«Еркетай аруы -2013»

«Еркетай аруы -2013»

Сайыстың мақсаты:

— қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту.

— қыз деген нәзік жаратылыстың өзіне тән ерекшелігін, өмірдегі алатын орнын сезіндіру.

 

«Гүл өссе – жердің көркі,

Қыз өссе – елдің көркі» – деген осынау бір сөздердің астарында қаншама мән мағына жатыр. Табиғаттың ажары жер бетінде құлпырып өскен гүлмен кірсе, ел сәні, елдің көркі қырмызы қыздарымызбен шырайланатыны шындық. Сондықтан халқымыздың қыз балаға деген құрметі ежелден ерекше болған. Олай болса, бүгінгі «Еркетай аруы — 2013» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!

Ортаға аруларды шақырамыз.

 

1.Атыңнан айналайын Айсамал деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.
2.Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Айсананың алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт оттын.

  1. «3» — сыныпта оқитын,
    Өрнектеп тоқыма тоқитын,
    Ән айтып,би де билейтін.
    Наргизадай өнерлі қызымыз.

Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.Тәрбие ісінің меңгерушісі:  Қайсанова Зейнеш Тоқтарқызы
2. «Балдәурен» лагерінің тәрбиешісі: Жапарова Әсем Молдатайқызы
3. «Балдәурен» лагерінің тәрбиешісі: Ахметов Бегалы Ерболұлы

Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін.

  1. «Қыздар сұлу көрінер сәлемімен» кезеңі (1-2 мин).
  2. «Шебер қолдар» ою қию кезеңі (2 мин)
  3. «Ойнайық та ойлайық» мақал – мәтел айту кезеңі (2 мин)
  4. «Бармағынан бал тамған» кезеңі. (ас мәзірі, қолөнер бұйымдары) (5 мин)
  5. «Өз өнерін көрсету» кезеңі (2-3 мин)

1 кезең .  «Қыздар сұлу көрінер сәлемімен»

Кішкене арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен танысуға,-дей келе арулар өздерін таныстырып өтсін.

 

 

2 кезең «Шебер қолдар» ою қию кезеңі

Шеберлердің тер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата — баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан,- дей келе екінші кезең бойынша аруларымыздың  ою түрлерін ойып, құрақ құрайды және ою түрінін атын атына түсінік береді.
3 кезең «Мақал — мәтел сайысы»

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі мақал – мәтел сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте мақал — мәтелге берейік. Плакатта гүлдің суреті тұрады, қыздар гүлдің біреуін үзіп, артындағы жазылған сөз бойынша білетін бірнеше мақал – мәтелдерін айтып өту керек.

  1. Отан туралы
  2. Тіл туралы
  3. Қыз туралы
  4. Ана туралы

     

 

 

4 кезең. «Бармағынан бал тамған»

Әдеп ғұрып, салт дәстүрі қазақтың,

Жарасымды, үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттан, жаңартудан қашпайық.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай бізде де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

 

 

 

5 кезең. «Өз өнерін көрсету»

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші:
Осымен бұл сайысты тамамдасақ,

Тағыда жарысармыз аман болсақ.

Сөз береміз әділқазы алқасына,

Әр топтың білімдерін сараласақ – деп әділқазылар алқасына сөз береміз

Балаларды марапаттау.

 

Қорытынды: Сайысқа қатысқан арулар  Кеңшілікова Айсамал «Инабатты ару» номинациясымен, Сүлейменова Айсана «Өнерлі ару» номинациясымен, Ильясова Наргиза «Шебер ару» номинациялары мен сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

                         № 3 Аршалы орта мектебі

 

 

 

 

«Бәйтерек» балалар ұйымының

жанынан құрылған

«Балдәурен» жазғы лагерінде өткізілген

«Еркетай аруы — 2013» арулар байқауы

 

 

 

Ұйымдастырушы:

Әлеуметтік педагог

Жангабулова Г.С.