемесі де қарастырылған. Оны арнайы «Көмек» батырмасын шерту арқылы немесе біздің білетін «F1» перне батырмасын басып шақыруға болады.


Электрондық оқу курсының құрылымы

Сызба 1

Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық:

— сыртқы бетi;

— титульдық экран;

— мазмұны;

— оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер);

— оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);

— өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;

— өзiндiк бақылау жүйесi;

— оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе.

Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:

Сыртқы бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет.

Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi туралы ақпараттар жазылады.

Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.

Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады? электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т.б.

 

2.2. HTML тіліндегі электрондық оқулық саласы

 

Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан менің ұсынып отырған HTML тіліндегі электрондық оқулықтың ерекшелігі – оқушының тұлғалық, интелектуалдық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.

Сызба 2

 

Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:

  1. Жан-жақтылығы.
  2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
  3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
  4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.
  5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
  6. Тұтынушыға бағдарлау.

Электрондық оқулықтың құрамы:

— пән туралы қысқаша ақпарат;

— жұмыс бағдарламалары;

— электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;

— ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;

-теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);

-теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;

-практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;

— практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;

— бақылау тапсырмалары;

— лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;

— бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;

— бақылау тестiлерiнiң жинағы;

— телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;

— үйренушiнiң жұмыс папкасы.

Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.

Қорытынды

 

Уақыт алға жылжыған сайын адамзаттың қажеттілігі тек материалдық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да үнемі өсіп, өркендеуді талап етері сөзсіз. Отандық ғылым беру саласы аталған талап тілекті жүзеге асыратын негізгі күш. Сана неғұрлым дамудың жоғары сатыларына көтерілген сайын қажеттілігін қанағаттандыратын тетіктердің де неғұрлым жоғары сапалы болуын қажет етеді. Дүние жүзін жайлаған ең күрделі жаһандану процессі тұсында бізде рухани ұлттық құндылықтарымызды жандандырып, жаңарта түсуіміз керек. Егер жаңа заман адамын қалыптастырамын дейтін болсақ, ең әуелі бірден-бір адамтану ғылымының негізі болып табылатын әдебиеттану ғылымының да көкжиегін кеңейту кезек күттірмейтін мәселе. Әлеуметтік өзгерістердің казіргі қоғамда жаңа қозғалыстың өркендеу процессі , білім мен тәрбие саласында жаңа ізденістерді қажет етуде. Осындай қажеттіліктердің бел ортасында тұрған мәселенің бірі — білім берудің жаңа да тиімді әдістемесінің ғылыми теориялық негізін дамыту.

Қазақ халқына жолдаған үндеуінде президент Н.Ә.Назарбаев ендігі жерде өсіп-өну, әлемдік өркениетке жетудің бірден-бір жолы білім мен ғылым саласында екендігінде баса назар аударды. Қазіргі кезде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде озық үлгідегі дүние жүзілік технологиялық жаңалықтарды қолдануға мол мүмкіндік бар. Болашақ мамандық иесі, қоғамның мүшесі- жоғары оқу орнының студентіне жан-жақты өскелең білім беру үшін бұрынғы уақыттағы әдіснамалардың қажетісін қолданып, ескіргенін алыптастап, неғұрлым жаңа технологиялық әдістерді жүзеге асырудың тиімді жақтары анық байқалуда. Мәселен,жоғары оқу орнының студентіне оқытушы (мейлі ол профессор болсын), бір сарынды лекция оқумен шектелетін болса, онда болашақ маманға терең білім беру және оны меңгерту күрделі мәселеге айналмақ. Сол себепті де студентіне бүгінгі күнде көп ізденіп, шығармашылықпен айналысып, әлемдік, ұлттық озық үлгідегі әдістемелік технологияларды меңгеруге, оларды пәннің өзіндік ерекшеліктеріне, мақсат, міндеттеріне сай қолдануы кезек күттірмейтін мәселе.

Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.

Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары 2006. — №5. 3-5 бет.
  2. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ.высш. учеб, заведений. М.: Академия, 2003.
  3. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
  4. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
  5. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т.