Организмнің қоректену тізбектері мен зат және энергия алмасу
Сабақтың тақырыбы: Организмнің қоректену тізбектері мен зат және энергия алмасу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: табиғаттағы тірі және өлі заттар арасында алмасу процестері туралы түсінік беру арқылы, оқушылардың қоректік тізбек, зат және энергия алмасу туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: адамның іс-әрекетінің табиғаттағы зат және энергия алмасуына әсері жайлы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: адам әрекетінен пайда болған экологиялық апаттар туралы мәлімет жинақтау арқылы, оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға, сүюге және әр түрлілігін сақтап қалуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жұппен жұмыс
Әдісі: Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша
Сабақ барысы:
- I. Ұйымдастыру кезеңі
Эпиграф: «Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, ал адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады» (Гете)
Барлық тіршіліктің қоныс мекені, құт-берекесі – табиғат адамзат баласы үшін ең қасиетті ұғым. Өйткені ол адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы.
Ой сергіту сәті (өткен сабақты қайталау, жинақтау) ( 5 мин)
- «Экология» терминін ғылымға енгізген ғалым? (Э.Геккель)
- Зат алмасуы және энергия алмасуы негізінде тірі организмдер мен оны қоршаған абиотикалық ортаны біріктіретін жүйе? (биогеоценоз)
- Экологияның негізгі бөлімдері: (аутоэкология, синэкология, демоэкорлогия)
- Жеке организмдерді қоршаған ортамен байланыстырап зерттейтін бөлімі: (аутоэкология)
- Популяцияның арақатынасын, даму заңдылықтарын табиғи ортамен байланыстырып зерттейтін
бөлімі : (демоэкология)
- Бірлестік экологиясы, түраралық өзара қатынасты зерттейтін бөлімі: (синэкология)
- Адамның табиғатқа көзқарасының, білімінің және дағдысының жиынтығы: (экологиялық саналылық)
- «Табиғат, адам – олардан құпия не бар?» — деп толғанған жаҺангер ағартушы : (Ш.Уәлиханов)
- Жер шарының барлық сыртқы қабатын алып жатқан біртұтас аймақтар жүйесі: (георграфиялық қабық)
- Геграфиялық қабықтың жоғары деңгейдегі табиғи жүйесі: (ландшафт)
- «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаған жігіььі қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес», — деген кім еді?
I деңгей (алгоритмдік деңгей) (10 минут)
Үй тапсырмасын тексеріп, тақырыпты бекіту алгоритмі
«Біліміңізді тексеріңіз»
1-тапсырма: кестені толтыр
2-тапсырма. Дұрыс жауаптардың астын сызып көрсет
А.Организмдердің жер бетіне кең таралуын шектеп отыратын факторлар: қолайлы, қолайсыз, шектеуші
Ә.Ылғал тапшы аймақтарда өсетін өсімдіктер: інжугүл, элодея, теріскен, селеу. Б. Топырақта тамыры болмайтын, ағаштарға жабысып, шырмалып өсетін өсімдіктер тобы: криптофиттер, терофиттер, эпифиттер
3—тапсырма:
Абиотикалық фактор дегеніміз не? (сызбаны толтыр)
| |||||||||
- Пойкилотермді 1.Ксерофиттер
- Гомойотермді 2. Суккуленттер
- Мезофиттер
- Гигрофиттер
- Гидрофиттер
Биотикалық фактор дегеніміз не?
Биотикалық фактор деп тірі ағзалардың біріне-бірінің себепші болған факторларын айтады. Бұған жыртқыштық, селбесу және паразатизм жатады.
Зат айналымы дегеніміз не?
Табиғаттағы заттардың азды-көпті айналымы мен олардың бірінің орнын бірі басуды қайталайтын үдерісті заттар айналымы деп атайды. Заттар айналымында тірі ағзалар орасан зор рөл атқарады.
Биосфераның тұрақтылығына ағзалардың үш тобының – автотрофтылар, гетеротрофтылар мен сапротрофтылар себепкер болады.
II деңгей ( эвристикалық деңгей)
Жаңа тақырыпты өз бетімен м еңгеріп көруге мүмкіндік туғызу (5-7 минут)
Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
1-тапсырма. Тірі ағзалардың экологиялық топтарын тізбелеп беріңіз .
