ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ.
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ.
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: Иран Ислам Республикасыныңмемлекттік құрылысы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы, тарихы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ: Иран Ислам Республикасы
ИРАН (1935 жылға дейін П е р с и я) — Азияның оңт.- бат. бөлігіндегі мемлекет. Солтүстігінде Армения, Азербайжан және Түрікменстанмен, солт.- батысында Түркия, батысында Ирaкпен, шығысында Ауғанстан және Пакистанмен шектеседі. Солтүстігінде — Каспий теңізі, оңтүстігінде — Парсы және Оман шығанақтары.
Жер аумағы — 1,6 млн. км2.
Халық 68 млн. (2005ж).
Астанасы- Тегеран қ-сы.
Әкімш. жағынан остандарға (провинцияға) және бас губернаторлықтарға бөлінеді.
Мемлекеттік құрылысы. ИРАН — конституциялы монархия. Қазіргі конституциясы 1905-11 ж. Иран революциясы кезінде қабылданған. Мемл. басшысы — шаh. Ол парламент қабылдаған заңдарды бекітеді, премьер министрді тағайындайды, үкімет құрамын бекітеді, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы да сол. Заң шығарушы жоғары өкімет органы — екі палаталы парламент. Төменгі палатаның (меджлис) депутаттарын (268 адам) халық 4 жылға сайлайды. Жоғарғы палатада (сенат) 60 сенатор бар. Оның 30-ын шah тағайындайды. Қалғандарын халық сайлайды.Сенаторлардың өкілдік мерзімі 4 жыл. 20 жасқа толғандарға сайлау провасы беріледі (әйелдер 1963 жылдан бастап — сайлауға қатынасатын болды). Атқарушы өкімет билігін министрлер кабинеті жүзеге асырады. Сот жүйесіне:
Жоғарғы кассациялық сот, апелляциялық, губ. және бітім соттары кіреді. Коммерсиялық, әкімшілік, әскери трибунал т. б. арнаулы соттар да бар.
Табиғаты. Жерінің көбі тау; ол Армян таулы қыратының оңт.-шығ. жағы мен Иран таулы қыратының бат. бөлігінде орналасқан. И-ның шет жақтарын Солт. Иран (Эльбурс, Түрікмен- Хорасан таулары), Оңт. Иран (3агрос, Мекран таулары) және Шығ. Иран (Серхед, Пеленган, Боран, Келат жоталары) таулары, орталық бөлігін Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лут шөлдері алып жатыр. Солт/батысында Оңт. Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солт/шығысында Горган жазығы, оңт. шетінде-Гермезир шөлді жазығы. Геол. құрылымы жағынан алғанда, И-ның жері альпілік геосинклиналь аймағы құрамына кіреді. Ежелгі метаморфтық жыныстар төменгі қабаттағы байкал фундаментін құрайды, ал оның үстіңгі жағын шөгінді палеозой-триас, теңіздік мезозой-кайнозой жыныстары жапқан. Пайдалы қазындылары — мұнай (табиғи қоры 7,5 млрд. т), газ (6 триллион мЗ) , тас көмір (1 млрд. т), темір рудасы (560 млн. т), хромит (60 млн. т) т. б.
Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауының климаты тропиктік. Қаңтардың орташа темп-расы 2,00 С-тан (Тегеранда) 19,40 С-қа (Оман шығанағы жағалауында) дейін, шілдеде 29,4-32,50 С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 мм, Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50-60 мм. И. территориясында жер беті суы аз, ірі өзендері — Карун, Сефидруд, Гильменд. қиыр солт. бөлігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Карун өзенінде кеме жүзеді. Таулы аудандарында көптеген көлдер бар; олардың ішіндегі ірілері — Резайе, Дерьячейе-Немеи, Хамун. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты келеді; ойыстары мен өзен аңғарлары сортаң топырақты. Тау беткейлері (әсіресе Эльбурс, 3агрос таулары) орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары — шөлейт, шөл. И. жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстың 400-ге жуық және бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Солтүстігіндегі таулы бөлігінде қоңыр аю, жабайы шошқа, бұғы, елік т. б. кездеседі. Шектес теңіздер балыққа бай. И. территориясы 7 табиғи аймаққа бөлінеді, олар — Солт. Иран, Оңт.-бат. Иран таулары, Шығ. Иранның шөлді таулары, Иран таулы қыратының ішкі бөлігі, Оңт. Иран таулары, Оңт. Иранның теңіз жағалауындағы ойпаттары, Солт. Иранның ойпатты жазықтары.
Халқы. И-да 30-дан астам халық тұрады. Халқының 75%-і иран тілі тобына жатады, олар парсылар -51%, азербайжандар – 24% гилактар мен мазендарандар – 8% , курдтар – 7%, арабтар – 3% лурлар – 2%, балохтар – 2%, түрікмендер – 2% Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің шииттік бағыты – 95%, сунниттер – 4%, қалғандары – зорастрий, иудей, христиандар.
Ірі қалалары — Тегеран , Исфаhан, Мешхед, Тебриз, Шираз, Абадан.