Экономика және жеке меншік
Пән: Адам. Қоғам. Құқық | ||
Сынып: 9А | Сабақ: 13 | Күні:
|
Тақырыбы: Экономика және жеке меншік
Сабақтың мақсаты: Экономика жайлы мағлұмат беру, түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Экономикаға анықтама бере отырып, түрлеріне тоқталу.
Дамытушылық: Экономикалық білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Нарықтық экономикаға бейімдеп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру, дәріс
Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық
Көрнекілігі: схемалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
- Қажеттілік – қоғамның қозғаушы күші
- Қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – өндіріс
- Ресурстар
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
- Экономика ұғымы
- Экономиканың екі үлкен саласы
- Жеке меншік түсінігі
1) Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. «Экономия» терминін алғаш ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос – үй, шаруашылық; номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де кездеседі, ол шаруашылықты еш түрге бөледі: экономия және хрематистика (баю, пайда таба білу шеберлігі). Оның түсіндіруі бойынша әкономикадан хрематистика пайда болады.
Көп ғасырлар бойы «экономия (ойкономия)» сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып, жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар феодалдық бытыраңқылыңты жеңу, орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашылығьш жүргізу ережелері емес, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің анықталуын қажет етті.
Экономика – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек, шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым. Экономика зерттейтін құбылыстардың мәні экономикалық категория мен экономикалық заңдарда көрсетіледі. Экономикалық категория дегеніміз – экономикалық құбылыстардың (мысалы, тауар, баға, кіріс) маңызды жақтарын көрсететін жалпылама ұғымдар. Экономикалық заңдар – бұл экономикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын байланыс. Табиғи заңдарға қарағанда экономикалық заңдар тек қана жақындаса келе әрекет етеді; түрлі тенденция мен заңдылықтардың күресі арқылы көрінеді. Қолданылу мерзімі бойынша барлық заңдар жалпы және арнайы болып бөлінеді.
2) Экономикалық ғылым шеңберінде талдаудың екі деңгейін бөледі, бұл оның екі дербес бөлімге: микроэкономика мен макроэкономикаға бөлінуін қамтамасыз етеді.
Макроэкономика экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.
Микроэкономика (грек. mіkro – шағын және оіkonomіke – үй шаруашылығын жүргізу өнері) кәсіпкерлердің, кәсіпорындардың, тұтынушылардың мінез — құлқын бағалау мен зерттеуге негізделетін экономикалық талдау әдісі.Классикалық мектептің экономистері іргелі зерттеулер арқылы экономика ғылымының тармағы ретінде микроэкономикалық талдау жүргізді. Микроэкономиканың негізгі бөлімдері: тұтынушы теориясы; фирма және нарықтық құрылым теориясы; монополия мен бәсеке мәселелері; мемлекет пен жекеше сектордың өзара іс-қимылы мәселелері;еңбек рыногін талдау, табысты бөлу мәселелері.
ЭКОНОМИКА |
Микроэкономика |
Макроэкономика |
Экономиканың жеке субъектілері (фирмалар, салалар, т. с. с.) деңгей-інде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін зерттеу |
Экономиканы жалпы зерттеу |
Негізгі категориялары |
Өндіріс факторлары, шығындар, баға, сүраныс, ұсыныстар |
Ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, инфляция, жұмыссыздық |
3) Жеке меншік — жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге меншіктің негізгі нысандарының бірі; жеке адамның, фирмалардың оларды сатып алу, иелену, бақылау, мұраға қалдыру құқығы. Мұнда меншік объектілері жеке адамға, отбасыларына, адамдар тобына тиесілі болады. Корпоративтік, акционерлік, беймемлекеттік меншіктерді де жеке меншікке жатқызу дәстүрге айналған.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
- Экономика дегеніміз не?
- Экономиканың қандай түрлері бар, айырмашылығын түсіндір?
- Мемлекет арасындағы сауда-саттық қарым-қатынастарды экономиканың қай саласы реттейді?
- Жеке меншікке не жатады?
- Үй тапсырмасын беру: Экономика және жеке меншік
- Бағалау.