Қазақстандық қоғам. Қоғам және табиғат

Қазақстандық қоғам. Қоғам және табиғат

Білімдік мақсаты : Көпұлтты қазақстан мемлекетіндегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы  татулық, елдегі мемлекет құраушы халықпен арасындағы ынтымақтастық және отаншылдық қасиеттері мен ұлттық идеялардың жүзеге асуын, табиғатты халықтың қорғауы жөнінде маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты : Оқушылардың танымдық белсенділігі мен есте сақтау қабілеттерін дамытып, көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелілік мақсаты : тақырыпты меңгерте отырып оқушылар бойында отанға сүйіспеншілік, адамгершілік пен ізгілік, толеранттылық қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : түрлендірілген сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сөздік, практикалық, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі : ҚР тулары , ҚР Конституциясы, тақырыптық слайдтар, ноутбуктер, плакаттар , ментальды карта, жұлдыздар , түрлі маркерлер т.б.

І.Ұйымдастыру кезеңі : Амандасып түгелдеу. Реттілік.

ІІ.Қызығушылығын ояту. Класс оқушыларын  топтарға жинақтай мақсатында  патриоттық әндердің  өлең жолдарын таратып , 1 минуттің ішінде өлеңді құрастыра топтасып, сол шумақты орындаулары  сұралады.

                      


Қазақтай ел қайда

 

Көңілі көлдей шалқыған,
Қазақтай ел қайда.
Даласы жусан аңқыған,
Өзіңдей жер қайда.
Киелім!
Таусылмас саған айтарым,
Ардақтап өтейін,
Бабадан қалған байтағым,
Садағаң кетейін,
Киелім!

                        Өз елім

 

Келгенде көктеміКөңілін гүл басқанШырағы көктегіЖұлдызбен сырласқанӨз елім меніңӨзегім меніңЖырыма қосып жүремінТөрім деп меніңЖерім деп сеніңСоғады мәңгі жүрегім



                      Көктудың желбірегені

 

Көктудың желбірегені —

Қазақтың асқақ беделі.

Махаббат, қайрат екеулеп,

шымырлатқаны денені.

Көктудың желбірегені –

жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту

жан емес, маған керегі-

Көктудың желбірегені.

 

 

                      Атамекен

 

Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем,Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем.Маңдайымнан сипап өткен самалды,Қазагымның алақаны деп білем.Қайда жүрсем атамекен,Көкейіңде жатады екен.Күннің өзі қимай оныҰясына батады екен.


   

 

 

 

 

 

ІІІ.  Мағынаны тану .  Қазақстанда азаматтар ұлттық және тектік белгілері бойынша бөлінбейді, бірлесе отырып демократиялық,әлеуметтік,зайырлы,құқықтық қоғам құрады.Мемлекет өз аумағында тұратын этностардың азаматтық құқықтарына шектеулер қоймайды.Олардың құқықтары адам және азамат ретінде халықаралық құқық деңгейінде қорғалады.

Саяси құрылуы жағынан унитарлы мемлекет болғанымен,Қазақстан аумағында 140-қа тарта ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрып,еңбек етеді.Солардың ішінде мемлекеттің ұйытқысы,елді біріктіруші және оның  саяси-әлеуметтік мәртебесін айқындаушы фактор ретінде көрінетіні –қазақ халқы. Қазақстан үшін автонды ұлт-қазақ халқы.Өйткені олар этногенетикалық аумақта тарихи қалыптасқан,ежелгі дәуірден бері осында тұрып,өмір сүріп келе жатқан халық.

Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп атады.

«Неге біз бұлай айта аламыз?

Өйткені «бір халық» — бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» — бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» — бұл біз бірге жүріп өткен  қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!».

 

ІІІ.І Тақырыпты ноутбуктен оқи отыра 3 минут дайындалады және ментальды картаға өз түсінгендерін әр түрлі формада сызбамен түсіндіріледі. 

