Елбасы біреу, біз оған тіреу.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы Қоғалытүбек ауылы
Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебі
Султашова Жанар Касымовна
Елбасы біреу, біз оған тіреу.
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Қазақстан Республикасының Пезиденті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан−жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, оқу арқылы қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылардың бойына демократиялық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу;
Түрі: дөңгелек үстел;
Әдісі: ой−толғау, ауызша баяндау, тірек−сызбалармен жұмыс, топтастыру, сұрақ−жауап;
Көрнекілігі: елбасының суреті, тірек−сызба, кесте, кітаптар көрмесі;
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Эпиграфы: «…«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын.Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа,мені ұлым деп,перзентім деп төбесіне көтерген халыққа,арғы –бергідегі қазақ баласының бірде –бірінің
пешенесіне бұйырмаған бақыты –толыққанды,тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің
керегі жоқ,осы жолда мен бойымдағы бар қайрат – қабілетімді,білім –білігімді аямай жұмсаймын,қандай да тәуекелге барамын…»
Нұрсұлтан Назарбаев.
Биылғы 2012 жылдың 1 –желтоқсанынан бастап барлық мектептерде,оқу орындарында,жалпы Қазақстан елінде еліміздің «Тұңғыш Президент күнін»
салтанатты түрде атап өткелі отыр.
Президент— мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым.Елдің, халықтың үміті мен сенімін,бабалардың аманатын арқалаған ең жауапты да,ең қиын міндетке елбасымыз қалай келді.
Ой−шақыру стратегиясы.
«Нұрсұлтан Назарбаев –түрік әлемінің лидері»
(Т. Ертоған – Түркияның премьер−министірі)
Зарина: Баяндама: «Нұрсұлтан Назарбаев – әлемінің лидері»
Нұрсұлтан Назарбаев –мемлекетімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманының аса дарынды тұлғасы. Аумалы−төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолға ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.
Н.Ә.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадыр− қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдинетін, әдет−ғұрыпын, салт−дәстүрін жітік білетін, қлтын жан−тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат;
- қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы;
- қорыққанға қорған, тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті;
- алдағыны болғай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем;
- елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;
- халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең, сөйлегенде сөз алатын, егескенге еңсесін басатын, елдескенге мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.
Ой қозғау стратегиясы.
Қазақстан Республикасының Пезиденті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен қызметі, саясаттағы, экономикадағы, мәдениеттегі атқарған игі істерін талқылау үшін зерттеуші оқушыларға сөз берейік.
Сағи: Елбасының өмір жолы қандай?
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 1940 жылдың 6−шілдесінде Алматы облысының Қаскелең (Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында туылған. Мамандығы инженер−металлург. Экономика ғылымының докторы, академик, «Ғасыр адамы» атанған қайраткер. Елбасының атасы Назарбай өз аумағында билік жүргізген, ел басқарған адам екен. Шамалған, Қаскелең, Үшқоңыр жайлауын мекенген.
1958 жылы мектепті үздік бітіргеннен кейін Теміртау қаласына Қарағанды металлургия комбинатына жұмысқа тұрды.
1958−1960 жылдары Днепродзержинск техникалық училищесінде оқыған.
1962−1965 жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыған.
Гулжаухар: Елбасының саяси өмірі туралы не білеміз?
Өндірістік, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды жетік білуі, халықпен тез тіл табыса алуы, қажырлы еңбек құмарлылығы, жан−жақты білімі, өз көзқарасы мен сенімін табандылықпен қорғай білуі саяси өмірбаянына негіз болды.
Елбасы еңбек жолын 1960 ж. Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресінің жұмысшысы болып бастайды.Кейін Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы,домна пешінің көрікшісі,диспетчер,газ айдаушы болып жұмыс істеді.
1969 ж.Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп-транспорт бөлімінің меңгерушісі
1969 -71 ж.Қазақстан комсомолы Теміртау қалалық комитетінің 1-хатшысы
1971-73 ж. Теміртау қалалық партия комитетінің 2 –хатшысы
1979-84 ж. Қазақстан Комунистік партиясының орталық комитетінің хатшысы
1984 жылдың наурызынан 1989 жылдың шілдесіне дейін Қазақ КСР Мин.кеңесінің төрағасы
1989 жылдың маусым айынан 1991 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан комунисттік партиясының орталық комитетінің -1 хатшысы,1990 жылдың ақпан айынан сәуірге дейін Қазақ КСР Жоғ.Кеңесінің төрағасы.
