Массаны өлшеу

Сабақтың тақырыбы: Массаны өлшеу.

Білімділік мақсаты:Жүктің массасын өлшем бірліктері  арқылы өрнектеуді үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;


Тәрбиелік мақсаты: Сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тапсырмалар, интерактивтік тақта

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту


Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу

ІІ. Жаңа сабақ

  1. Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу. өлшем бірліктерін қайталау.

№1 Жүктер әртүрлі таразымен өлшенеді.

Бір дорба қанттың массасы…..

Бір уыс күріштің массасы….

Екі қап ұнның массасы…..

Жиырма қап жемнің массасы….

Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу.

Есіңе сақта! Дәптеріңе жазып ал.

1 т-1000 кг    1 т – 10 ц        1 ц – 100 кг 1 кг – 1000г

  1. №2. Жазуды жалғастыр. Өз беттерімен жұмыс істейді, бір-бірін тексереді.

А) …. килограммда 1 тонна бар, ә) 10 центнерде 1 …… килограмм, б) ….. килограммда 1 ….. бар.  В) 1000 граммда 1 …. бар.

 

  1. І-топ №4, ал ІІ-топ №5 орындайды.
  2. 3 қатарға бөлініп жарыс ұйымдастыру. «Кім тез» ойыны.

№ 7

127*5-207                  270:9+670                         315*3-105

360-540:6                    720:8-67                            321*9+321

94*4+325                    325:5+54*6                       492:6*2

Кестедегі мәліметтерді тоннамен арқылы өрнекте.

а)

Ұшақтың түрлеріАН-24ТУ-154ИЛ-86
Жүгін қоса есептегенде ұшақтың массасы.64000кг94000 кг206000 кг

1 оқушы тақтада, ал қалғандары орындарында орындап, талданады.

ә) Кестедегі мәліметтерді тонна мен килограмм арқылы өрнекте.

Шынжыр табанды трактордың массасыДоңғалақты трактордың массасы
5100 кг3820 кг

 

В) Каспий теңізінің ең терең жері 1025 м. Километрмен өрнекте.

№ 9 «Кім тез есептейді?»  бір-бірден тақтаға шығып бос орынға тиісті санды жазады.

…т + 405 … = 32405 кг

… км + 405 … = 32405 м

…+405 г= 32405 г

… + 405 мм =32405

№ 8 Қабырғаларының ұзындығы 2 см 5 мм және 3 см 4 мм тік төртбұрыш сыз. Периметрін тап.

Кім бірінші дұрыс шығарады? Жауабы: Р=11 см 8 мм

Р= 2 см 5 мм+ 3 см 4 мм+ 2 см 5 мм+ 3 см 4 мм = 11 см 8 мм

VІ. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Сабақ ұнады ма?

Үйде: № 3