Сандарды және шамаларды салыстыру.Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер
Сабақтың тақырыбы: Сандарды және шамаларды салыстыру.Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептер.
Білімділік мақсаты:Сандарды разрядтарға жіктеу арқылы салыстыру. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығаруға машықтандыру. Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отан үшін жан аямай шайқасқан батырлардың ерлігін үлгі етіп, мақтаныш сезімдерін оятып, елін-жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: тапсырмалар,
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу
ІІ. Жаңа сабақ
№ Математикалық диктант.
А) екінші кластың 908 бірлігі және бірінші кластың 70 бірлігі бар. ә) екінші кластың 24 бірлігі және бірінші кластың 9 бірлігі бар. Осы сандарды қосылғыштық разрядтарға жікте.
Өз беттерімен жұмыс істеу. № 3, 27-бет
| Мыңдар класы | Бірліктер класы | Санның оқылуы |
| 840 | 048 | … |
| … | … | Тоғыз жүз сексен мың төрт жүз |
| … | … | Сегіз жүз төрт мың сегіз жүз қырық |
| 400 | 008 | … |
| … | … | Сегіз жүз мың төрт |
| 4 | 084 | … |
| … | … | Сегіз мың сегіз жүз төрт |
Топпен жұмыс: Тапсырмалар:
І-топ. 3 м * 3000 см
300 дм * 3000 см
ІІ-топ 35●100*350
30000:100*3 ● 100
ІІІ-топ. 4 м 5 дм 3 см *407 см
5 кг 708 г * 5700 г
№ 7 Мұғалім мен оқушы арасындағы сұрақ-жауап арқылы орындау. Кері есеп құрастыру.
Мектепте 30 мұғалім, 450 оқушы бар. Мұғалімдердің оқушылардан нешеуі кем?
№ 8 Жарыс ұйымдастыру. «Кім тез?» ойыны
| а | 10 | 100 | 1000 | 10000 | 100000 |
| а●10 | |||||
| а:10 | |||||
| а+10 | |||||
| а-10 |
VІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма?
Үйде: № 6