1990 ж. Сәуірде 12 –шақырылған Қазақстан Жоғарғы кеңесінің сессиясында
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды.
1995 ж.29 сәуірде өткен референдум нәтижесі бойынша оның Президенттік
Уәкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
1998 ж.8 қазанында ҚР парламенті ҚР Конституциясына сәйкес Президенттік Уәкілеттілік мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдап,1999 жылдың 10 қаңтарына жаңа Президент сайлауын белгіледі. Қазақстан тарихында тұңғыш рет баламалы негізде өткен осы сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдағы жеті жылға ҚР-ның Президенті болып сайланды. (79,75 %)
2005 жылы 4−желтоқсанда сайлауда қайта сайланды. (91,5 %)
2011 жылы 4− сәуірде салауда Президент болып қайта сайланды. ( 95,5 %)
Н.Ә. Назарбаев өмірі мен қызметі
Жылдар | Атқарған қызметтері |
1940 ж 06.07 | Алматы облысының Қаскелең (Қарасай) ауданындағы Шамалған ауылында туылған |
1958 ж. | мектепті үздік бітіргеннен кейін Теміртау қаласына Қарағанды металлургия комбинатына жұмысқа тұрды |
1958−1960 ж. | Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищеге оқуға түседі. |
1962−1965 ж. | Қарағанды политехникалық институтында оқыған |
1969 -1971 ж. | Қазақстан комсомолы Теміртау қалалық комитетінің 1-хатшысы |
1971-1973 ж. | Теміртау қалалық партия комитетінің 2 –хатшысы |
1973-1977 ж. | Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы болды. |
19 77-1979ж. | Қазақстан КП Қарағандық облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшы |
1979-84 ж. | Қазақстан Комунистік партиясының орталық комитетінің хатшысы |
1984−1989 ж | Қазақ КСР Мин.кеңесінің төрағасы
|
1989 −1990 ж | Қазақстан комунисттік партиясының орталық комитетінің -1 хатшысы |
1990ж. | Қазақ КСР Жоғ.Кеңесінің төрағасы |
1990ж. 24.04 | ҚХСР Жоғарғы кеңесінің сессиясында Қазақстанның Президенті болып сайланды |
1991 ж. 01.12 | Бүкілхалықтық дауыс беру сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып қызметке кірісті. |
1995 ж.29.04 | Өткен референдум нәтижесі бойынша оның Президенттік өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды |
1998 ж.08.10 | ҚР парламенті ҚР Конституциясына сәйкес Президенттік Уәкілеттілік мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданды |
1999 ж. 10.01 | Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдағы жеті жылға ҚР-ның Президенті болып сайланды. (79,75 %) |
2005 ж. 04.12 | сайлауда қайта сайланды. (91,5 %) |
2011 ж. 04.04 | Салауда Президент болып қайта сайланды. ( 95,5 %) |
Асия: Тәуелсіздік жолында қандай игі жұмыстар атқарды?
«Туған халқының тағдыры үшін күрескен».
Ел өмірінің алуан салалы тіршілік тынысын терең білуі, шешімін күтіп, қордаланып қалған мәселелерді тап басып тани алуы, ел ішінде ұрымтал әрекеттерге барып, таңдаған бағытын табандылықпен жүзеге асыру қасиеті 1989 жылы маусым-шілдеде Жаңаөзен мен Қарағанды оқиғаларының оң шешім табуы, халықпен тіл табыса білуін байқатты.
«Дәуір алмасып жатқанда өмір сүрме» дейдіекен қытайлар. Ғасыр мен ғасыр алмасып, заман өзгеріп, аумалы-төкпелі кезде келген жаңа басшының алдында халықты «қазақ ұлтшылдығы» деген айыптан арашалау және тіл мәселесін шешу тұрды.
-1989 жылдың 22 қыркүйегінде «ҚКСР – нің Тіл туралы» заңы қабылданды.