Продуценттер (түзушілер) Консументтер (тұтынушылар) Редуценттер (ыдыратушылар)
_________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Организмдерді қоректенуіне қарай жіктеңіз:
III деңгей (логикалық деңгей)
1-кезең: 1-тапсырма:
Пирамида ережесін тақырып мәтінінен тауып жаз.
10г — ____4 трофикалық деңгей (редуцент);
1 кг — ___3 трофикалық деңгей (консумент – 2);
100 кг — ____2 трофикалық деңгей (консумент -1);
10 т — _____1 трофикалық деңгей (консумент)
2-тапсырма: Популяциялардың биологиялық өнімділігінің формуласын жазып түсіндір:
Р=(В – В ) + Е
Р- өнімділік; В – және В – алғашқы және соңғы биомасса;
Е – кірістер мен шығыстар.
_________________________________________________________________________________
3-тапсырма:
Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз:
А.Белгілі бір аумақта нақты көлем бірлігіндегі популяциялардың өнімділігінің
биомассасы________________________ деп аталады.
Ә. Жануарлардың қолайсыз температура жағдайында қысқы ұйқыға кетуін
____________________ деп аталады.
2-кезең: тестік жұмыс
Тест сұрақтары:
- Экология нені зерттейді?
А) Тірі организмдер өмір сүретін өзара байланыс, қарым-қатынас жасайтын табиғи ортаны.
Б) Тірі организмдерді.
С) Тірі организмдердің тіршілік ету жағдайын.
Д) Тірі организмдердің тіршілік ортасын.
Е) Тірі организмдердің өзара байланыстарын.
- Экология терминін енгізген ғалым:
А) Ж.Буффон Б) Ч.Элтон С) Ж.Ламарк Д) А.ГумбольдЕ) Э.Геккель
- Жеке ағзаның арасындағы қарым- қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін экологияның бөлімі:
А) Аутэкология Б) Демоэкология С) Синэкология Е) Экожүйе туралы ілім.
- Бір түрге жататын организмдер тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін экологияның бөлімі:
А) Аутэкология Б) Демэкология С) Синэ Д) Биосфера туралы ілім Е) Экожүйе туралы ілім - Организм тікелей және жанама қатынаста болатын табиғи денелермен құбылыстар қалай аталады?
А) Фактор Б) Орта С) Биоценоз Д) Экожүйе Е) Биогеоценоз - Бір түрге жататын организмдер тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттейтін экологияның бөлімі:
А) Аутэкология Б) Демоэкология С) Синэкология Д) Биосфера туралы ілім Е) Экожүйе туралы ілім - Мына төмендегілердің қайсысы абиотикалық факторға жатады?
А) Өзеннің көктемгі тасуы Б) Орманды шабу немесе отау
С) Топыраққа тыңайтқыш енгізу Д) Пестицидтерді қолдану Е) Жануарлардың көбеюі - Өмір тіршілігін анықтаушы абиотикалық жағдай:
А) Ылғалдылық Б) Қысым С) Минералды заттар Д) Ауа Е) Температура - Биотикалық фактор дегеніміз
А) Адамдардың организмге әсері Б) Тірі организмдердің ара қатынасы
С) Өлі табиғат факторы Д) Мұхиттар ағысы Е) Күн радиациясы - Экожүйе құралдары:
А) Продуценттер, консументтер, редуценттер Б) Продуценттер, консументтер
С) Продуценттер, редуценттер Д) консументтер, редуценттер Е) Автотрофтар, консументтер - Бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзетіндер:
А) Автотрофтылар Б) Гетеротрофтылар С) Консументтер Д) Редуценттер - Органикалық заттар өндіретін жасыл өсімдіктер қалай аталады?
А) Продуценттер Б) Консументтер С) Редуценттер Д) Экологиялық пирамида Е) Қоректену тізбегі.
3-кезең : Ой толғаныс (экологиялық тақырыпқа шығармашылық жұмыстарын қорғау керек)
III. Қорытынды . «Шыңға жету»
- Бағалау
- V. Үйге тапсырма: 42