Қазақстандық қоғам.

Қазақстан — көпұлтты қоғам.Қазақстан халқын қазақтармен бірге әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері құрайды.Қазақ ұлты мемлекет құрушы ұлт болып табылады.Ол өз жерінде өз мемлекетін құрғанын білдіреді.Бұл идея Қазақстан Республикасы Конституциясының  кіріспесінде бейнеленген.  Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

« Қазіргі уақытта қайсыбір ұлттағы немесе қандай  да бір дінді ұстанатын кез келген қазақстандық- бұл өз елінің тең құқықты азаматы, ал қазақ халқы мен мемлекеттік тіл – дамушы қазақстандық азаматтық қауымдастықты біріктіретін қазық ретінде әрекет етеді» ( Қазақстан Республикасы Президенті, ҚХА төрағасы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзінен ).

Бүгінгі күні мемлекеттік БАҚ-тың 70 пайызы қазақ тілінде жасалады.Қазақ тілінде оқытылатын мектептер 63 пайызын құрайды. Біздің елдің ұлттық саясатының басты міндеті-азаматтық ұстанымдылық пен ұлттық келісімді сақтау.Мұндай келісім этностар арасындағы достықты, теңдікті қамтамасыз етеді.

Ресми статистика.  Қазақстан  Республикасында 22 республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді, олар 470 облыстық, қалалық және аудандық ұйымдарды біріктіреді ; этноқұрылымдар бар : немістер – 49, қазақтар-40, кәрістер -36, татарлар- 29, слаяндар-27, шешендер  мен ингуштер-26, әзірбайжандар-23, ұйғырлар-21, орыстар-20, украиндер-19, еврейлер-18, поляктар-16, түріктер-14, гректер-12, армяндар-11, белорустар-10, дүнгендер-10 күрдтер мен өзбектер-8-ден, казактар-6, түрікмендер, болгарлар, дағыстандықтар-4-тен, қырғыздар,чуваштар, қарақалпақтар-2-ден, ассириялықтар мен чехтар -1-ден.  Елде 100-ден астам ұлттық мектептер,170 жексенбілік мектептер жұмыс істейді, онда 23-і ана тілінде оқытылады.Ұлттық Қайта өрлеудің үш мектебінде 12 ана тілін зерделеу бойынша 29 бөлімше жұмыс істейді.Қазақстанда 4 республикалық және 15 өңірлік ұлттық газеттер басылып шығады, 6 ұлттық театр ( қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, корей және өзбек) жұмыс істейді.

Жыл сайын этникалық топтардың тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді.Жыл сайынғы Наурыз, Масленица, Рождество және басқа бұқаралық халықтық мерекелер дәстүрлі мерекелерге айналды.

 

  • 2009 жылы жүргізілген ұлттық халық санағының дерегі бойынша:

 

Қазақтар 63,6%,

Орыстар — 23,3%,

Өзбектер — 2,9%,

Украиндықтар — 2,0%,

Ұйғырлар — 1,4%,

Татарлар — 1,2%,

Немістер — 1,1%,

өзге де этностар — 4,5%

 

  • Осынау қадамдар арқылы еліміз ең бас­ты нәтижеге – қоғамды демократияландыруды тереңдетуге, қоғамдық келісім мен татулық, түсіністікке, ішкі саяси тұрақтылыққа, әлеуметтік жаңғыртуға, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету негізінде мемлекеттік тәуелсіздігіміз бен Ел бірлігін одан әрі нығайта түсетін кемел болашаққа қол жеткізуі тиіс.
  • Қазақ халқының тұтас ұлтты ұйыстырушы рөлі. Еуразия құрлығының қақ жүрегінен орын алып, Батыс пен Шығысты, Еуропа мен Азияны жалғайтын алтын көпір болып отырған, берекесі тасып, бірлігі беки түскен елдің иесі ретінде қазақ жерін мекен еткен барша ұлыстарды біріктіру құдіреті халқымыздың маңдайына жазылған бақ, әрі салмағы зор жауапкершілік.

