«Зергерлік өнер»
Қарашоқы орта мектебінің химия пәні мұғалімі –Б. Шабденованың «Металдар химиясы» қолданбалы курс сабақ жоспары
| Уақыты: 21.05. 2014ж | Пәні: Химия | Сыныбы: 10а (ЖМБ) | |
| Сабақ тақырыбы:
| «Зергерлік өнер» | ||
| Жалпы мақсат:
| v Металдарды өңдеп, өнім алу туралы түсініктің қалыптасуы v Білімдеріне сүйене отырып жоба құрып үйрену, біліктерін дамыту; v Тұрмыста пайдаланатын заттардың жасалуына іс жүзінде көз жеткізіп, мамандыққа баулып, тәрбиелеу.
| ||
| Сілтеме:
| Білім стандарты. Химия пәні мен қолданбалы курс бағдарламалары. Химия 9-10 сыныптар оқулықтары. Интернет пен энциклопедия материалдары | ||
| Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
| v Зергерлік туралы түсініктерін тереңдету; v Жоба нәтижесі қандай болатынын болжай алады, теорияның практикада өзгеру себептерін түсіндіру;. v Өмірде қажет жағдайда қолдану. | ||
| Негізгі идеялар:
| Металдар мен оларды қолдану туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы Елбасы – Н.Назарбаевтың атадан балаға мұра болып қалатын кәсіппен айналысу жөніндегі пікірін назарға алу. | ||
| Сабақта қолданылатын құрал – жабдықтар: | Интерактивті тақта, компьютер, презентациялар, интернет желісіне қосылған ноутбук. Көрме: металдан жасалған монеталар, қолдан соғылған 19ғ.күміс білезігі, қылыш; Оқушылардың оқу жылы барысында ғы дайындаған рефераттары мен буклеттері. | ||
| Оқыту әдістері: | Жоба қорғау | ||
| Дерек көздері:
| Оқулық 9-10(ЖМБ) сынып, жұмыс дәптері, интернет желісі. | ||
| Тапсырмалар:
| жеке | ||
| Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті:
| |||
| І. Ұйымдастыру кезеңі
| |||
| Мұғалім іс – әрекеті: v «Білімнің алмайтын қамалы жоқ!» сыныпта жағымды ахуалды қалыптасытру. v Смайликтер арқылы кезектерін анықтау .
| Оқушының іс – әрекеті:
v Оқушылар бір – біріне тілектерін айтып, жобаларын №5 химия кабинетіндегі компьютерге флешка арқылы салады .
| ||
| ІІ. Қорытынды сабақ (мақсатын айту)
| |||
| Мұғалім іс – әрекеті: «Қарлы кесек» сұрақ – жауап Құймалардың анықтамасы? Зергер дегеніміз кім? Қолданбалы өнер дегеніміз не? «Атакәсіп – елге нәсіп» дегеніміз не? Алтын құймасында мыс немесе күміс бар екенін қалай білуге болады? Мамандықты тек қана ЖОО – да ақып қана игеруге бола ма ?
| Оқушының іс – әрекеті: Жауап беру барысында өзінің ой – пікірін қоса білдіру; Сұрақ қою арқылы қосымша мәлімет алу; т.б.
| ||
| ІІІ. Жоба қорғау барысында | |||
| Оқушының логикалық қабілетін дамыту Тапсырмалардың жүйелі орындалуын қадағалау Оқушыны одан әрі дамыту схемасы бойынша түсінігін талдап, тыңдау Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен жұмыс, оқушылардың пікірін тыңдау.
| v Оқушылар металдар және зергерлік өнер туындылары туралы мәліметтерді таныстырады — жинақтайды; v Берілген тапсырма бойынша зерттеу, талдау, сараптау, ұсыну, дәлелдеу, қайта қарастыру жұмыстарын жүргізеді; v Компьютерлік сауаттылықтары дамиды; v Өзіне, жасаған ісіне қанағаттану сезімі пайда болып, нәтижеге көз жеткізеді
| ||
| ІҮ. Эксперттік жұмыс | |||
| Сарапшылар іс – әрекеті: v Бұқаралық ақпарат құралдарынан мәліметтер жинап, өңдеуіне баға беру; v Теориялық білімдеріне баға беру; v Практикалық іс – әрекеттерін бағалау | Оқушының іс – әрекеті:
v Тақырыпты жан – жақты таныстырады v Берілген уақыт ішінде жоба қорғайды.
| ||
| Ү. Шығармашылық тапсырмалар | |||
| Мұғалім іс – әрекеті: v Металдар химиясы мен құймалардан тұрмыста және жеке бастарына қажет әшекейлік бұйымдар мен қару — жарақтар үлгілерінің тізімдемесін ұсыну, таңдату | Оқушының іс – әрекеті: v Компьютерде слайдтар құрып, тапсырманы тұсаукесер түрінде орындайды, қорытындыларын жазады, көрсетеді
| ||
| ҮІ. Қорытындылау | |||
| Мұғалім іс – әрекеті: v Мұғалім – оқушы арасындағы диалог, v Оқушы – оқушы арасындағы диалог формаларымен пікір алмасу жасау.
| Оқушының іс – әрекеті:
Сұраққа жауап беру, талдауға қатысу, нәтижесін дәлелдеу, т.б.
| ||
| Келесі оқылым: «Металлорганикалық қосылыстар – жаңа технологиядағы орны», 11 сыныпқа дайындық Үйге тапсырма: Сынаққа дайындық, курс бойынша қайталау.
| |||
| ҮІІ. Бағалау | |||
| Мұғалім іс – әрекеті:
Арнайы бағалау парағында сарапшылармен бірге формативті бағалау; «Мадақтама грамоталарын» тапсыру | Оқушының іс – әрекеті:
Өзін – өзі бағалау, өзгелерге баға беру.
| ||
| ҮІІІ. Рефлексия | |||
| Мұғалім іс – әрекеті: Стикерлерді тарату, «Қоржынға» жинақтау.
| Оқушының іс – әрекеті: «Не білдім, нені білмедім, нені білгім келеді?» стикерге өз пікірін жазып тақтаға іледі.
| ||
Оқу ісінің меңгерушісі: К. Салимбаева