ФИЛИППИН

ФИЛИППИН

Сабақ мақсаты:

 А) білімділік: Филиппиннің табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі, көлік қатынастары мен саяси жағдайы, экономикасы туралы білім қалыптастыру;

Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;

Сабақ түрі: лекция

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар

Жаңа сабақ:                   Филиппин

Астанасы: Манила

Ауданы: 300000 км2.

Халқының саны: 81,6 млн адам (2004 ж)

Халқының тығыздығы: 271адам/км2.

Ресми тілі: тагал және ағылшын

Мемлекеттік құрылымы: республика.

Ақша бірлігі: филиппиндік песо (= 100 сентаво)

Діні: христиан — 92%, ислам — 5%, қалғаны — 3%

Сауаттылық деңгейі: 95% Орташа өмір суру жасы: 65

1 дәрігерге: 8330 адам

Импорттың негізі: станок, то­қыма, автокөлік, темір, болат, мұнай өнімдері, химикаттар.

Экспорттың негізі: ауыл шару­ашылық өнімдері, ағаш, машина және құрал жабдықтар, хими­каттар, киім, қант, кокос майы .

   Филиппин мемлекеті Оңтүстік-шығыс Азияның аралдық бөлігiн қоршап жатқан «отты шеңбер» белдемінде және күшті тропикалық циклондар жо­лында орналасқан. Сондықтан мұнда жер сілкінулер мен жанартаулардың атқылауы жиі болып тұрады. Филиппин архипелагында 7107 арал бар (оның 90% адам қоныстанбаған). Халық, негізінен, Лусон (104 688 км2) және Минданао (94 630 км2.) аралында қоныстанған. Лусон аралында елдің астана­сы — Манила орналасқан. Филиппинді 300 жылдан артық испандықтар биле­ген, тіпті елді де испан королі ІІ Филиптің құрметіне атаған. Ал 1898 жылы мұндағы билікті АҚШ қолына алды. Тек 1946 жылы ғана тәуелсіздік алды.

Табиғаты. Мемлекет Азияның оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тынық мұхи­тының батысындағы аралдарда орналасқан. Мұнда биіктігі 1500-2000 м (ең биік нүктесі Минданао аралындағы Апо жанартауы — 2954 м) болатын таулы рельеф басым. Біршама жерін ойпаттар, қыраттар және үстірттер алып жатыр. Ойпаттар территорияның 1/4 бөлігін ғана алып жатыр (ең үлкені Лусон аралында — Орталық және Кагаян, Минданао аралында — Котабато және Агусан).

Шығыс жағалауында 1330 шақырымға Филиппин шұңғымасы (тереңдігі 10265 м) созылып жатыр.

Климаты. Мұнда тропиктік және субэкваторлық муссондық климат ба­сым. Батыс жағалауына жаздық муссон көп әсер етеді. Шығысына — қысқы муссон және Тынық мұхиттық пассаттың әсері көп. Сондықтан да батысында жаздық жауын-шашын көп те, шығысында оның максимумы қыс айларына келеді. Жыл сайын тамыз-қазан айларында 20-ға жуық тайфундар тіркеледі, оның кейбіреулері бірталай шығын әкеледі.Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 1000-5000 мм. Оңтүстік жағалауында жыл бойында температура — 280С, ал солтүстігінде

24-280 С болып тұрады.

Пинатубо жанартауы. 1991 жылдың маусым айында Лусон аралында, Маниланың солтүстігіндегі Пинатубо жанартауы оянады: 10 күн бойы ол қызған күл мен тау жыныстарын атқылады. Бұл елдің тарихындағы ең ірі жанартаудың атқылауы болды. Жанартау шығарындылары жергілікті жерді қалыңдығы 7 метрге жететін қабатпен жауып тастады. Ал қатты нөсер бұл массаны өзендер мен аңғарларды толтырып тастаған қою батпаққа айналдыр­ды. Осы күндері жергілікті аэта тайпасы баспанасыз, жайылымсыз қалды.

Манила. Филиппин астанасының көп бөлігі теңіз деңгейінен төмен жатқаңдықтан онда жаз айларында (жаңбырлы кезеңде) су тасқыны жиі болып тұрады. 1571 жылы Маниланы испандықтар жаулап алады. Олар қаланы қамалмен қоршап, оны өздерінің Азиядағы империясының форпостына айналдырады. Жүздеген жылдар бойы Манила Арабия, Үндістан, Жапония және т.б. елдердің көпестерін қабылдай­тын басты сауда порты болды. Бүгін бұл 7 млн-ға жуық халқы бар дамы­ған қала.

   Энергетикасы. Электр энергия­сының 53 % — ЖЭС-да, 28 % ­СЭС-да өндіріледі. Жер қойнауы­ның жылуын пайдаланатын геотер­малды стансалар электр энергиясы­ның 19 % береді. 2003 жылдың көк­темінде жергілікті халықтың қарсылығына қарамастан Азиядағы ең ірі электр энергиясы көзі — Сан-Роке көп мақсатты су бөгені эксплуата­цияға берілді.