 

  • Қоғамдағы тағы бір өзекті мәселе – мемлекеттік тіл – қазақ тілінің Қазақстан халқын Қазақ елі ұғымының аясында тұтастыру рөлі. Тәуелсіздік жылдарында көңілі дарқан, қолтығы кең қазақ даласын мекен еткен бір де бір ұлыстың өкілі өзінің туған тілін жоғалтқан жоқ. Саны ең аз саналатын этнос өкілдеріне дейін тілі мен ділін сақтап, хал-қадерінше дамытуына барлық жағдай жасалып келеді. Тиісінше, қасиетті қазақ жерінде өсіп-өнген кез келген ұлыс өкілі қазақ тілін меңгеруге міндетті.

 

Қазақстан – көпұлтты  халықтар мен ұлыстардың ынтымақтастығы.

Қазақстан аумағына ХХ ғасырда әртүрлі ұлт өкілдерінің көп бөлігі мәжбүрлеу түрінде немесе өз еріктерімен саяси қуғын-сүргіндерге байланысты, революиялар, азамат және Ұлы Отан соғысы кезінде және одан кейінгі тоқырау тұсында, индустрияландыру мен тың жерлерді игеру кезінде қоныс аударды.Қазақ халқы мен Қазақстан халқының бірегей рухани-өнегелік әлеуеті қалыптасты.Біздің халыққа бейбітшілік сүйгіштік, құрметтеушілік, төзімділік, әртүрлі мәдениеттер мен құндылықтарды қабылдау қабілеті, ашықтық тән.

Қазақстанда « Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.Аталған мемлекеттік бағдарлама этностық иммигранттарды;Қазақстан Республикасы аумағына еңбек ету,табыс табу үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматттарын ұтымды қоныстандыру мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында жасалды.

  Қазіргі уақытта Қазақстан аумағын мәжбүрлі немесе ерікті түрде тастап кеткен, немесе оның қазіргі шекарасынан тыс жерлерде, Орта Азиядағы ұлттық мемлекеттік межелеуден кейін қалып қойған этностық қазақтарды олардың басқа елдерде тұратын ұрпақтарын тарихи Отанына қайтару саясатын жүргізуде.Ресми түрде   оралмандар термині қолданылады.Соңғы екі онжылдықтың ішінде Қазақстанға ресми деректер бойынша , 1 миллионға жуық этностық қазақтар қоныс аударған.

1995 жылғы Қазақстан  Халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстанда ар-ұждан бостандығы мен діни сенімдер мен бостандығы қамтамасыз етіледі.

Қазақстанда соңғы он жылдың ішінде діни бірлестіктердің жалпы саны төрт еседен астам ұлғайды.Бүгінгі күні мешіттердің саны бір жарым мыңды құрайды.Православиелік приходтардың саны төрт есе,католиктік ұйымдардың саны да артты.Мыңға жуық протестанттық бірлестіктердің миссиялары мен дұға үйлері, 21 иудейлік қауым жұмыс істейді. Қазақстанда қырықтан астам конфессияны білдіретін үш мыңдай діни бірлестіктер жұмыс істейді. Қазақстан үлгісі мемлекет бастамашы және қолдаушы бола отырып, олардың арасындағы тұрақты сұхбат негізінде конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүру мүмкіндігін көрсетті.Біздің елде ислам мен праволавиенің, басқа діндердің арасында ізгі қатынастар қалыптасты.Қазақстан дүниежүзілік жетекші діндердің орталықтарымен тығыз қарым-қатынкастарды қолдап отырады.Бұған мысал- қазақстандықтардың Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға қажылыққа баруы.Қазақстан православиелік қасиетті орын- Мәскеудегі Құтқарушы Христос храмының қалпына келтірілуіне өз үлесін қосты-әрлеу жұмыстары үшін қазақстандық тамаша гранит пен мәрмәр сыйға тартылды.