-1990 жылы қыркүйекте «30 – 50 жылдары заңсыз қуғын – сүргіннен зардап шегіп, кейін ақталғандарға жәрдем көрсету туралы» Жарлығы шықты.
-1990 жылы қазанның 25 – інде «ҚКСР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдады.
-1990 жылы 17 желтоқсанның Демократиялық жаңару күні Желтоқсан құрбандарына ескерткіш ашылды.
-1991 жылы тамыздың 29 – ында «Семей полигонын жабу туралы» Жарлығы шықты.
-1991 жылы қазанның 2 – сінде қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышға ұшты.
-1991 жылы желтоқсанның 12 – сінде «1986 жылғы 17 – 18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Жарлығы шықты.
Бекзат: Тәуелсіздік жолында қандай істер атқарды?
«Адам санасының, қоғам дамуының тамыршысы»
Елбасы тәуелсіз елдің бұқаралық санасын өзгертуде, ұлттық дәстүрлерді қайта жаңғыртуда, тарихи сананы қалыптастыруда ерекше істер атқарды.
1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» қабылданды.
1997 жылдың Президенттің Жарлығымен «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылдың «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы», 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялануы өткен тарихтан келешек үшін тәлім алуға септігін тигізді.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде халықтың санасынан күштеп өшірілген тарихи тұлғалар – Алаш арыстарының есімдері халыққа қайтарылды.
Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген «Тарих толқынында» атты кітабы ұлт пен мемлекеттің өткені мен келешегіне жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жаңа көзқарас қалыптастыру ісіне қосылған қомақты үлес деп бағаланды.
Саида: Білім саласыны қандай реформалар енгізді?
Білім беру саласындағы реформалар. Білім берудің Қазақстандық моделі.
«Өмір бойы білім алу»
Кеше | Бүгін | Болашақта |
1) 19984 жылы мектеп реформасы жүргізілді. 2) Қазақ мектептері үлесі 3891 – ден 2577 – ге кеми түсті. 3) 55 мемлекеттік ЖОО болды. 4) Жаратылыстану ғылымында қазақтардың үлесі аз болды. 5) Ғылыми еңбектердің 95%-ы орыс тілінде жазылды. 6) Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. 7) Білім беру мазмұны 4 деңгейден тұрды. | 1)1993 жылы 11 қарашада Президенттің «Болашақ» атты халықаралық стипендиясы белгіленді. 2)2005 жылы «Болашақ» мемлекеттік стипендиясы 3000 – ға көбейтілді. 3) 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 2001 жылы мектептер толық компьютерлендірілді. 4)1999 жылғы 11 мусымда «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізілді: –негізгі мектеп 9 сынып көлемінде аяқталады; -бағдарлы мектеп 10 – 11 сынып болады; 5) 1999 жылдан бастап ЖОО үшін мемлекеттік гранттар мен несиелер бөліне бастады. ЖОО саны 149 – ға жетті. 6) 2004 жылы «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» қабылданды. 7) «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 8) 2004 жылдан бастап ҰБТ енгізілді. 9) 2009 жылы қаңтар айында Астанада тұңғыш Президенттің бірінші зияткерлік мектебі ашылды. 10) Білім беру құрылымын ЮНЕСКО ұсынған 1997 жылғы халықаралық білім сыныптамасы стандартына сәйкестендірілді. Білім беру мазмұны 7 деңгейден тұрады: -мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; -бастауыш білім беру; -негізгі орта білім беру; -орта білім беру; -орта білім беруден кейінгі білім беру; -жоғары білім беру; -жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. 11) 750 жаңа мектеп салынды. | 1)Орта білім беру 12 жылға созылады. (4+6+2). 2)3 ауысымды оқуды жою. 3)Бағалау жүйесін өзгерту. 4)Ағылшын тілін жетік меңгерту. 5)Мультимедиалық кабинетке көшу. 6)Математика, информатика, физика пәндерінің сағаттарын көбейту. 7)Ақысыз оқу жағдайын жасау. 8)«Жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар мен оқу – әдістемелік кешенін дайындау және басып шығару туралы» бағдарламасы тиімді оқыту үшін жаңа технология мен компьютер бағдарламаларын кеңінен енгізуді мақсат етеді. 9)2020 жылға қарай барлық мектептерді 12 жылдық оқу бағдарламасына көшіру. 10)2015 жылға дейін тағы да 200 мектеп салу. |
Бағдат: Халық санын көбейтуге байланысты қандай жұмыстар атқарылуда?
