Автоматты бөлшектеу және жинақтау

 

Сабақтың тақырыбы. Автоматты бөлшектеу және жинақтау

Сабақтын мақсаты: 1.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің атыс қарулары жөнінде мағлұмат беру.Атыс құралын қолдануда оқушылардың білімін жетілдіру.

2.Атыс қаруы автоматының құрылысы, толық,толық емес бөлшектеудің реттелігін түсіндіру. Нормативті орындауға жаттықтыру.

3.Оқушыларды елжандыққа, отансүйгіштікке, төзімділікке баулу, патриоттық тәрбие беру.

Өтетін орны :    АӘД кабинеті

Сабақтын түрі:  аралас сабақ

Көрнекілігі:   плакаттар,автомат бөлшектері салынған суреттер және Калашников автоматы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  • взводты екі қатарға сапқа тұрғызу.
  • Оқушылармен әскери амандасу.
  • Оқушылардың сыртқы келбетін тексеру, түгендеу.
  • Взвод басшысының рапортын қабылдау.
  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  2. Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?
  3. Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөлшектерін атаңдар?
  4. Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар.

4.Автоматтың (пулеметтің) ұрыстық қасиеті.

5.Автоматтың (пулеметтің) жұмыс істеуі және құрылымы туралы түсінік беру.

  1. Жаңа сабақ. Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

Автоматты  (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу – автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін ; толық бөлшектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматы (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі.

Автоматты  (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Автоматты  (пулеметті)

жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ернегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек.

Ұрыс автоматтарын  (пулеметті) бөлшектеу мен жинақтауға үйрету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдермен аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі. Пулеметті бөлшектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек.Ол үшін сирақтарын серіппелі имектен босатып және оның аяқтарын бекітілген жағдайда тұрғанда ұңғыдан босату керек. Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.

Автоматты  (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:

  1. Оқжатарды бөлшектеу.

Автоматты  (пулеметті) сол қолмен дүмбінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады.Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі.

  1. Жабдықтар пеналын дүмбі ұясынан шығарып алу.
  2. Сүмбіні алу.
  3. Автоматтан – ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу.
  4. Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу.
  5. Қайтармалы механизмді бөліп алу.
  6. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу.
  7. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу.
  8. Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу.

Автоматты  (пулеметті)толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру

реті.

  1. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу.
  2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу.
  3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу.
  4. Қайтармалы механизмді қосу.
  5. Ұңғы қорабының қақпағын қосу.
  6. Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою.
  7. Автоматқа ұңғылы тежеуіш-компенсаторды, пулеметке – жалын сөндіргішті қосу.
  8. Сүмбіні қосу.
  9. Пеналды дүмбі ұясына салу.
  10. Оқжатарды автоматқа қосу.

Оқушыларға тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар беріледі:

Топ оқушылары 2 топқа бөлініп әр топ өз тапсырмасын орындайды.

І-Топ.

  1. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?
  2. Автоматы ұстау тәртібі және автомат бөлшектерінің аттарын толық атау.

ІІ-Топ.

  1. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуді ретімен айтып беріңдер.
  2. Оқжатарды жарақтау.Уақытқа норматив №15.
  3. Автоматты бөлшектеу және жинақтау. Уақытқа норматив №12,13

(екі топтан өте пысық, шапшаң оқушылар шығады).

Сабақты қорытындылау.

  • Сабақтағы жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды атап өту.
  • Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.