Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, су, минералды тұздар. Тағам-денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы. Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы.

Сабақтың тақырыбы: Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, су, минералды тұздар. Тағам-денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы. Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тамақ құрамы мен маңызы, ақуыз, май, көмірсу, минералдар, дәрумендер туралы түсініктер беру.
Дамытушылық: Тамақ құрамы балалардың ағзасын өсіруге, дамытуға әсері мен маңызы туралы білімдерін кеңейту, дамыту.
Тәрбиелік: «Ас – адамның арқауы» екенін, адам тамақтану үшін тіршілік етпейтінін, тіршілік үшін тамақтануын түсіндіру, әдетті түсінікті қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: семантикалық кесте

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Тыныс алу жүйесі» тарауы бойынша тест.

1.Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?

а) екі бөлікке б) үш бөлікке с) төрт бөлікке

2.Кеңірдектің жалғасы: а) аңқа мен жұтқыншақ б) көмей с) бронхылар

3.Кеңірдек қалай бөлінеді? а) екі бронхыға б) үш бронхыға с) бронхиолаға

4.Тыныштық күйде тыныс алу көлемі қандай? а) 500мл б) 1500мл с) 3500мл

  1. Тыныс қозғалыстарына не қатысады? а) көкет б) қарын бұлшық еттері с) қабырға аралық бұлшық еттер
  2. Тыныштық күйдегі тыныс алу қозғалыстарының мөлшері: а) 10-12 б) 16-18 с) 20-22

Кілті: 1.а, 2.с, 3.а, 4.а, 5.с, 6,б.

2-тапсырма. Тыныс алу жүйесі

2-тапсырма. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Бөлімнің аты

Құрылысы Қызметі кеңсірік жұтқыншақ-таңдай тесігі көмекей кеңірдек ауа тамырлары өкпе

  1. Жаңа сабақ
    — Адам тіршілігі мезгіл — мезгіл ас ішіп оны қорытып, денесіне сіңіруіне байланысты. Халқымыз «Ас — адамның арқауы» — дейді. Ас адамның құрылыс материалы, энергия қоры. Адам денсаулығы дене қимылы, ой еңбегі және толып жатқан басқа іс — әрекеттер астың құрамына тікелей байланысты. Олай болса адам ағзасына қажетті азық — түліктер қайдан алынады?
    — Астық дәндер ————— Сиыр
    — Бақша дақылдары ——— Түйе
    — Жеміс — жидектер ——- Жылқы
    ———————————— Қой
    ——————————— Тауық
    ———————————- Қоян
    ——————————— Балық
    Негізгі құрамы
    Органикалық заттар. Минералды заттар. Су. Дәрумендер

    Органикалық заттар
    — Ақуыз
    — Май
    — Көмірсу
    Ақуыз — адам ағзасын құрастырушы. Адам қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқару үшін құрамында бір күндік ақуыз мөлшері 100 — 120 гр. қажет.
    Ақуыз мына тағамдарда кездеседі
    — Сүт тағамдарында ———- Жұмыртқада
    — Қара бидай нанында ——- Бұршақ
    — Фасоль ————————— Соя
    — Арахис ————————— Жаңғақ
    — Саңырауқұлақ —————— Ет
    — Балық
    Май — ағзаға энергиялық материал, әр түрлі витаминдермен биологиялық активті заттардың қоры болып табылады. Сонымен қатар май ағзада қорғаныштық қызмет атқарады. Салқын кезде май жылу реттегіш қызмет атқарады. Күніне 80 — 100гр. май қажет.
    Көмірсу – негізгі жылу қоры және қуат береді. Көмірсулар ағзада көп болатын болса, майға айналады. Бір тәуліктегі бір адамға қажетті көмірсудің мөлшері450 — 500г. Құрамында көмірсулар болатын тағамдарды көп пайдалану адамның семіруіне, қант ауруларына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет.
    Көмірсу мына тағамдарда кездеседі
    — Нан ————————- Картоп
    — Бидай жармасы ——— Банан
    — Қант ———————— Бал
    — Жеміс — жидек ——— Ботқа
    — Күріш ——————— Тары
    — Өсімдік майы ———- Жануар майы
    Минералды заттар
    Микро элементтер ————- Макро элементтер
    — Натрий ————————— Темір
    — Калий —————————- Мыс
    — Хлор —————————— Йод
    — Фосфор
    — Кальций
    — Магний
    Минералды заттар — денеде кенеулі заттар мен су арқылы түседі. Жасушаның қозу, тежелуі үшін минералды заттар өте қажет, сонымен қатар олар сүйек пен тісті бекіндіріп, денедегі ұлпалар мен сұйықтықтардың құрамына кіреді. Бір адамға тәулік мөлшері – 10гр. минералды заттар қажет.
    Су — адам денесінің тіршілігі үшін ең қажетті зат. Адам күніне шамамен
    2 — 2, 5л. Су ішеді. Оның 1 литрін ішеміз, 1 литрі тамақтың құраммен түседі, ал 200 — 300мл. Ағзаға зат алмасудың нәтижесінде пайда болады.
    Дәрумендер — ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.
    Дәрумендердің түрлері
    А, В1, В2, В3, В4, В6, В12, В13, В15, ВС, ВТ, С, Д, Е, Ғ, Н, К, Р, РР, N, V
    Дәрумендер мына тағамдарда кездеседі
    — Жеміс — жидектер —- Сүт
    — Көкөністер ———— Нан
    — Өсімдік ———- Сары май
    — Балық ————— Күріш
    — Бауыр ———- Жұмыртқа
    — Ет
    Тамақтану ережесі
    — 1. Асықпай тамақтану
    — 2. Асты дұрыс шайнау
    — 3. Жегің келмесе жеме
    — 4. Тамақтану үшін жеу керек
    Тамақтану мезгілі
    — 1. Таңертеңгілік ас — 25%
    — 2. Түскі ас – 40%
    — 3. Сәскелік ас – 15%
    — 4. Кешкі ас – 20%
    Тамақтануда нені шектеу керек
    — Тағамдық тұзды
    — Қантты
    — Жануар майын
    IV. Жаңа сабақты бекіту:
    Семантикалық карта толтыру: Қандай тамақта күнделікті рационға қажетті қоректік заттар барын анықта.
    Тамақтың түрлері ———— Су —— Көмірсу ——- Ақуыз —— Май —— Дәрумен —— Минералды
    Сүт және сүт тағамдары ——+————+——————-+————+—————+——————+
    Нан, жарма, ұн тағамдары
    Ет, балық, тауық, жұмыртқа
    Көкөністер мен жемістер
    Өсімдік және мал майы

    Тағамға байланысты валеологиялық диктант
    Түскі аста сұйық тағам… ішу қалыптасқан. Оның… 250 — 500 гр…
    Қапырық ыстықта асханалық… немесе аздап тұз… су, ең жақсысы газды… ішу керек.
    Ылғалды… өнімі — қияр.
    Күнбағыс өсімдігінен… алынады.
    … адам қанының құрамын толықтырушы жеміс.

    Керекті сөздер: құрамында сорпа, су болады, май, көп көкөніс, салынған, су, анар, минералды су.
    Қорытындылау:
    Бағалау:
    Үйге тапсырма:
    Тақырыпты оқу дәрумендердің түрлерін анықтау, күнделікті ішетін тағамда қоректі заттардың қаншалықты барын талдап дәптерге кесте құрастыру.