6 сынып оқушыларын «Жас географтар қатарына қабылдау» кеші

 

6 сынып оқушыларын «Жас географтар қатарына қабылдау» кеші

 

Мақсаты: 6 сынып оқушыларын география ғылымының негіздерімен таныстыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

 

Кешке қатысушылар: 6, 11 сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар

 

Жүргізуші:  Құрметті кешке келген қонақтарды, бүгінгі кештің иелері

6 А,Ә оқушыларын ортаға шақырамыз. Ұлы Абай: «Ғылым – білімді әуелі бастан бала өзі іздеп таппайды. Басында ойынмен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болған ша», — деп айтқандай бүгін біз 6 – сынып оқушыларын жас географтар қатарына қабылдай отырып, география ғылымы туралы негізгі ұғымдарды оқушылардың бойына кеш барысында қалыптастырмақшымыз.

(ортаға 6 сынып оқушылары шығады)

 

Жүргізуші:

Жүр, адымда жасұлан,

Саяхатқа шық алысқа,

Еш нәрседен қорқып, әрі жасқанба,

Жаңалықтан қалыспа!

 

Жүргізуші:  Кешіміз 3 бөлімнен тұрады.

  1. Үй тапсырмасы.
  2. Қойылым. «Саяхатшылар»
  3. Ант қабылдау

 

І. Үй тапсырмасы.

 

Жүргізуші: Алдын-ала жас географқа қажетті ұғымдар және құралдармен танысу үшін үй тапсырмасына кезек береміз.

1-оқушы. Қолындағы рюзатағы құралдарды атап, не үшін қажет екенін түсіндіреді (тағамдар, тұсбағдар, қалам, қағаз, карта т.б.).

2-оқушы. Жас географтар үшін, ең керегі достық пен татулық.

(хорман «Достар» әнін орындайды)

 

3-оқушы. Аяздарда тоңбаймыз,

Саяхаттан қалмаймыз,

Ең күрделі сұраққа,

Жауап іздеуденжалықпаймыз.

Білімнің биік шыңынан,

Болашаққа қол бұлғаймыз.

Жиырма бірінші ғасырда,

Саяхатшылар ісін жалғаймыз.

 

Жүргізуші: Енді жас геогафтар қатарына ену үшін, қандай дайындықпен келгендеріңді білу үшін конвертте жасырынған сұрақтарға жауап беріңдер.

 

  1. Азимут деген не?
  2. Географ саяхатшылардан кімдерді білесіңдер?
  3. Тұсбағдар деген не?
  4. Карта деген не?
  5. План деген не?
  6. Масштаб деген не?
  7. Ғаламшар деген не?
  8. Дүние жүзінде қанша мұхит бар?
  9. Ауа райын өлшейтін қандай құралдарды білесіңдер?
  10. Қандай биік тауларды білесіңдер?

 

ІІ. Қойылым «Саяхатшылар» (11-сынып оқушылары дайындаған)

 

Жүргізуші:

Енді ең соңғы бөлім ант қабылдау рәсімі.

(қарамен жазылғандарды хормен айту керек)

 

Біз, жас географтар

Кітапты көп оқуға

Әртүрлі саяхаттарға жиі шығуға

Үнемі оптимист болуға

Отанымызды сүюге

Табиғатпен достасуға

Ант етеміз.

 

 

Кешті қорытындылау.