Ауыл шаруашылығы. Еңбекке жа­рамды Филиппин халқының 47 % ауыл шаруашылығында жұмыс жа­сайды. Барлық территорияның 19 % жер өңдеуге, ал

4 % мал шаруашылығына пайдаланылады. Ең басты дақыл — күріш. Оның өнімінің жоғары­лауы жоғары өнімді сұрыптардың дамуымен және (террасалық беткейлерді пайдаланып, ирригациялық құрылымдардың салынуы) егіс көлемінің ұлғаюы­на байланысты. Сонымен қатар, жүгері, батат (тәтті картоп), жер жаңғақ (арахис), кофе, какао және жемістер өсіріледі. Қант қамысы, кокос пальма­сы, темекі, тропикалық және цитрусты жемістер өсіріліп, экспортқа шығары­лады. Лусон, Самар және Лейте аралдарында кокос пальмасы, қант қамысы және абака (текстиьный банан) өсіріледі. Дүниежүзілік нарыққа шығатын кокос майының шамамен 85 % Филиппиннің үлесіне тиеді (Филиппин экспортының 10 %). Мал шаруашылығында 16 млн. сиыр, 2,8 млн. карабао өгізі (негізгі жүмыс күші); шошқа, ешкі және құстар бар. Барлық аралдарда балық аулау дамыған; теңіз өнімдері экспорттың 5 % құрады.

Орман шаруашылығы. Филиппин территориясының 46 % ормаңдар алып жатыр. Мәңгі жасыл ылғалды экваторлық ормандар басым. Қатты ағаштар жиҺаз жасауға және құрылыста қолданылады. Орман шаруашылығы өнімдері экспорттың көп бөлігін құрайтын басты саланың бірі. Қазіргі кезде рұқсат­сыз орман кесу — күрделі экологиялық мәселе болып отыр.

Пайдалы қазбалар және өнеркәсіп. Филиппин жер қойнауы никель, мы­рыш, хромит, сынап, алтын, күміс, мыс, кобальт және көмір сияқты пайдалы қазбаларға бай. Лусон аралында минералды ресурстардың негізгі қорлары және ірі өндірістік кәсіпорындар орналасқан. Өндеуші өнеркәсіп өнімдері экспортының күрт өсуі (химиялық, радиоэлектрондық) Филиппиндік кірістің басты көзі болуына себеп болды. Мұнда машина жасау, металл өңдеу, мұнай өңдеу, мұнай-химиялық, тамақ, тоқыма және тігін саласы дамыған.

Транспорты. Темір жолдың жалпы ұзындығы — 1282 шақырым. Автомагистральдары (161 000 шақырымнан көп) Азия бойынша ең дамыған автожолдар жүйесін құрайды. Жүктің көбі теңіз транспортымен 500-ден артық айлақтардан тасымалданады. Ірі айлақтардың оншақтысы мұхит кемелерін қабылдайды. Аралдар арасындағы қатынас 87 мемлекеттік әуежайлар (оның ішіндегі екеуі халықаралық — Манилада және Мактан аралында) арқылы жасалынады.

Саясаты. 1965 жылы Филиппиннің президенті болып Фердинанд Маркос сайланады. Ол қатыгездігімен, билікті ешкімге бермеу үшін жасаған жаман қылықтарымен және заңсыз тәсілдерімен жинаған байлығының арқасында ерекшеленеді. Маркос билігіне қарсылық 1985 жылы шегіне жетті: мыңдаған адамдар көшеге шеруге шықты, оларға католик шіркеуі қолдау көрсетті. Осы оқиғадан кейін Маркос елден безіп кетті. Оның орнына президент болып Корасон Акино, 1983 жылы өлтірілген оппозиция лидері Бениньо Акиноның жұбайы сайланды. Қазір елде басқарудың демократиялық формасы қалпына келтірілген.

Ежелгi террасалар. Лусонның солтүстігіндегі филиппиндік тау халқы ифугао мың жылдай террасалық жер өңдеумен айналасып келеді. Ифугао тау беткейлерін өңдеп, күріш өсіретін террасалық алаңдар дайындайды. Ежелгі террасалар туристердің қызығушылығын тудыруда. Бірақ қазіргі ғылыми жетістіктер күріш өсіруді де айналып кетпеді. Халықаралық зерттеу институт­тарының ғалымдары күрішті көп өнім беретін жаңа сұрыптарын жасап, күріш егетін және жинайтын машиналарды жетілдіруде.

Дін. Филиппинге католицизмді ең алғаш (өзінің 1521 жылы дүниежүзін айналған сапарында) Сабо аралына Магеллан алып келді. Көптеген филиппиндіктер испандықтардың басқыншылығы кезінде католицизмді қабылдады. Қазір католицизм Минданао аралынан басқасында кең тараған. Филиппин — Азиядағы жалғыз христиандық мемлекет. Мұнда католик шіркеуінің  билігі жоғары.

Аңшы-терімшілер. Алыс-алыс аралдарда аңшы­ терімшілердің тайпасы мекен етеді. Олар бір жерден екінші жерге көшіп жүріп, балық аулау, аңшылық, жабайы жеміс-жидектерді жинаумен айналысады. Бұл дүние жүзі бойынша алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүретін тайпалардың ең соңғылары. Бірақ олар­дың тіршілік етуіне қауіп төніп отыр: олар өмір сүріп жатқан ормандар аямай кесілуде.

Кокос. Кокос пальмасы жылы әрі ылғалды Фи­липпин климатында жақсы өседі. Ол 70 жылға дейін жеміс береді. Жаңғақтары 15-20 данадан шоғырла­нып өседі. Жинаушылар оларды ұзын бамбук құры­ғымен соғып жерге түсіреді. Филиппин — кокос және копраның, одан жасалған әр түрлі бұйымдарды дүниежүзілік нарыққа шығаратын Индонезиядан кейінгі екінші орындағы ел.

Қалдықсыз өндіріс. Кокос пальмасының әрбір бөлігі қалдықсыз іске аса­ды. Тамырынан бояу жане дәрілік препараттар алынады. Діңін ағаш ретінде құрылысқа пайдаланады. Жапырақтары мен үйдің төбесін жабады, жер төсеніштері мен сөмкелср тоқиды. Жаңғақтарын жейді, аспаздықта және парфюмерияда қолданады.