Астық тұқымдастары – бағалы азықтық өсімдіктер. Азия елдері. Есеп шығару.

Сабақтың тақырыбы: Астық тұқымдастары – бағалы азықтық өсімдіктер. Азия елдері. Есеп шығару.

 

Сабақтың мақсаты:    Астық тұқымдастарының құрылыс ерекшеліктерімен

және шығу орталықтарымен таныстыру.

 

Сабақтың міндеттері:1) Білімділік: Астық тұқымдастарының құрылыс

ерекшеліктері, тіршілік жағдайы, олардың шығу

орталықтары жайлы білім беру. Азия елдері тақырыбы

бойынша білімдерін толықтыру. Натурал және бүтін теріс

көрсеткішті дәрежеге есеп шағару.

                                      2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта

білуге, биология, география, математика, салауаттану

пәндерін байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, жұмыс

жасау қабілеттерін дамыту.

                                      3) Тәрбиелік: Өз денсаулығына деген көзқарасын

қалыптастыру. Әдептілік ережелерін бойына сіңірген

шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат

тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: кіріктірілген, аралас

(биология, география, математика, салауаттану)

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, салыстыру, өзіндік ізденіс жұмыстары.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, кесте, слайдтар, кеппешөп, жұмыс дәптері.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа білімді меңгерту.

ІІІ. Қорытындылау. Бағалау

ІV. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Кіші топшаларға бөлу. Рефлексия әдісі бойынша келесі кестенің екі бағаның толтыру.

Аты-жөні: _____________________________________________

 

Не білемінНе білгім келедіНе білдімСабақтан кейінгі

көңіл-күйіңіз

 

 

 

  

 

ІІ. Жаңа білімді меңгерту: Топтар әр пән бойынша өзіндік ізденіс жұмыс жасайды.

 

 

БИОЛОГИЯ ТОБЫ:

Даражарнақтылар класына жалпы сипаттама беру. Астық тұқымдастарына сипаттама. Құрылыс ерекшелігіне тоқталу. Астық тұқымдастарын жүйелеу.

 

 

КлассСаныӨмір сүру формасыГүл

шоғыры

Гүл

формуласы

ЖемісіӨкілдеріМаңызы
Даражарнақтар 

11 000

 

Бір, екі көп жылдық шөптесінөсімдік

тер

 

 

Масақ шашақ сыбыртқы

Күрделі

масақ

собық

 

 

♀♂Са2С3А3 Z1

 

 

Дәнек

Эндос-

перімі

бола

ды

 

Бидай

Жүгері

Тары

Сулы

Арпа

Бамбук

Қант

қамысы

Күріш

Тағамдық

Өндірістік

Сәндік

Жабайы

Қағаз

Эфир

майлы

Химиялық

 

 

 

ГЕОГРАФИЯ ТОБЫ:

Азияның аймақтарға бөлінуі. Құрамына кіретін елдерге және аймақ табиғатының ерекшеліктеріне тоқталу.

-Еуразия материгі нешеге бөлінеді?

-Азия мен Еуропа бір-бірінен қандай шекара арқылы бөлініп тұр?

-Азия туралы не білеміз?

-Азия қандай ірі аймақтарға бөлінеді?

1) Оңтүстік-Батыс Азия

2) Оңтүстік Азия

3) Орталық Азия

4) Оңтүстік-Шығыс Азия

 

МАТЕМАТИКА ТОБЫ:

Оқушылардың қосымша жинақтаған мәліметтеріне тоқталу.

Биылғы жылы Қазақстан астық сатудың экспорттық жолын 9,2 млн тоннаға дейін арттырды. ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің хабарлауынша 18 млн тонна деңгейіндегі астықтың жалпы жиналымы шығарылатын астықтың көлемі 7-8 млн тоннаны құрайды. Сонымен қатар, Қазақстандағыдай жоғары сапалы астық әлем бойынша бірнеше мемлекетте ғана бар. Соның бірі – Канада. Қазақстанның бидайы оларға қарағанда арзан болса да,  біздің мемлекеттен шығатын 5-6 млн тоннаға бола, Еуропа елдері Канаданың өнімінен бас тартпайды. Қазақстан астығының басты тұтынушылары: Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Грузия, Балтық елдері.

Ыбырай Жақаев әр гектардан 174 центнерден күріш алды. Дүние жүзі бойынша рекорд жасаған. Шығанақ Берсиев әйгілі тары өсіруші. Ол тарының әр гектарынан 165-175 центнерге дейін түсім жинады.

