Желілілер класына жалпы сипаттама
Қысқа мерзімді жоспар
| Сыныбы | 7 | |||||||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы | Желілілер класына жалпы сипаттама
| |||||||||||||||||
| Мақсаты | Омыртқалы жануарлардың ерекшеліктері, белгілері, түрлері, даму ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру | |||||||||||||||||
| Күтілетін нәтиже | 1.Омыртқалы жануарлардың кластарын біледі. 2.Омыртқалы жануарларды омыртқасыздардан өзіне тән белгілері арқылы салыстырады. 3.Қосымша алынған мәліметтер арқылы білімдерін жинақтап, омыртқалы жануарлардың маңызын ұғынады. | |||||||||||||||||
| Керекті жабдықтар | Кестелер, флипчарт, постер, оқулық, жұмыс дәптері, стикер, маркерлер, ноутбук, интернет желісі, уикипедия | |||||||||||||||||
| Сабақ барысы: | ||||||||||||||||||
| Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||||||||||||||
| Кіріспе | Ынтымақтастық атмосферасы «Сәлемдесу » ойыны
Сыныпты топқа бөлу.
| Оқушылар шеңберде тұрып, бір-бірімен тез амандасады. Көзбен, қолмен, иықпен, тіземен, өкшемен, құлақпен, арқамен.
Оқушылар 3 топқа туған айлары бойынша бөлініп отырады. | ||||||||||||||||
| Тұсаукесер | Үй тапсырмасын тексеру «Миға шабуыл»
Дұрыс жауаптарын беріледі. Жарайсыңдар! Желілілер типі
Сабақтың мақсатын айтып, «Біз нені меңгеруіміз керек?» сабақ критерийі беріледі. | Төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарға оқушылар жауап береді. Бірін-бірі бағалайды.
Көрсетілген презентациядағы класс тармақтарын, өкілдерін айтады.
Сабақ критерийлері
| ||||||||||||||||
| Негізгі бөлім | 3 топқа тақырыптарды бөлу. Интернеттен қосымша мәлімет «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Постер қорғау
Сурет арқылы сұрақ. | Жаңа сабақты меңгеру үшін оқушылар оқулықтан және интернеттен википедия бетінен қосымша мәлімет алып топта талқылайды. Оқушылар ортаға шығып постер қорғайды. «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» арқылы бірін-бірі бағалау. Презентация суреттер берілген, ұқсастығы неде екенін табады. | ||||||||||||||||
| Қорытынды | «Конверт-сұрақ» әдісі
Бағалау
Үйге «Маршруттық карта» электронды почталарына жіберемін, кейбіріне қағаз түрінде. Рефлексия: Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? | 1.Неліктен бассүйектілер деп аталды? 2.Жақсүйексіздердің өкілдері. 3.Қандай белгілерге қарап салқын және жылықандылар деп бөлінеді? 4.Қағанақсыздардың ұрығы қайда дамиды? 5. Қағанақты жануарлар.
Үй тапсырмасы бойынша бірін – бірі бағалайды, 2 жұлдыз, 1 ұсыныс айту арқылы бірін-бірі формативті бағалау, критерий бойынша өзін-өзі бағалайды. Тапсырманы орындап, кері эл.почта арқылы жібереді. Оқушылар бүгінгі сабақ қаншалықты қиын болғанын, сабақ соңында қандай сезімде болғанын парақта білдіреді. | ||||||||||||||||
Постерді бағалау парағы
Топ __________
| Критерий | Дескриптор | Жетістік деңгейі |
|
А Мазмұны | Тақырып мазмұны ашылмады | 0 |
| Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толық мәлімет қамтылмады | 1 | |
| Тақырып мазмұны толық ашылды, қосымша мәліметтер көп болды | 2 | |
|
В Безендірілуі | Бояуы қанық емес, сурет салмаған т.с.с | 1 |
| Әсемделген, бірақ бояу түстеріне мән берілмеген | 2 | |
| Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілелер қолданылған т.с.с | 3 | |
|
С Баяндау шеберлігі | Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды | 1 |
| Ойды жеткізе білді, бірақ шешендік жетпеді немесе ой қайталана берді, қыстырма сөздер көп қолданылды т.с.с | 2 | |
| Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін пайымдады т.с.с | 3 | |
| D Шығармашылық | Тақырыпты өзге қырынан аша білді | 3 |
Өзін –өзі бағалау парағы
Аты-жөні: _________________________________
| Р/с | Мен білдім | Мен көп білген жоқпын | Мен аз білдім | Жиынтық баға | |
| 1 | Өздік жұмыс «Миға шабуыл» | 3 | 2 | 1 | |
| 2 | Қосымша мәліметпен жұмыстану | 3 | 2 | 1 | |
| 3 | Топтық жұмыстағы белсенділік | 3 | 2 | 1 |
«8-9 балл » — «5»
«6-7 балл» — «4»
«5-тен төмен» — «3»