Жұмбақтар

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кодекс Куманикус кітабындағы жұмбақтармен таныстыру және қазақ жұмбақтармен ұқсастығын таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол аш, шығармашыл тұлға қалыпастыру. Өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушы бойына тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты еге отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: бүктеме, суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу
  2. Сынып оқушыларын түгелдеу

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

  1. Кодекус Куманикус нешінші ғасырларда құрастырылған?
  2. Қолжазба неше бөлімнен тұрады?
  3. Қолжазбаның жалғыз данасы қай жерде сақталған?

ІІІ Жаңа сабақ

  «Кодекс Куманикус» (куман – қыпшақ деген сөз) ХІІІ ғасырдың екінші жартысында құрастырыла бастап, ХІV ғасырдың басында (1303 жылы) аяқталған кітап. Қолжазба екі бөлімнен тұрады. 1) Латынша – парсыша – куманша  сөздік,

2) куманша – немісше-латынша сөздік. Сөздіктің көлемі 164 бет. Онда сөздердің бірнеше тілдегі мағынасымен қатар, 50-ге тарта жұмбақтар, діни хикаялар бар. Діни хикаялар христиан аңыздарынан алынып, кумандар арасында христиан дінін уағыздау мақсатын көздеген.

                                               Жұмбақтар


1.Күннен елші келеді,

Күміс ашашып келеді,

Айдан елші келеді,

Алтын шашып келеді.

Ол – күн мен айдың шашылған нұр сәулесі.

  1. Ұзын ағаш басына

Ұлы жазу жаздым,

Алтын қабыршақтының тұқымы келсін деп,

Өзім күтіп отырдым.

Ол – қармақ пен балық

3.Отырғаным – оба жер.

Басқаным – бақыр шанақ.

Ол – үзеңгі.

4.Түйін түйдім,

Тұтылатынға салдым.

Ол – лашын.

5.Көктен түскен тоқпақ,

Төрт аяқты, маймақ.

Ол – кірпі.

  1. Қызыл тері қалтам бар,

Алты-ақ турам асым бар.

Ол – жаңға

 

 

«Кодекс Куманикустағы» жұмбақтарҚазіргі қазақ жұмбақтары
Көкше лағым көгенде семіреді.

Ол – қауын.

Міне барды – ізі жоқ.

Ол – кеме.

Ақ үй не аузы жоқ.

Ол – жұмыртқа.

 

ІV Сабақты пысықтау

VІ Үйге тапсырма: Жұмбақтарды жаттау