Біздің ту. 76-77-жаттығу

Тақырыбы : Біздің ту. 76-77-жаттығу

Мақсаты :

Білімділік :оқушылардың тасымал туралы  білімдерін пысықтау.

Мемлекеттік белгілердің бірі – ту туралы түсінік беру,онымен

Таныстыру.Өлеңді мәнерлеп ,түсініп оқуға үйрету.Оқушыларға

мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін,оны ерекше

құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіру.

Дамытушылық:ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын молайту.Дұрыс

тасымалдау дағдыларын ,жазу  мәдениетін қалыптастыру .

Тәрбиелігі : Отанды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі мен жабдығы :интерактивті тақта,электронды оқулық,Ту

суреті, Шәкен Ниязбековтың суреті,

тест сұрақтары .

Әдісі : сұрақ –жауап,түсіндіру,көрнекілік,ойын,логикалық ойлау.

Типі:   жаңа білім беру.

Пән аралық байланыс :математика пәнімен байланыстыру.

            Сабақтың барысы :

            1.Ұйымдастыру кезеңі :

            а )  Психологиялық дайындық.

2.Үй тапсырмасын тексеру .

   /  Интерактивті тақтадан Қазақстанның картасын көрсету /

            «Қазақстан картасы » өлеңін мәнерлеп оқу.  75-жаттығуды тексеру.

3.Үй тапсырмасын бекіту.Интерактивті тақтамен жұмыс.

Тест арқылы ( 5 сұрақ )

1.Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?

А)  жең-іл    Б)   же-ңіл     В)  жең-і-л

  1. Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап.

А) ке-зекші    Б)  кез-екші    В)  к-езекші

  1. Қазақстанның астанасы қай қала ?

А)  Алматы    Б)   Шымкент     В) Астана

  1. Қазақстан қай жылы Тәуелсіздік алды ?

А)  1991жылы 16 желтоқсан

Б)  1992жылы 16 желтоқсан

В)  1993жылы 16 желтоқсан

  1. Мемлекеттік рәміздерді ата.

А)  Ту , Елтаңба ,жер.

Б)  Ту , Елтаңба , Әнұран

В)  Ту , Астана , Әнұран

4.Жаңа сабақ.

Ойын:  « Сандарды өсу ретімен орналастыр »

 

2   3   5   7   8   9                     9   8

Б   і   з   д   і   ң                       т   у   

Интерактивті тақтадан тудың суретін , Тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтың суретін көрсетіп ,таныстыру , ту туралы түсінік беру.

 

Бүкіл дүниеге көк жүзі ,аспан әлемі ортақ.Аспанымыз ашық болсын деп туымыздың түсі көк.

 

-2-

 

Туда күннің болуы , күнде ортақ.Күн сәулесі бәріне нұрын шашады,сәулесін шашады. Оның  жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.

Қыран – қасиетті, киелі құс.Туда қыранның орын алуы егемендік алған Қазақстан қыран  сияқты биікте болсын деген ойдан болған.

 

 

 

 

Тудағы қазақтың ою-өрнегі –қазақ елінің белгісі.

Туды қадірлеп .құрметтеуіміз керек.Туды қай жерлерден көресіңдер ?

Оқушылар өз ойларын айтады.

 

 

 

Электронды оқулықпен жұмыс.

 

« Біздің ту » өлеңді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіру.

Сергіту сәті.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.

76-жаттығуды жазбаша орындау.

 

  1. Сабақты бекіту.

Тест арқылы ( 3 сұрақ )

 

  1. Тасымалданбайтын сөзді тап.

А)  орман         Б)   ту         В)  кітап

 

  1. Тасымалданатын сөзді тап.

А)  ана        Б)   біздің     В)  жер

 

3.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап.

А)   ма — қтаншақ

Б)   мақта — ншақ

В)   мақтан – шақ

 

  1. Үйге тапсырма.

« Біздің ту » өлеңді мәнерлеп оқу.77-жаттығу.