  Қазақстанның діндер арасындағы тұрақтылықты сақтаудағы үлесін мойындау Қазақстанға 2001 жылы қыркүйек айында Рим Папасы ІІ Ионн Павелдің ресми сапары болды,ол қазақстандықтарға бейбітшілік пен рухани келісімді сақтағаны үшін өз ризашылығын білдірді.2012 жылы маусым айында Астана қаласында Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші съезі өткізілді.2012 жылы 6 шілдеде Астанада елдегі жаңа, ең үлкен және салтанатты мешіт- « Әзірет сұлтан » ашылды.

 

 

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ, қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деген ниетпен құрылды.

«Ассамблея елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды». Кезінде әртүрлі тағдырды мойындарына жүктеп, Қазақ жерінен басына пана, жанына сая іздеп келген талай ұлттың балаларының тағдыры ел иесі — қазақ халқының тағдырымен біте қайнасып жатыр.

  Ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау мемлекеттің ұлттық саясатына және біздің әрқайсымыздың күнделікті іс-қимылымыздың нәтижесі.    Халықтар  татулығынсыз, бірліксіз ештеңе болмайды,   «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал.Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде, ең алдымен, қазаққа керек.

  • Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Халықтық әпсана бойынша, ырыс ынтымақ бар жерге ғана барады. Бірлік жоқ жерде тірлік болмайтыны тағы аян. Осы тұрғыда облыстағы этносаралық ахуалдың тұрақты болуына ассамблеяның үлесі зор. Облыстық статистика басқармасының 2013 жылдың 1 наурыздағы мәліметі бойынша, қазір Ақтөбе облысында барлығы 797 800 адам тұрып жатыр. Жекелей этностық құрам бойынша, оның 80 пайызы — қазақтар.       Жалғыз Отанымыздың шаңырағының астында тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы қаланған.
  • Ақтөбе облысында 90-ға жуық ұлт өкілдері тұрып жатыр. Облыс тұрғындарының 20 пайыздан астамы өзге ұлт өкілдері.

 

ҰЛТТЫҚ  ИДЕЯ

Қазақстанның көпұлтты халқы өмір құрылысының ортақ идеясымен біріккен бірыңғай ұлт болып табылады.Біздің елде адамдар өзара еркін қарым-қатынаста.Ұлттық мәдениеттер мен тілдердің айырмашылығы, бір жағынан-әрбір мәдениеттің өзара рухани баюының және бүкіл ұлттың өсу құралы болса, екінші жағынан –басқа мемлекеттердің халықтарымен өзара әрекеттестік құралы болып табылады.

Бүгінгі күні ұлттық идеяның қажеттігі туралы мәселе қойылуда.Қазақстандағы өмір құрылысының бұл идеясын нарықтық экономика, құқықтық мемлекет және демократиялық реформалар сияқты құралдарды қолдану жолымен жүзеге асыру қажет.Ұлттық идея қазақ халқының дәстүрлері мен салттарын қайта жандандырумен байланысты. Қазақстанның  ЕҚЫҰ-да төрағалық етуінің құрамдас ұрандарының бірі осы дәстүр болды.

Кейбір дәстүрлерді көрсетейік.

Үлкендерді сыйлау.

« Жеті ата » ұстанымы — туыстық байланыстар институты.

Ұлттық идея қазақстандық отаншылдық ( патриотизм ) түсінігімен тығыз байланысты.Қазақстандық отаншылдық-бұл ҚР  аумағында өмір сүретін барлық халықтардың даму мүмкіндіктері мен тағдырының бірлігін  терең түсіну сезімі.Әрбір адам өзі өмір сүретін елді сүюі және құрметтеуі тиіс. Қажет болған жағдайда әрбір адам өз елінің қорғанына тұрады.

Бүгінгі уақытта әрбір адам кейінгі ұрпақтардың алдындағы жауапкершілікті сезінуі және қуатты рухани — өнегелілік, зияткерлік және материалдық әлеуті бар қазақстандық ұлтты қалыптастыруға ұмтылуы тиіс.

 

  • Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып. Мазмұнына көз жүгiртсек, екi бөлiктен тұратынын көремiз. Бiрi – ұлт, екiншiсi – идея мәселесi. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдiс екенi ақиқат. Осыдан үш мың жыл бұрын өмiр сүрген Геродоттан тартып, кешегi Колбинге дейiн әрқилы мақсатқа сай қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны – арғы тегiмiз сақтарды, салт-дәстүрiмiздi, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. қазақтар да әлемнiң саяси, тарихи, этникалық дамуынан бейхабар қалған жоқ. Дала даналарының орыс, қытай, қалмақ, өзбек, араб, парсы жұрттары жөнiнде айтқандары бүгiнгi күнге жетiп отыр.
    ХХ ғасыр этностарды мидай араластырып жiбердi. Отарлаудың зорлық-зомбылығынан жоғалып кеткен ұлттар аз емес. Бiр ғана КСРО-ның өзiнде 1926-1939 жылдар iшiнде 194 ұлттан 100-ге жетпейтiн ұлт қалған екен. Осылайша ұлттану өзектi мәселеге айналды  Бiздiң ойымызша, ұлт дегенiмiз – өзiнiң қазақ (орыс, немiс, жапон…) екенiн тарих тереңiнен бастау алған төл санасымен ұғатын және басқалардан тiлдiк, рухани, геосаяси, т.б. өзгешелiгiн айыра алатын адамдардың үлкен қауымдастығы.
    Идея – грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi.

 

 

  • Ұлттық идеяның мән-мағынасын дәл қазiргi таңда «Қазақ елi. Азаттық. Бiрлiк» деген ұғым-түсiнiктер аша алады. 
    қазақ — Қазақстан Республикасына атауын берген этнос, осы мемлекеттiң, жердiң иесi де, киесi де қазақтар. Ел – байырғы түркiлер заманында қалыптасқан атау-термин, мемлекеттiктi бiлдiредi. Орхон мұраларында «Түркi елi», «Мәңгi ел» деген сөз тiркестерi бiрнеше рет қайталанған. Ұлттық идеяның «Қазақ елi» ұғымымен басталуы өзектi екi мiндеттi шешуге мүмкiндiк бередi. Бiрi – барша қазақстандықтардың отансүйгiштiк сезiмiн тарихи-этникалық тамырмен байланыста қалыптастырып, тұрақтандыруға, екiншiсi – алыс шетелдiктерге Қазақстан Республикасы мемлекетiнiң мәнi қазақ елiне саятынын ұғындыру қажет. 
  • Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақтың сана-сезiмi өткендегi, қазiргi және болашақтағы – тарихтың толқынында өзiнiң ұлттық «МЕН» дегiзерлiк қасиетiн түсiнуге тұңғыш рет ендi ғана мүмкiндiк алып отыр… Бiрақ бұл мүмкiндiк қана: ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактiге айналуы қажет», деп жазуында өмiрлiк мәнi бар шындық жатыр.
    Алдымен бiзге қажет ұлттық идеяға қойылатын талаптарды пысықтап алу керек. Бiрiншiден, ол идея Ата Заңымызға қайшы келмеуге тиiс. Яғни нәсiлдiк, ұлттық, дiни, жыныстық кемсiту немесе дәрiптеуден алыс тұрғаны абзал. Екiншiден, ұлттық идея қазақстанның атын анықтап отырған қазақ халқының мұратын ұлықтаумен қоса, басқа диаспоралардың тарихи, дәстүрлi, этникалық ар-намысына тимейтiнi былай тұрсын, қайта соған қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз ететiн болсын. Үшiншiден, ұлттық идеяның хронологиялық бастапқы сәтi белгiлi болғанмен, бүгiн де, ертең де шексiз жүзеге аса беретiнiн баса көрсеткенi жөн. Елдiң iшiндегi, жер-жаhандағы нақты ахуалға байланысты оның көздегенi өзгерiп, нақтыланып отыратыны айтпаса да түсiнiктi жайт.   Мың өлiп, мың тiрiлумен азаттыққа жеткен қазақтың тағдыр анықтағыш ұлттық идеясы қазақстанда ғана өз жемiсiн бере алады.
    Өткен ғасырдың басында Алаш арысы Әлихан Бөкейханов: «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана», десе, қазақтың Ахаңы – Ахмет Байтұрсынов: «Ұлт жұмысы үлкен жұмыс: үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек», деген еді. Алаш арыстарының жалғыз арманы қазақты азаттыққа жеткізу, шекарасын шегендеп, дербес ел ету болатын. Бүгінде осы арманымыз орындалды.       Ендігі ұрпақтың міндеті – осы тәуелсіздікті баянды етіп, Мәңгілік Ел болу. Оның жалғыз жолы – ЕЛ БІРЛІГІ, ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ. Елбасы айтқандай, мейлінше дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі ұлт жұмысына көп жұмыскердің – тұтас халқымыздың жасампаздығы мен іскерлігі қажет. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен жас ұрпақтың жігері, жасампаздығы ұлы мұрат жолында тоғысып, ұлттық ынтымаққа ұласса ғана Қазақ елі түпкі межесі – Мәңгілік Елге жете алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, елдің этносаясатын енді қалыптастыра бастаған тұста Елбасы: «Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды», деп елдің ұлтаралық қатынас саясатының өзегін анықтап берген еді. Біздің бүгінгі аяқ алысымыз да, кешегі сессия да әрбір қазақстандық өзін осы елдің перзенті сезінетінін, өз елінің баянды болашағына риясыз сенетінін көрсетті. Ендеше, осынау баға жетпес асыл қазынамызды, шексіз құндылығымызды көздің қарашығындай сақтап, жетілдіріп, тәуелсіздігімізді баянды етер биік тұғыр ете білуіміз керек.
    Тарихы ғасырларға емес, тұтас дәуірлерге сіңетін, жасампаз істері мыңжылдық мадаққа лайық болып, ұрпақ сабақтастығымен буыннан буынға ұласып, ешқашан өшпейтін ел болу Қазақ елінің ең асыл мұраты десек, оған бізді бастайтын бірден-бір жол – Бірлік жолы. Яғни, бірліктің барар жері – Мәңгілік Ел. Бағытымыздан таймайық.

 

                 ҚОҒАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ АДАМНЫҢ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ

Табиғат-табиғи заңдар бойынша адамзат қоғамы заңдарынан тыс дамиды.Қоғам шығармашылық күш ретінде әрекет етеді.Қоғам әртүрлі мәдени құндылықтар жасайды. Қоғамның табиғаттан ерекшеленуінің мәні осында. Алайда табиғат пен қоғамды қарама –қарсы қоюға болмайды. Адам экологиялық жүйенің бір бөлігі.Егер біз табиғатты бұзсақ, онда өз тіршілік ортамызды да бұзғанымыз.

Қазақстан аумағында мыңдаған жылдар бойы адамның табиғатқа ұқыптылықпен қарауы негіз болған көшпелі өркениет өмір сүреді.Қазақ халқы ғасырлар бойы табиғатпен достасты, көшпелі әдет — ғұрыптар мен тәртіптерге негізделген өзіндік экономикасы, өмірлік базисі болды.Әрине бүгін біз өткенге қайта оралып,қайтадан көшпелілерге айналмаймыз.Алайда біз өз түптамырымызды, өз тарихымызды және бізге ата-бабаларымыз қалдырып кеткен табиғатқа деген ұқыпты көзқарас ұстанымдарын ұмытпауға тиіспіз.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АДАМ

ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕРІ ӘСЕРІ

ХХ және ХХІ ғасырда адамның табиғатқа белсенді араласуы жүріп жатыр.Бұл қоршаған ортаның ластануына әкелді.Ғаламшар көлемінде қоршаған ортаның ластануына қатысты кейбір сандық деректерді келтірейік :

Ауаның ластануы.Жылына атмосфераға  200-400 млн т шаң, 150 млн т кукіртті ангидрид, 700 млн-дай т басқа да зиянды заттектер шығарылады.Өнеркәсіпті аудандарда ластанушылық табиғи  деңгейден мыңдаған және одан да көп есе жоғары.

Судың ластануы. Мұхитқа жылыны 1200 млн т шамасында химиялық заттардың 30000-нан астам түрлері төгіледі, оның 6 млн тоннасы мұнай.

Топырақтың ластануы. Жыл сайын біздің Жерде 20 млн гектар жер шөлге айналады.Жерге әрбір жылда 4 млн-дай тонна улы химикаттар төгіледі.

Жануарлар және өсімдіктер дүниесін жою.Экологтердің мәліметтері бойынша жыл сайын жануарлар мен өсімдіктердің 100 түрі жоғалып кетеді.Жануарлардың 50 000-дай түрі жойылып ету шегінде тұр. Табиғатты қорғаудың Халықаралық Одағы жариялаған тек қана жоғалып бара жатқан сүтқоректілер мен құстардың түрлері енгізілген Қызыл кітап көлемді екі томды құрайды.200 жылдың ішінде ғаламшардың « өкпесі » болып табылатын ормандардың ауданы екі есе азайды. Жылына 11 млн га орман жоғалады. Америкада тропикалық ормандарының 40 пайызы, Африкада 50 пайызы жойылды.Жердің өсімдік жамылғысы ауданының 25 пайызына нұсқан келтірілді.

Атмосфераның ластануы адам денсаулығына кері әсер етеді.Бүгінгі күні көптеген адамдар аллергиядан зардап шегуде.Бұл дегеніміз- адам ағзасының табиғаттың ластануына жауабы. Жастар қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мақсатымен қоғамға  пәрменді ықпал етуі мүмкін. Халықты экологиялық насихатшы, табиғат қорғау қызметін жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастықты жүйелі жүргізу, бұл жұмысқа халықтың көпшілік топтарын тарту қажет. Барлығы бірігіп, бүкіл қауым болып, білім негізінде табиғаттың ластануына жол бермеуге болады.

 

  • Табиғат адамдар қолданатын заңдардан тыс, стихиялы дамиды.Қоғам мен табиғат арасындағы арақатынас осыдан туындайды.Қоғам мен табиғатты қарама-қарсы қоюға болмайды.Адам табиғатты бағындырушы немесе оны жаулап алушы емес. Адам-табиғаттың бір бөлігі,одан тыс өмір сүре алмайды.Адамдар ресурстарды үнемі пайдаланып, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешумен айналысуда.Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап экология мәселелері түрлі халықаралық конференцияларда белсенді көтеріле бастады.Рим клубы, ЮНЕСКО т.б.халықаралық  ұйымдар , экология мәселелерін талқылаған семинарлар өткізліп тұрды.Соңғы кездері ғаламшардың жылынып бара жатқанына байланысты бұл үрдісті баяулату мәселелерімен алдыңғы қатарлы өркениетті қоғамдар көбірек айналыса бастады.
  • Қазақстанды Семей полигонын жабу, ядролық жарылыстардың салдарын жою, тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында « Невада-Семей » қозғалысы құрылып , белсенді жұмыстар  жүргізіліп келеді. Арал теңізі суын қалпына келтіру мақсатын көздеп , арнайы құрылған Комитет бар. Соңғы жылдары мемлекеттің  ынтасымен құрылған экология мәселелермен  айналысатын  ведомостволар пайда болуда.

 ІІІ.ІІ. Келесі кезекте әр топтың №1, 2,3,4,5  оқушылары бірлесіп отырып өз топтарында оқып меңгергендерін айтып түсіндіреді және  ақпарат алмаса отырып ментальды картаны әрі қарай толықтырады . ІІІ.ІІІ.Келесі сатыда  әркім өз тобына барып  келесі тапсырманы орындайды .

ІІІ.ІУ.Тақырыпқа байланысты ұлттық мерекелерді байланыстыру «  ( тізім таратылады ) Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:

 күн-айыатауы
 қаңтардың 12Жаңа жыл (мемлекеттік мейрам)
 қаңтардың 7Иса Мәсіх туған айты (демалыс күн)
 наурыздың 8Әйелдердің халықаралық күні (мемлекеттік мейрам)
 наурыздың 22Наурыз мейрамы (мемлекеттік мейрам)
 мамырдың 1Қазақстан халық бірлігі мейрамы (мемлекеттік мейрам)
 мамырдың 7Отан қорғаушы күні
 мамырдың 9Жеңіс күні (мемлекеттік мейрам)
 мамырдың 31Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
 маусымның 4Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің күні
 маусымның 23Полиция күні
 маусымның 3-ші жексенбісіМедицина қызметкері күні
 маусымның соңғы жексенбісіБаспасөз, теледидар және радиохабар күні
 шілденің 6Елорда күні (мемлекеттік мейрам)
 шілденің 3-ші жексенбісіМеталлург күні
 тамыздың 1-ші жексенбісіКөлік пен байланыс қызметкерлері күні
 тамыздың 2-ші жексенбісіҚұрылысшы күні
 тамыздың 3-ші жексенбісіСпорт күні
 тамыздың соңғы жексенбісіКенші күні
 тамыздың 30Қазақстан Республикасы Конституциясы күні (мемлекеттік мейрам)
 қыркүйектің 1Білім күні
 қыркүйектің 1-ші жексенбісіМұнай мен газ кешені қызметкерлері күні
 қыркүйектің 3-ші жексенбісіҚазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні
 қыркүйектің 28Қазақстан Республикасы атом саласы қызметкерлері күні
Қазанның 15Құрбан айт
Қазанның 16Рухани келісім
 қазанның 1-ші жексенбісіОқытушы күні
 қазанның 25Республика күні
 қарашаның 15Ұлттық пұл күні
 қарашаның 3-ші жексенбісіАуыл шаруашылық қызметкерлері күні
 желтоқсанның 1617тәуелсіздік күні (ұлттық мейрам)
 желтоқсанның 3-ші жексенбісіҚуатшы күні
 

  ІУ.Рефлексия Рефлексияда     әр топқа 2 жұлдыз бен қағаз беріледі. Осы сабақтағы өте жақсы жетістіктерді атап топтарға береді.Қағазға мынадай ұсыныс  жазылады. Сабақты қорытындылау сөзі :      Қазіргі  ұрпақтың міндеті – осы тәуелсіздікті баянды етіп, Мәңгілік Ел болу. Оның жалғыз жолы – ЕЛ БІРЛІГІ, ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ.   Мейлінше дамыған 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі ұлт жұмысына көп жұмыскердің – тұтас халқымыздың жасампаздығы мен іскерлігі қажет. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен жас ұрпақтың жігері, жасампаздығы ұлы мұрат жолында тоғысып, ұлттық ынтымаққа ұласса ғана Қазақ елі түпкі межесі – Мәңгілік Елге жете алады.Ол үшін қазақстандық жастар , оның ішінде қазақ баласы  өз елінің ертеңі үшін алаңдап, сапалы білім алып, адал еңбек етуі тиіс.


 

 

 

Ы.АЛТЫНСАРИН  АТЫНДАҒЫ  БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ  БАЗАЛЫҚ  МЕКЕМЕСІ

№  51 ГИМНАЗИЯ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А Ш Ы Қ    С А Б А Қ

 

 

Тақырыбы: Қазақстандық қоғам. Қоғам және табиғат