Оқушыларға халқымыздың еңбегі жайлы түсініктерін толықтыру

Пән аты. Еңбекке баулу.

Сыныбы. 1 сынып.

Мұғалімі. Абуханова Д.Х.

Сабақтың тақырыбы. Қайталау.

Сабақтың мақсаты. а/ білімділігі. Оқушыларға халқымыздың еңбегі жайлы түсініктерін толықтыру.  Еңбекке қызығушылығын арттыру.

ә/ дамытушылық. Еңбек тақырыбына байланысты өлең, жұмбақтарды мәнерлеп оқуға қызығушылығын арттыру. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық- гигиеналық  талаптарын орындату.

б/ тәрбиелік. Еңбек ету ерекшелігін білу арқылы эстетикалық тәрбие беру. Материалдарды үнемдеп ұқыпты жұмыс істеуге және болашағын болжай алатын ұл- қыз тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті. Ата – аналардың мектеппен байланысын нығайту. Ата –аналар мен бірлесе отырып, оқушыларды  еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі. өтілген тарау бойынша қайталау, жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі. суреттер, буклеттер, газеттер, кітаптар, қайшы, түйме, мата, ине- жіп т.б. құралдармен таныстыру.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Ұй жұмысын бекіту.
  3. Жаңа сабақ

Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе, жоқ тыныш.         / қайшы/

Тап- тап, жорға,

Табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе, жеткізбес,

Жерге түссе, таптырмас.           /ине/

Жалпақ бетті батыр

Белін буып жатыр.              / сыпырғыш/

Басы жоқ, денесі жоқ, құрсағы бар,

Ішінде құрсағының жұмсағы бар.

Жатарда ұнатады ұйықтағанды

Кәрілер сол жұмсаққа сонша құмар.  /жастық/

Сайыстың түрі.

Балаңызбен бүгін сіз,

Келіп тұрсыз сайысқа

Бағалаймыз бұны біз,

Озып кеткін жарыста.

  1. Үлгі болып олақ пенен салақтарға,

Не жетсін, жамау тігіп, жамағанға.

Не жетсін, шеше көріп, тон пішкенге

Өз түймесін өзі біліп қадағанға.

1-ші сайысымыз оқушылар өз аналармен бірге түймелерін алып, матаға тігеді.

Ескереміз ұқыпты тігілгенін

Ептілігін көрейік бұл сайыста

Анаңыздың көрсеткен үлгісімен

Келтіріндер  жануарлардың мүсіндерін.-деп,

2 – ші  сайысымыз  әртүрлі жануарлардың мүсіндерін жасаңыздар.

Кімге не ұнайды ойыны.

Оқушы өзіне ұнаған жануарлар туралы тақпақ айтады.

Анамыздың еңбегін

Бағалайық, қарайық.

Үлкендерден үлгі алып,

Ұрпақтарға жалғайық.

Осы жерде аналар өздерінің қоларынан жасаған  өнерлерін балаларына айтып түсіндіреді.

Ата –аналардан еңбек жөнінде мақал – мәтелдер сұрау

Қорытынды.

Еңбек  — ердің сәні.

Еңбек  — ата, жер – ана.

 

Еңбек  етсең ерінбей,

Тояды қарның  тіленбей.

 

Еңбегіңе қарай – құрмет,

Жасыңа қарай ізет.

Оқушылардан еңбек туралы мақал -мәтелдер сұрау.

Қауіпсіздік техникасының ережелерін сұрау.

  1. Үйге тапсырма.
  2. Бағалау

 

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Таран негізгі орта мектебінің бастауыш сынып  мұғалімі.

Абуханова Диана Хамитқызы