Оңтүстік Американың халқы және елдері. Анд тауындағы биіктік белдеулер

Оңтүстік Американың халқы және елдері. Анд тауындағы биіктік белдеулер.

Сабақтың мақсаты: «Метис», «мулат», «самбо», «креол», «үндіс» т.б ұғымдарын қалыптастыру. Картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді, көрсете білу және сипаттай алу.

  1. Білімділігі: Оқушыларға Оңтүстік Американың халқы және елдері, Анд тауындағы биіктік белдеулер туралы мағлұмат беру.

2.Дамытушылығы: Оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту.

3.Тәрбиелілігі: Оқушыларды  қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып – үйренуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, Оңтүстік Американың физикалық картасы; Оңтүстік Американың халқы және елдері картасы.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: карта, оқулық, суреттерді қолданып түсіндіру әдістерін пайдалану, баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)

ІІ.Үйге берілген тапсырманы сұрау

1.Оңтүстік Американың ашылуы мен зерттелуіне үлес қосқан ғалымдар?

2.Материкте қандай табиғат зоналары кездеседі?

3.Амазонка өзені мен Амазонка ойпатына тән өсімдіктер мен жануарлар?

  1. Бразилия тау үстіртін алып жатқан оңтүстік жарты шар саваннасы қалай аталады?
  2. «Кампос» пен « Льянос» дегеніміз не?

6.Оңтүстік Америка материгінің ірі өзендері?

  1. Шөл және дала зонасын жергілікті халық не деп атайды?
  2. Материктегі ең үлкен көлді ата?
  3. Ең суы мол өзенді ата?

ІІІ.  Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: §43. Оңтүстік Американың халқы және елдері. Анд тауындағы биіктік белдеулер.

Жоспар:

  1. Халқы
  2. Елдері

3.Анд елдері

  1. Шығыстағы жазық елдер
  2. Халқы 320 млн. Астам. Тілі- португал, испан. Оңтүстік Америка- дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған материктердің бірі.

Материкте алғашқы адамдар 15-17 мың жыл бұрын көрші Солтүстік Америка

материгінен қоныс аударғандар. Байырғы халқы-үндістер 10 %-ын

құрайды.Метистер-Анд елінің негігі халқы.

Христофор Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық

тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылқпен, балық аулаумен айналысқан. Ал Анд тауларын мекендеген үндістер дамудың жоғары сатысына көтеріліп, Инктер империясын құрған.Олар биік таулы өңірдегі егіншілікті жоғары дәрежеде дамытқан. Сондай-ақ инктердің жазу мен бейнелеу өнері, алтын мен күмістен, асыл тастардан жасалған әсемдік бұйымдары олардың мәдениеті жоғары болғандығын дәлелдейді.Инктер қазіргі кезде Амазонканың ну ормандары мен Анд тауларының биік бөліктерінде тұрады.

Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар-метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негігі халқын құрайды.ХVI ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы материктегі кеніштер мен плантацияларда жұмыс істету  үшін миллиондаған құл-негірлер әкелінді. Олардың еуропалықтармен некелесу нәтижесінде мулаттар,ал үндістер мен некелесуінен самбо қалыптасты. Негірлер мен мулаттар материктің солтүстігі мен шығысында тұрады.ХІХ ғасырда Испания мен Португалиядан келгендер материктің шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары өздерін креолдар деп атайды. Оңтүстік Америка халқының көшілігі Латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды.Оңтүстік Америка тұрғындар саны 1млн.асатын, 20-дан аса миллионер қалалар бар.

  1. Елдері.Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасы ұзаққа созылған тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде қалыптасты. ХІХ ғасырдың басында құл иеленушілік жойылғаннан кейін Еуропа елдері өз иелігіндегі жерлерге азаттық беруге мәжбүр болды. Қазіргі мемлекеттердің шекараларының қалыптасуы ХХ ғасырда ғана аяқталды. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анд елдерімен Шығыстағы жазық елдеріне айқын ажыратылады.

 3.Анд елдері қатарына  Калумбия,Эквадор, Перу, Боливия, Чили жатады.Бұл елдердің өзіндік ерекшеліктері бар.Атақты саяхатшы есімімен аталатын Колумбияда алтын мен асыл тастардың, әсіресе жақұттардың мол қоры бар.Елдің астанасы Богота қаласындағы Мемлекеттік алтын мұражайында алтыннан жасалған 25 мың ежелгі бұйым сақталған. Ал экватор сызығы кесіп өтетін Эквадорда әрекет етуші 30  жанартау орналасқан. Ал инктер мәдениетінің ескерткіштері сақталған Перу мемлекетін «ежелгі өркениет елі, Оңтүстік Американың археологиялық мұражайы» деп атайды. Мұнда биік таулық Титикака көлі орналасқан, жерінің 60%- ын ормандар алып жатыр. Тынық мұхиттың Перу жағалауы балыққа да бай. Елдің азаттығы жолында күрескен Симон Боливардың құрметіне Боливия аталған елдің астанасы ла-Пас дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан (3630м) қала болып саналады.Оңтүстігінде орналасқан Анд елі-Чили дүние жүзіндегі ең ұзын ел болып табылады. Осындағы Атакама шөлінің ұзындығының өзі 1000 км асады. Чилидің оңтүстік жағалық бөлігі өте күшті тілімденген. Апатты жер сілкінулер жиі қайталанады.