 

 

САЛАУАТТАНУ ТОБЫ:

Астық тұқымдастары, бағалы, азық-түліктік өсімдіктер. Адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы тоқталу.

Тамақтану адам денсаулығын сақтау және нығайтудың негізі болып табылады. Көптеген аурулар дұрыс тамақтанбаудың нәтижесінде пайда болады. Негізгі қоректік заттар белок, май, көмірсу. Осы белок, май, көмірсулар дәнді дақылдардың, яғни астық тұқымдастарының құрамында көп мөлшерде кездеседі. Оны мына кестеден көруге болады.

 

Астық тұқымдастарының құрамындағы

белок, май, көмірсу және калориясы

Өнімнің

атауы

БелокМайларКөмірсуКалориялығы
Күріш7,00,677,3351,0
Қарақұмық12,63,366,5355,0
Ұнтақ жарма11,30,773,3353,36
Сұлы11,95,865,4370,8
Арпа0,31,173,7314,2
Жоғары сортты макарон10,40,975358,5
Жоғары сортты бидай нан7,610,652,3251,1
Қара нан4,70,749,8229,9
Кесілген батон7,42,951,4268,1

 

БИОЛОГИЯ:

Кеппешөптермен жұмыс. Анықтау. Гүлдің құрылысымен таныстыру.
Биология да математика сияқты қатал да нақты есеп жүргізеді. Ұлы орыс ғалымы былай жазды: ғылым үшін өлшем, өлшеуден ғылым басталады. Өлшеусіз нақты ғылым болмайды. Нағыз биолог дұрыс және тез есептей алу керек, логикалық ойлауды жүзеге асыру керек. Кейінірек биология пәнінен танысасыздар. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашқан чех ғалымы Г.Мендель бұршақ өсімдігіне математикалық есептеулер жүргізіп, тұқымқуалаудың 3 заңдылығын ашты.

 

МАТЕМАТИКА:

Семейдегі «Элита» ұн тарту комбинатынан алынған мәліметтер бойынша:

 

1 т бидайдан – 70 % ұн

Қалдық – 30 %

Кебек – 25 %

Әр түрлі қалдықтар – 4 %

Жарамсыз заттар – 1 %

 

70 % ұннан

15 % – жоғары сорт ұн

42 % – бірінші сорт ұн

13 % – екінші сорт ұн.


Нан зауытының мәліметтері бойынша:

1 қап ұннан 235 бөлке нан шығады. 1 нанның салмағы 600 граммды құрайды.

«Ас арқауы — нан» десек, нансыз дастарханымыздың сәні де, нәрі де жоқ. Егер орта есеппен 1 адам күніне 300 гр нан жейді десек, онда Қазақстанның 15 млн тұрғыны 1 күнде қанша нан жейді?

ГЕОГРАФИЯ:

Интерактивті тақтамен жұмыс: 1. Азияның ірі аймақтарға бөлінуін тауып, қою.

  1. Кескін картаға оңтүстік Азия елдерінің аттарын дұрыс тауып қою:

 

 

Ауғанстан

Үндістан

Непал

Пакистан

Шри-Ланка

Қытай

 

САЛАУАТТАНУ:

ГЕОГРАФИЯБИОЛОГИЯСАЛАУАТТАНУМАТЕМАТИКА
Аймаққа кіретін

елдерді жазу

Осы аймақта өсетін астық тұқымдастарыДәнді дақылдардың денсаулыққа пайдасыТоннамен берілген масса
Шаманың стандарт түріОндық жүйеде жазылуы
Оңтүстік Батыс Азия елдері:

 

 

 

 

3,4 . 108

1200000 т
Оңтүстік Азия елдері:

 

 

130000000 т

Орталық және Шығыс Азия елдері:

 

 

 

0,3 . 107

Оңтүстік-Шығыс Азия елдері:

 

 

 

 

4,4 . 105

2300000 т

Астық тұқымдастарынан шыққан өнімнен алынатын тағам түрлері. Тамақтағы құндылықтарын анықтау. Кесте бойынша қай өнімнің калориясы жоғары екенін табу.

 

 

Бағалау: Әр топ бағалау парағына бір-бірін бағалайды.

ІV. Үйге тапсырма беру:

  1. 4 аймақ бойынша хабарлама дайындау.
  2. 32. 138-бет кесте.
  3. қызықты мәліметтер жинақтау.