«Қазақстан – бүкіл қазақтың Отаны».
Н.Ә.Назарбаев-дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы.
Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды атамекенге жинаған үш елдің біріміз. Тәуелсіздік жылдары шетелдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны миллиорға артты.
1992 жылдың 28-қыркүйегінен 4-қазанға дейін Алматыда қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы өтті. Оған 13 елден 800-дей өкілдер қатысты. Құрылтайда Н.Ә.Назарбаев «Құшағымыз бауырларға айқара ашық» деген баяндама жасады. Құрылдайда дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының төрағасы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
2002 жылдың 23-24-қазан күндері Түркістан қаласында қазақтардың ІІ Дүниежүзілік қүрылтайы болып , оған алыс және шет елдерден 400-ге жуық лелегат қатысты.
2005 жылғы қыркүйек айында Астана қаласында қазақтардың ІІІ Дүниежүзілік құрылтай болып, оған шет елдерден 300-ден астам өкіл қатысты.
1992 жылы Қазақстанның «Көші –қон туралы» заңы қабылданды.Заңда көшіп келушілерге жан- жақты көмек көрсету, қамқорлық жасау шаралары белгіленген.Жоба әр жылы 20 мың отбасыны көшіріп әкелу қарастырылған.
1997 жылы «Көші−қон және демография агенттігі» ашылды.
Оралмандар үшін жер беру, фермер қожалығын құру, шағын несие беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Шетелдік қазақ балалары үшін жоғары оқу орындарына түсуге мемлекеттік грант пен несие қарастырылып, жеңілдіктер жасалған.
Мадина: Қазақстан халықтары Ассамблеясының негізі қашан және кім қалады?
«Н.Ә. Назарбаев − Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы»
Егемендік пен тәуелсіздігімізді нығайтып, алға қарай дамуымызда қазақстандықтардың көптеген ұрпақтары жинақталған достық пен ынтымақтастық аса бағалы құндылықтарға жатады. 1992 жылы 14-желтоқсанда жаңа қоғамдық институт − Қазақстан халықтары Ассамблеясының негізі қаланды.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы 1995 жылы 1-наурызда Президент жарлығымен құрылды. Ассамблея –биүкіметтік, бисаяси, еліміздің Президенті жанындағы кеңесші орган, ол қызметін Конституцияға, Ассамблея туралы Ережеге сәйкес жүргізіледі. Республика жұртшылығы еркі бойынша Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағалығына Н.Ә. Назарбаев ұсынылды. Ассамблея құрамына 320-дан астам адам енді. Олар қазақ халқы мен 33 диаспора өкілдері.
1995 жылы наурыздағы құрылтайда «Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін» деген баяндамасында Н.Ә. Назарбаев сессияға қатысушыларды республикадағы қоғамдық үйлесімділік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға шақырды.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы қоғамдағы саяси және этностық тұрақтылық факторларының бірі ретінде өзінің маңызын нақты істермен қуаттады. Ассамблея диаспораларымен жұмысты ұйымдастырудың орталығына айналды. Оның жұмыс органдарына мемлекеттік мәртебе берілді. Ассамблеяның республикалық ұлттық қоры барлық облыстарда қаржылай көмек көрсетеді.
Ассамблея көмегімен ұлттық диаспоралар өз тарихи Отанымен тығыз байланыс орнатты.
Ассамблея өкілдері ЕҚЫҰ-ның 1996 жылы ақпанда Алматыда өткізілген халықаралық конференцияның бастамашысы болды. Конференция «Жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі этносаралық қатнастардың жарасымды үйлестігінің мәселелері» деген тақырыпта өрбіді.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы Алматыдағы ең көрікті ғимараттардың бірі – Ғылым Академиясы үйінде орналасқан. Ассамблеяның «Ортақ үйіміздегі бейбіт өмір мен келісім» және «Қазақстан халықтары Ассамблеясы -1995 жыл» деген жинақтары жарық көрді. Ассамблеяның жемісті жұмыстарының нәтижесінде кейбір ұлтшылдық, экстремистік көріністері (Орал, Өскемен) тамырына балта шабылды.
