Хабарландыру

Хабарландыру

 

Хабарландыру – бір нәрсе жайында мәлімдеу, хабарлау.

 

Құрылымы:

  • құжаттың аты;
  • кімге арналған;
  • негізгі мәтін;
  • хабарландыруды берген адамның /ұйымның/ аты – жөні

 

 

 

 

Хабарландыру

Қымбатты мектеп бітірушілер! Маусымның 20 күні сағат 19-да 11- сынып оқушыларының кеші/ дискотека/ өткізіледі.

Бәріңді мектеппен қоштасу кешіне шақырамыз.

Комиссия мүшелері.

 

 

Хабарландыру

Құрметті оқушылар!

20.10.07.ж біздің мектепте шахмат үйірмесі ашылды. Үйірме  сағат 9-дан 10-ға дейін жұмыс істейді.

Үйірме жетекшісі Т.А.Қасенов.

 

 

Хабарландыру

Құрметті ұстаздар!

07.03.07ж сағат 12- де 8 Науырыз мерекесіне арналған салтанатты концерт  болады.

Ұйымдастыру комитеті.

 

 

  • тапсырма Хабарландыру жаз.
    • Алмас Кішкенбаевтың концерті туралы хабарландыру
    • Мектепте Тәуелсіздік күніне арналған кеш өтеді
    • Мекеменің атынан мамандықтар қажеті туралы хабарландыру