Тіршілік. Тірі табиғаттың негізгі құрылымдық деңгейлері.
Сабақ №3 Күні:
Cабақтың тақырыбы: Тіршілік. Тірі табиғаттың негізгі құрылымдық деңгейлері.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды организмдердің негізгі құрлымдық деңгейлері мен таныстыру.
- Тірі организмдердің негізгі жаратылыс деңгейлерінің ерекшеліктерін ажырата білу.
- Ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызба, кесте.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, дамыта оқыту, баяндау, кесте толтыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе:
Тірі ағзалардың өлі денелерден айырмашылығы қандай?
Тірі ағзалар қандай заттардан құралады?
Тірі ағзалар қасиеттерінің қайсысы бәріне ортақ?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Тіршіліктің жаратылу деңгейі. Тірі табиғат күрылымының жаратылу деңгейі біркелкі қалыппен баспалдакты бейімделу аркылы кұрылатын қатармен сипатталады.
Деңгейлер | Дене құрылымы | Қай ғылым зерттейді |
Молекулалық, жасушалық, жасушаішілік | ағза жасушалары, сондай-ақ біржасушалылардың жасушаішілік кұрылымдары молекулалардан күралады | генетика, химия, физика |
Мүшелік-ұлпалық | көпжасушалы ағзалар мүшелер мен ұлпалардан қүралады | цитология гистология |
Ағзалық | жеке түрлері құралады | өлкетану, жануар тану, вирусология, анатомия, физиология, морфология, гигиена |
Популяциялық-түрлік | белгілі түрлер өзара еркін шағылысады | Экология, эволюциялық ілім, математика, генетика |
Биогеоценозды | зат алмасуы және қуат алмасуы негізінде тірі ағзалармен өлі құрамдас бөліктерді мекен ету жағдайларын біріктіре зерттейтін табиғи күрделі жүйе | экология және жалпы биологиялық ғылымдар |
Биосфералық | Барлық биогеоценоздардың жиынтығы. Жердегі барлық құбылыстар кіреді | экология, физика, химия, геология, география |
- Әр деңгей бойынша мысалдар келтіру
ІІІ. Бекіту сұрақтары:
- Ағзаға сипаттама
- Тірі материя жаратылымының барлық деңгейлеріне қандай қасиеттер тән?
- Популяция, биогеоценоз, биосфера – түсінік беру.
ІV. Үй тапсырмасын тексеру: Қазақстандық ғалымдар биологияның қай бағыттарын жетілдіруде?
Олардың еңбектеріне талдау
- Үйге тапсырма беру. § 2