Қазақстанда ұлт мәселесі басты назарда ұсталады. Қазақстан жерін мекендеген халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы ғана еліміздің болашағының іргетасы болып табылады.
Мұғалім: Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қашан қабылданды?
Оқушы: Жаңа Әнұран ресми түрде 2006 жылғы 11-қаңтарда Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінде алғаш рет орындалған.
Мұғалім: Бұл жаңа әнұранның ерекшеліктері:
- Әнұранда ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетіледі.
- Ата – бабалар мұрасы – жеріміздің кең байтақтығы орын алған.
- Еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқан.
- Біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі ел бірлігі екенін баса көрсетілген.
Мейрамбек: Жаңа Әнұранға Н.Ә. Назарбаев қандай өзгерістер енгізді?
«Президент таңдаған Әнұран»
Қазақстан тәуелсіздігін айғақтаған Әнұран 1992 жылы қабылданып, 2006 жылдың басында өзінің тарихи миссиясын аяқтады. 2006 жылдың 7 қаңтарында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заңына Президент Н.Ә.Назарбаев қол қойды.
Сонымен енді жаңа Әнұранның дүниеге келу тарихына көз жіберейік.
«Менің Қазақстаным» — сөз жоқ, тамаша ән. Әттең, осы әннің Жұмекен Нәжімеденов жазған сөзінде еліміздің бүгінгі даму деңгейіне сәйкес келе бермейтін тұстары бар… Ақын ол кезде өз заманының ауқымынан шығып, бұдан әріге бара алмағанын түсінемін ғой… Бұл тың игеру кезіне бейімделген еді. Ал ақын – жазушылар тек саясатқа сай болулары қажет еді…
Меніңше бұл әннің сөзіне жетпей тұрғаны еліміздің қазіргі тәуелсіздігі, соның мәңгілік болуы мәселесі ғой деймін. Сондай – ақ Әнұранда халқымыздың бүгінгі ынтымақ бірлігі де көрініс тапқаны дұрыс шығар…»
Н.Ә.Назарбаев.27.12.2005жыл.
Сағи: Жаңа астананың шежіресі туралы не айта аламыз?
«Астана – акме қоғам рәмізі»
Сән берген Сарыарқадай гүл өңірге,
Жайнаған Отанымның жүрегінде.
Астана – бақ ошағым, түп қазығым,
Айналған бар қазақтың тірегіне.
Жаңа қоғамға жаңа идея керек. Жаңа қоғам құру ісі жаңа қаладан басталды. Астана идея болып еніп, жаңа акме қоғамды өмірге алып келді. «Акме» деген гректің биіктік, асқақтық, кемелдік деген ұғымдарын береді екен.
Астананы кемел қоғам рәмізіне айналдырған – Елбасының көрегендігі мен қайрат-жігері. Қала салу ісі тұлғалық қуатты талап етеді. Тұлғалық қуаттылықты психология ғылымында лидерлік деп атайды. Лидер болашақты болжап жүйелей біледі.
Бүгінде Астана –елдің ірі мегаполисі, жаңа ұрпақтың қаласы.
«Астана –шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы, ақиқатқа айналған арманның қаласы».
Д. Медведев.
Мадина: Жаңа Астана шежіресі
Жылдар | Атқарылған игі істер |
1994 жылы, 6-шілде | Жоғарғы Кеңес астананы Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. |
1995 жылы, 15-қыркүйек | Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы Жарлығы шықты. |
1997 жылы, желтоқсан | Президент, Парламент, Үкімет Ақмолаға көшірілді. |
1997 жылы, 10-желтоқсан | Ақмола ресми астана болып бекітілді. |
1998 жыл, 6-мамыр | Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. |
1998 жылы, 10-маусым | Жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды. |
Қайырбек: Қазақстанның дүниежүзіндегі орны қандай?
Қазақстанның сыртқы саяси және халықаралық жағдайы.
Қазақстанның сыртқы саяси тұжырымдамасының негізгі бағыттарын Н.Ә.Назарбаев өзінің 1992 жылғы 16 мамырдағы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде анықтап берді. «Сыртқы саясаттың негізгі мақсаты», — деп көрсетілген онда, еліміздің саяси және экономикалық реформалар негізінде деректі дамуы үшін қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыру және қолдау.
