Мемлекет: функциялары, құрылымы мен басқарылуы.
Тақырыбы: Мемлекет: функциялары, құрылымы мен басқарылуы.
Мақсаттары:
Мемлекеттің атқаратын функцияларын айқындау; оқушыларды мемлекетті басқарудың заңды және өзге формаларымен таныстыру;мемлекеттік құрылулардың түрлерін ажырату; Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару формасы туралы ой қозғап отырып, қоғамның дамуының келешегіне ой жүгірту; демократизмге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Өткізілу әдісі: Интерактивті тақтамен тірек-сызба арқылы түсіндіру, деңгейлік сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
Жоспары:
- Мемлекеттің функциялары.
- Мемлекетті басқару формалары.
- Мемлекеттік құрылудың әртүрлілігі.
Көрнекілігі: Тірек-сызбалар, слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
II.Жаңа сабақ.
Сабақты бастамас бұрын оқушылардан мемлекет туралы не білетіні сұралады, тарих пәнімен байланыстырып мемлекеттің түрлері және пайда болу себептері анықталады.
Білемін. | Білгім келеді. | Білдім. |
Сабақ тірек-сызбалар негізінде түсіндіріледі.
Билік басына келу жолдары:
Монархия |
Республика |
Диктатура
|
Абсолюттік |
Конституциялық |
Парламенттік |
Президенттік |
Басқару формалары
|
(res-іс, publicus-қоғамдық, жалпыхалықтық. Жоғарғы мемлекеттік билікоргандары сайлау арқылы тағайындалады. |
Саяси партиялар үлкен рөл атқарады. Үкімет парламентке есеп береді. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Парламент жетекші рөл атқарады. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Мысалы: Италия, Германия. |
Президент-мемлекет басшысы. Президентті парламент емес халық сайлайды. Президент Үкімет мүшелерін тағайындайды және қызметтен босатады. Президент-Республика Қарулы Қүштерінің Бас Қолбасшысы. Президенттің ерекше вето құқығы бар. |
(грек. monarchia – өзі билейді) |
Монархия деп мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектеусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуін айтамыз. Мысалы: Россия — XVI-XIX ғ Франция – XVI-XVIII ғ Англия – XV-XVII ғ Түркі монғол мемлекетіндегі Шыңғыс хан ұрпақтарының шексіз билігі. |
Монарх билігі конституциямен және парламентпен шнктеледі. Мысалы: Кәзіргі жағдайдағы Жапонияда – императордың болуы. Англияда – коралеваның болуы. |
Тарихи сынақхат.
Қазақстан … республика.1933 жылы Германияда фашистік … орнатылды. 17 ғасырда Ресейде … монархия билігі күшейді. Францияда
революциядан кейін король билігі … шектелді.
Кілт сөздері: президенттік, диктатура, абсолюттік, конституция.
Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:
I деңгейлік сұрақтар.
- Мемлекеттің үш функциясы?
- Билікке келу жолдары?
- Мемлекеттің басқару формалары?
- Монархияның екі түрі?
- Абсолюттік монархия дегеніміз не?
- Конституциялық монархия дегеніміз не?
- Республикалық басқарудың екі түрі?
- Диктатура дегеніміз не?
- Мемлекеттің құрылуының түрлері?
II деңгейлік сұрақтар.
- Абсолюттік монархияның конституциялық монархиядан айырмашылығы неде?
- Президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңдар?
- Тоталитаризмнің авторитаризмнен айырмашылығы неде?
III деңгейлік сұрақтар.
- Тарих пәнімен байланыстырып буржуазиялық революцияға дейін монархиялық атап өтіңдер?
- Ең бірінші рет парламенттік республика қай елде, қандай тарихи оқиғадан кейін орнатылды?
- Фашистік диктатура қашан, қандай елдерде орнатылды, көсемдері-кімдер?
Қорытындылау. «Білемін, білгім келеді, білдім» тапсырмасының соңғы бөлігі толтырылады.
Үй тапсырмасы.
Бағалау.