  1. Шығыстағы жазық елдер Венесуэлла, Гайана, Суринам,Бразилия, Парагвай,уругвай,Аргентина және Франция иелігіндегі Франциз Гвианасы жатады. Осы аймақтағы ең ірі, халқы ең көп Бразилия жерінде Оңтүстік Америкаға тән ерекшеліктердің барлығы дерлік көрініс тапқан деуге болады. Сондықтан осы елмен толығырақ танысыңдар. Бразилия жерінің ауданы мен халық саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік құрылымы-22 штаттан тұратын федерациялық республика.

Бразилия жері Амазония ойпаты мен Бразилия таулы үстіртін алып жатыр. Елде темір,түсті металл,мұнай мен табиғи газдың, алмас,уранның мол қоры бар.Экватор мен тропик арасындағы орнына сәйкес климаты алуан түрлі. Бразилия жері арқылы дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен –Амазонка ағып өтеді. Бразилия таулы үстіртінен басталатын өзендердің көпшілігі шоңғалды-сарқырамалы, гидроэнергетикалық қорға бай болып келеді.Амазония бойындағы ылғалды тропиктік ормандардан бастап,Бразилия таулы үстіртінің  солтүстік-шығысындағы тікенекті бұталы саваннаға ауысады.Бразилия ормандарында өте бағалы бразилия араукариясы, балауыз пальмасы,кебрачо,гевея,парагвай шайы өседі.

Бразилия халқының нәсілдік және ұлттық құрамы күрделі. Үндістер мен метистердің көпшілігі елдің солтүстігі мен батысында тұрады.Саны жағынан еуропалықтар басым.Сонымен қатар мулаттар мен негірлерде де көп тұрады. Ел халқы жыл сайын 3 млн.адамға көбейіп отырады.Халықтың басым бөлігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған. Мұндағы Рио-де-Жанейро,Сан-Паулу қалалары әлемдегі алып, көрікті қалалар қатарына жатады. 

 

ІV.    Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

  1. Оңтүстік Америка  халқының  нәсілдік  және  ұлттық  құрамы  қандай?
  2. Материктегі ежелгі  өркениет  орталықтарын   атаңдар?
  3. Оңтүстік Америка  елдері  қандай  аймақтарға  топтастырылады?

 

 

 

Сұрақтары:

  1. Материктегі шөл?
  2. Бразилия саваннасы?
  3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама?
  4. Оңтүстік Америкадағы өзеннің аты?
  5. Материктің ірі мемлекеті?
  6. Материктегі тау көлі?
  7. Таулы үстірт?

Ең,ең,ең………..

  • Ең үлкен көлі- Титикака, ауданы-8300 км2,тереңдігі-304 м;
  • Ең ұзын өзені-Амазонка,ұзындығы-6437м:
  • Ең биік сарқырама-Анхель;1054м биіктіктен құлап ағады;
  • Ең үлкен аралы-Отты жер аралы,жер көлемі -47000 км2;
  • Ең биік сөнбеген жанартауы- Тупунгато-6880м;
  • Ең биік нүктесі-Аконкагуа тауы, биіктігі-6960м;
  • Ең ұзын тау жүйесі- Анд,ұзындығы-900 км;
  • Ең үлкен қала агломерациясы-Сан-Паулу, 17000 адам;
  • Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері-Валдес түбегі (-40 м);

 

Сәйкестендіру тесті.

Амазонка                        қалың орман

Ла-Плата                        өзен

Сельвас                          шөл

Атакама                          ойпаты

Шеткі нүктелері бойынша

Солтүстігінде                         Каабу-Бранку

Оңтүстігінде                           Гальинас

Батысында                             Фроуэрд

Шығысында                           Париньяс

 

 

 

 

 

 

Адасқан обьектілерді тауып, орындарына қою керек: 

Анхель                                             Қырат

Титикака                                         Өзен

Аконкагуа                                      Сарқырама

Отты  жер                                       Тау

Бразилия                                         Көл

Ориноко                                          Арал

Анд                                                   Ойпат

Амазонка                                        Шың

 

 

 

Оңтүстік Америка мен Солтүстік Америка материгін “Венн” стратегиясына  салу

 

 

Оңтүстік Америка                                                   Солтүстік  Америка

                                                  Ұқсастығы

 

 

 

Атлас  картадан төмендегі объектілерді

тауып көрсетіңдер

  1. Амазонка
  2. Аконкагуа
  3. Анхель
  4. Титикака
  5. Ла-Плата
  6. Валдес түбегі
  7. Анд тауы
  8. Атакама шөлі
  9. Отты Жер аралы
  10. Ориноко
  11. Парана
  12. Игуасу
  13. Сабақты қорытындылау.
  • Оңтүстік Американың  жер  бедерінің  қандай  басты  ерекшеліктері  бар?
  • Еуропалықтар мен  Үндістердің  некелерінен тараған  ұрпақтар?
  • Еуропалықтар мен  негртектестердің  некелерінен  тараған  ұрпақтар?

 

VІ. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. Тест , кесте, сұрақ-жауап, красворд.

 

VІІ. Үйге тапсырма беру. §43. Оңтүстік Американың халқы және елдері. Анд тауындағы биіктік белдеулер оқып, кескін картаа түсіріп келу.

 

VІІІ. Оқушыларды бағалау.