Өзінің геосаяси жағдайын ескере отырып Қазақстан халықаралық аренада көп қырлы бағдар ұстанады.
Қазақстан 1993 жылы Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қарудан бас тартып, әлемге үлгі көрсетті.
Қазақстан – дүниежүзілік беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі.
№ | Халықаралық ұйымдардың аты |
1 | 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ – ға мүше болды. |
2 | БҰҰ дамыту бағдарламасы (ПРООН) |
3 | БҰҰ – ның экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ОЭС) |
4 | Мәдениет және ағарту саласындағы ұйымы (ЮНЕСКО) |
5 | 1992 жылы 30 қаңтарда ЕҚЫҰ – ға мүше болды. |
6 | Атом энергиясын басқару жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) |
7 | Қызыл Крест және Жартылай Ай қоғамының халықаралық федерациясына |
8 | Халықаралық астрономиялық одақ (МАС) |
9 | Парлементарлық Одақ (МПС) |
10 | Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамы (ВОЗ) |
11 | Демократиялық институттар және адам құқығы бюросы (БПИПЧ) |
12 | Ұлттық олимпиялық комитет (НОК) |
13 | Халықаралық валюта қоры (МВФ) |
14 | Халықаралық қайта құру және даму банкі (МБРР) |
15 | Азиаттық даму банкісі (АБР) |
16 | Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ВИОС) |
Н.Ә.Назарбаев атсалысуымен құрылған ұйымдар.
№ | Аймақтық ұйымның атауы және құрылған жылы |
1 | ТМД, Алматыда (1991 жылы 21 желтоқсанда) |
2 | Орталық Азия Экономикалық қауымдастығы (1994 жылы) |
3 | Орталық Азия Ынтымақтастық Ұйымы (ОАЫҰ, 2002 жылы) |
4 | Кедендік Одақ (1995 жылы) |
5 | Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ, 2001 жылы 15 маусым) |
6 | Азиядағы өзара ынтымақтастық және сенім шаралары туралы Кеңес (АӨСШК) |
Н.Ә.Назарбаев – бірқатар ғылыми кітаптардың, әлеуметтік – экономикалық даму проблемалары мен қоғамдық – саяси еңбектердің авторы. Ал енді Президентіміздің еңбектерімен таныс болыңыздар.
№ | Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері |
1 | «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы». Алматы, 1992 |
2 | «Қазақстанныі болашығы – қоғамның идеялық бірлігінде». Алматы, 1993 |
3 | «Ғасырлар тоғысында» Алматы, 1996 |
4 | «Тарих толғынында» Алматы, 1999 |
5 | «Бейбітшілік кіндігі». Астана, 2001 |
6 | «Сындарлы он жыл». А.: Атамұра, 2011 |
7 | «Тәуелсіздік белестері». А.: Атамұра, 2003 |
8 | «Еуразия жүрегінде». Астана, 2003 |
9 | «Қазақстан – 2030» Алматы, 1997 |
Қазақстанның тұңғыш президенті |
Топтастыру: «Біз не білдік?»
Қарулы күштердің Жоғарғы Қолбашысы |
Экономика ғылымының докторы, академик |
Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы
|
Алымды да алғыр басшы |
Қазақтардың Дүниежүзі Қауымдастығының төрағасы |
Көреген саясаткер |
Қазақстан халықтары Ассамблеясының төрағасы |
Әнұранның авторы, жазушысы |
«Ғасыр адамы» |
Ой толғау: «Мен Президент болсам»
Ел бақытының белгілері |
Білімді ұрпақ |
Салт – сананы ұстанған ұрпақ |
Тәрбиелі ұл-қыздар |
Ата –ананы құрметтейтін саналы ұртақ |
Отанын шын сүйетін патриоттар |
Елбасының мұраты не деп ойлайсыңдар? |
Саяси тұрақты мемлекет құру |
Экономиканы көтеру |
Білімді ұлт қалыптастыру қалыптастыру |
Тәуелсіздікті ұрпақтан ұрпаққа аманат ету |
Дені сау, интеллектуалды ұрпақ қалыптастыру
|
Қорытынды:
Мемлекетіміздің жоғарғы лауазым президенттік қызмет – елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады.